1.Мектеп оқушыларына қазақ тілінен саналы да сапалы білім беруде қайталау сабағынжүргізіпотырудың мәні мен маңызы ерекше. Өткен қазақ тілі материалдарын оқушылар ойына толық қалыптастыру мақсатында жүргізілетін жұмыс түрін қайталау сабағы деп атайды,қазақ тілі материалдарын қайталап отыру білім беру. процесінің басты бір бөлігі болып табылады.
2.Қайталау сабағын жүйелі жүргізу үшін оған мынадай талаптар қойылады: 1. Қайталау сабағының негізгі мақсаты анық болуы тиіс. 2. Қайталау сабағының түрі белгіленуі қажет. 3. Қайталау сабағы жоспар негізінде өтілуі жөн. 4. Қайталау өткенді.еске түсіріп қана қоймайды, оны терең үғынуға көмектесуі керек. 5. Қайталау түрлері бір-біріне байланысты түрде өткізілуі тиіс. 6. Қайталау оқушылардың белсенділіпн арттыруы қажет.
Қайталау сабағы да басқа сабақтар сияқты өзінің мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: Г) лексика бойынша өтілетін қайталау сабағы; 2) фонетика бойынша өтілетін қайталау сабағы; 3) морфология бойынша өтілетін қайталау сабағы; 4) орфография бойынша өтілетін қайталау сабағы; 5) орфоэпия бойынша өтілетін қайталау сабағы; 6) синтаксис бойынша өтілетін қайталау сабағы; 7) пунктуация бойынша өтілетін кайталау сабағы; 8) тіл ұстарту бойынша өтілетін қайталау сабағы.
Қазақ тілінен өтілетін қайталау сабақтарын тиімді жүргізу үшін мұғалім сан қилы жұмыс түрін ойластырып отырғаны абзал. Қайталау сабақтары мынадай жұмыс түрлері бойынша жүргізіледі. 1. Қарастырылып отырған, тілдік материалдардың өзіндік белгілерінің әркайсысына бір-бірден ауызша. мысалдар айтқызу. 2. Орфографиялық, орфоэпиялық және пунктуаңиялық сөздік пен анықтағыш кітаптан қайталанып отырған материалдарға мысалдар іздетіп таптыру. 3. Анықтамалар мен ережелерге лайықты мысалдар айтқызу, 4. Мәтіннен керекті тілдік объеіктілердің астын сызғызу. 5. Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті тілдік объектілерді қойғызу. 6. Керекті тілдік материалдарға байланысты оқушылардың өздеріне схемалар сызғызу. 7. Тілдік материалдарға лайықты кестелер жасату. 8. Оқулықта берілген жаттығуларға ұқсас мысалдарды ауызша және жазбаша талдату. 9. Оқыған көркем шығарма үзінділеріңен тілдік объектілерге лайықты сөйлемдер мен сөздерді тапқызу. 10. Қайталанып отырған тілдік объектілерді кірістіре отырып, сөйлемдер құрату. 11. Қайталау процесінде тілдік тапсырмалары бір шығарма жаздыру.
Қайталау сабағын тереңірек түсінуде, оңы топтастырудың мәні үлкен, бұл белгілі бір методикалык өлшемдерге негізделеді. Негіз етіп алынатын өлшемдер мыналар: 1. Қайталаудың мақсатына негізделеді. Қазақ тілінен алған білімі мен білігін оқушылар есінде толық қалыптастыру және оны күнделікті өмірде қолдана білу қайталау сабағының негізгі мақсаты болып табылады. 2. Қайталаудың мазмұны мен көлеміне негізделеді. Қай-талаудьщ мазмүны — лексикалық, фонетикалық, граматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық тақырыптардьщ ауыр-жеділдігіне байланысты болады.
3.Сөйтіп қайталау сабақтары жоғарыда айтылған методикалық өлшемдерге негізделе отырып, олар төмендегіше топтастырылады: I. Бастапқы қайталау сабағы. II. Күнделікті қайталау сабағы. III. Мерзімді қайталау сабағы. IV. Қорытынды қайталау сабағы.
Бастапқы қайталау — өткен бір жылдық (календарлық) тілдік материалдарды оқу жылы басында еске түсіру мақсатында жүргізіледі. Оқу жылы басындағы сабақты қайталау оқушылардың бұрын алған білімдерін есіне түсіріп, ұмытқандарын ойына қайта оралтады. Өткен материалдар тұтас қайталанбайды. Өтілгенніқ ішіндегі ең негізгісі, ең керектісі, практикалық мәні бар, оқушылардың меңгеруіне ауырлық келтірген тілдік материалдар қайталанады. Бастапқысы қайталау өз класына карай әр түрлі көлемде және әр түрлі тақырыптар аясында жүргізіледі.