ПРЕСС-КОНФЕРЕНЦИЯ САБАҒЫ

1.Мектеп оқушыларына қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беру процесінде пресс-конференция сабағын өткізіп отыру қажет. Оқущылардың іскерлігі мен танымдық белсенділігін арттыратын жұмыс түрін пресс-конференция сабағы деп атайды. . Пресс-конференция сабағы өзінің, негізгі мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: фонетика, лексика, морфология, орфография, орфоэпия, синтаксис, пунктуация және тіл ұстарту бойынша өтілетін цресс-конференция сабақтары. Сондай-ақ бұл сабақ көлеміне қарай екі трпқа бөлінеді: 1. Тілдік салалар бойынша өтілетін пресс-қрнференция сабағы. 2. Тілдік тақырыптар бойынша өті-летін пресс-конференция сабағы.

Қазақ тілінен өтілетін пресс-коференция сабағын жопарлы түрде іске асырған мақұл. Алдымен осы сабақты өткізудің дайындық мәселелерін шешіп алған жөн. Оқу жылы басында календарьлық жоспар жасаупроцесінде Казақ тілі бағдарламасындағы материалдарды сарапқа салып, пресс-конференция сабағын тілдің қайсы салаларьіна, қандай тақырыптарға байланысты өткізу керектігін анықтап алған дүрыс. Мүғалім пресс-конференция сабағының тақырыбын бір апта бұрын хабарлап, қазақ тілі кабинетіне «почта жәшігін» орналастырады.Бұл «цочта жәшігіне». оқушылар екі түрлі мәселелер төңірегінде сұрақтар жазып тастайды: бірінші — қаралып отырған тақырып жөнінде, екінші — өзін қызықтырған мәселелер жөнінде сұрайды. «Маман» оқушылар осы сүрақтарды және өзіне қатысты объектілерді үніле зерттеп, оқулық бойынша алған білім мен білігін көмекші құралдар.кітаптар жәңе мерзімді баспасөз материалдармен байытады. Сөйтіп «маман” оқушылар сабақ өтілетін күні өзіне койылатын түрлі сүрақтарға жауап беруге өзір тұрады.

2.Пресс-конферевция сабағы басталар кезде класс тақтасы алдына қатарымен стол-қойылып, оған «маман» оқушылар орналасады. Сонан кейін бұларға «тілші» окушылар өздерінің сұрақтарын бере бастайды. Осы өтіліп отырған сабақ процесіне байланысты сұрақтар күні бұрын беріліп, оларға «маман» оқушылар тарапынан жауаптар әзірленеді «Тілші» оқушылардың сүрақтары да, «маман» оқушылардың беретін жауаптары да шәкірттердін, дәптерлеріне жазылады.

Пресс-конференция сабағының әсерлі болуы ондағы қойылатьш сұрақтардъщ мәнділігі мен дәлдігіне, тікелей байланысты. Қойылатын сұрақтар мен берілетін жауаптардың мәнділігіне орай «тілші» оқушылар мен «маман» оқушылардан мыналар талап етіледі. «Тілші» оқушылардансұрақ қояр алдында фамилиясы мен атын атауы, койылатын сүрақтарды анық етіп қоюы, ол сұрақты бүкіл класс оқушылары жазып алуы талап етіледі. Ал «маман» оқушылардан қойылатын сүраққа ықшамды, жинақты түрде толық жауап беруі, олардық сүрақты тағы да толықтыра түсуі, жауаптардын, әдеби тілде берілуі, кітапқа кез жүгіртпеуі, біреудің сыбырын кайталап айтпауы, түсінігін, білгенін өз сезімен айтып беруі талап етіледі.

Осындай талаптарды ескере отырып өткен пресс-конференция сабағы қазақ тілі материалдарын жүйелі талдауға, олартың өзіндік ерекшелігін толық есте сақтай білуге, ой қорытындыларын дұрыс шығаруға, тапқырлыққа, коллектив болып жұмыс істеуге баулиды.