Тексеру сабағы

1.Тексеру сабағы оқушылар қазақ тілінен өткен тақырыптарын қаншалықты меңгергендігін байқатады. Ол оқушылардың дағдыларын тексеру үшін арнайы өткізіледі. Осы мақсатпен жүргізілетін тексеру сабағына мына сияқты методикалық талаптар қойылады: теориялық ілімнің қаншалықты меңгерілгендігін анықтау; алынған мәтіндердін, жетік, объект жағынан толық білуі; қойылатын сұрақтардың тақырыпқа тығыз байла-нысты болуы;жазбажүмыстарыныңмақсатыанық,болуы. Оқушылар білімін тексеру сабағы төмендегі жұмыс түрлері бойынша жүргізіледі: 1) оқушылар білімі ауызша сұрақтарға жауап беру арқылы тексеріледі; 2) жазба түрдегі сұрақтар арқылы тексеріледі; 3) тақтадағы сүрақтарға жауап беру бойынша тексеріледі; 4) қарточкадағы сүрақтарға жауап беру аркылы тексеріледі; 5) түрлі талдау жүмыстары арқылы тексеріледі; 6) билеттегі сүрақтарға жауап беру арқылы тексеріледі; 7) сынақ сабағы бойынша тексеріледі; 8) диктант жүргізу арқылы тексеріледі; 9) мазмұндама жазу арқылы тексеріледі; 10) шығарма жұмыстарын жазу арқылы тексеріледі.

2.Жоғарыдағы жұмыстар арқылы оқушылар білімін тексергенде арнайы таңдалған материалдың көлемін ескерген мақұл. Тексеру сабағының кұрылымдық элементтері мына сияқты уақыт мөлшерімен өлшенеді: 1. Өткенді еске түсіру — 1—2 минөт. 2. Диктантты жаздыру — 30—35 минут. 3. Керекті объектілердің астын .сызу — 2—3 минөт. 4. Диктантты жинап алу— 1—2 ми-нөт. 5. Диктант бойынша сұрақтарға жауап беру — 2—3 минөт.

Мұғалім тексеру сабағының құрылымдық элементтерін жүйелі өткізу үшін алдымен өткен такырыпты оқушылардан сұрап, еске түсіреді. Келесі жұмысқа дайындық жүргізеді. Бұдан кейін ол диктантты жаздыру жұмысына кіріседі.