- 1.Қазақ тілінен алған білімдерін есепке алып, анықтап отырудың басты түрі сынақ-сабақ негізінде іске асырылады Сынақ-сабақ—оқушылардың қазақ тілінен алған білімі мен дағдысын тексерудің тиімді әрі қолайлы түрі. Бүл сабақ, біріншіден, оқушылардьщ алған білімдерін тексеру мақсатында өткізілсе, екіншіден, өтілген тілдік материалдарды қайталау, жинақтау және,қорыту бағытында жүргізіледі. Сынақ-сабақта қазақ тілінен өтілген тілдік материалдарды бір жүйеге түсіру, негізгі мәселелер бойынша білімдерін анықтау және тілден алған біліктерін практикалық күнделікті өмірде қолдана білу мақсаты көзделеді. Окушылардың қазақ тілінен алған білімі мен дағдысын бір жүйеге түсіру үшін орындалатын жұмыс түрін сынақ,сабақ деп атайды. Мұндай са-бақта мектеп оқушыларының қазақ тілінен алған білім мен дағдысы ауызша да, жазбаша да тексеріледі. Сынақ-сабақ өзінін іске асырылу тәсіліне қарай екі түрге бөлінеді. 1. Оқушылардың білімі мен дағдысын ауызша тексеру. Мүнда оқушылар мүғалімнің қойған сүрақтарына жауап береді, тілдік материалдарға ауызша-халдау жасайды, карточкалардағы сұрақтарға ауызша жауап қайырады, ауызша жаттығулар шартын орындайды, көркем әдебиет үзінділерінен керекті объектілерді іздеп табады, ойдан мысалдар айтады. 2. Оқушылардьщ білімі мен дағдысын жазбаша тексеру. Сынақтың бұл түрінде окушылар картокаларда берілген сұрақтарға жауаш қайырады, жазбаша.жаттығулар шартын, дыбыс, әріп, сөз, сөйлемдер талдауды, түсіндірмелі жазулар орындайды, кешіріп жазу, диктант, мазмүндама және шығарма жумыстарын жазады.
- Сынақ-сабақ өзінің мазмүнына карай төмендегі түрлерге бөлінеді: 1) лексика бойынша өтілетін сынақ-сабағы; 2) фонетика бойьшша өтілетін сынақ-сабағы;: 3) морфология бойынша өтілетін сынақ сабағы; 4) орфография бойынша өтілетін сынақ-сабағы; 5) орфоэпия: бойынша өтілетін сынақ-сабағы; 6) синтаксис бойынша өтілетін сынақ-сабағы; 7) пунктуация бойынша өтілетін сынақ-сабағы; 8) тіл ұстарту бойынша өтілетін сынақ-сабағы. Сынақ-сабақты ұқыпты жүргізудің нәтижесінде-оқушылар берілген тілдік материалдарды саналы меңгереді, еңбекке деген жауапкершілігі артады, оқу мен еңбек тәртібі қатаң сақталады, оларда коллективті сезім орнығады. 2. Сынақ-сабақты өткізудің үш кезеңі бар: 1. Сынақ-сабақты өткізудің дайындық кезеңі. 2. Сынақ-сабақты өткізу кезеңі. 3. Сынақ-сабақты қорытындылау кезеңі.
- Сынақ-сабақты өткізудің дайындық кезеңінде күні бүрын істелетін жүмыстардың мазмұны, барысы белгіленеді. Қазақ тілінен өтілетін сынақ-сабақты жоспарлы, түрде іске асырған мақұл. Оқу жылы барысында календарьлық жоспар жасау процесінде қазақ тілі бағдарламасындағы материалдарды сарапқа салып, сынақ-сабақты тілдің қайсы салаларына, қайсы тақырыптарына байланысты әткізу керек екендігін анықтап алған жөн.
- Қазақ тілінен сынақ-сабақты тиімді еткізуде, оның ішкі органикалық; бірлігін білудің зор мәні бар. Ол бірлік сынақ-сабақтың ішкі құрылымын белгілейді. Ал бұл-құрылым белгілі бір элементтерден тұрады. Сынақ-сабақтың қүрылымдық элементтері төмендегі уақыт мөлшерімен өлшенеді: 1. Сынақ сабақтың мақсатын хабарлау — 1—2 минөт; 2. Тексеру тапсырмаларының берілуі — 2—3 минөт; 3. Тапсырмаларға жазбаша жауап қайыру — 20—22 минөт; 4. Жүмыстың тексерілуі, консультанттар пікірі (рецензиясы) — 8—10 минөт. 5. Ауызша қойылған сүрақтарға жауап беру—4—5 минөт;; 6. Сынақ сабағын жинақтап корытындылау — 2—3 ми нөт.