1.Қазақ тілінен өтілетін семинар-сабақ оқушылар білімін тереңдету мақсатында жүргізіледі. Білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мақсатында жүргізілетін жүмыс түрін семинар-сабақ деп атайды. Сабақты семинар түрінде жүргізгенде: 1) оқушылардың білігі молаяды; 2) оқығандарының ішінен қажетті объектінітандап алуға жаттығады; 3) қаралып отырған мәселеге жеке басының көзқарасын білдіреді; 4) өз пікірін емін- еркін баяндап айтып беруге дағдыланады; 5) талқыланып отырған мәселені дүрыс бағалап, дүрыс айту мен дүрыс жазуда жіберілген кемістіктерді ортаға салады. Сонымен бірге семинар сабағына қойылатын мынадай негізгі талаптарды жіті ескерген макұл; семинар-сабақ белгілі бір жоспар негізінде өткізілуі тиіс; семинар сабағының объектісіанықболуы қажет; талқыланатың сүрақтар неғүрлым дәл болуы абзал. Семинар-сабақ пікірталасын туғызатын, дәрежеде өтілуі тиіс;айтылған әдебиеттердің түгел оқылуы қажет.
2.Семинар-сабақ өзінің мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: 1) лексика бойынша өтілетін семинар сабағы; 2) фонетика бойынша өтілетін семинар сабағы3) морфология бойынша өтілетін семинар сабағы; 4) орфография, орфоэпия және пунктуация бойынша өтілетін семинар сабағы; 5) синтаксис бойынша өтілетін семинар сабағы; 6) тіл ұстарту бойынша өтілетін семинар сабағы. Сондай-ак семинар сабағын көлеміне қарай екі топқа бөліп қарауға болады: семинар-сабағында 4——6 класс оқушылары хабарлама жасайды, 7—8—9 класс оқушылары баяндама жасайды.
Семинар-сабақты сапалы өткізудің практикалық мәні үлкен. Ол өткізу мақсатына қарай мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: 1. Тапсырылған сүрақтарды талқылау сабағы. 2. Хабарлама немесе баяндамалар жасау сабағы. 3. Эқскурсия әсерлерін талқылау сабағы. 4. Мамандармен кездесу сабағы.
Хабарлама немесе баяндамалар жасау сабағы да семинардың күрделі түрлеріне жатады. Мұнда оқушыға белгілі бір тақырыптан арнайы хабарлама немесе баяндама жасау үшін тапсырма беріледі. Талқыланатын материалды оқушылар оқулықтан және қосымша әдебиетерден оқып, сұрақтар дайындайды. Осы тақырып бойынша жарыссөзге шығуға барынша дайындалады. Хабарлама немесе баяндамалар жасау сабағы, көбінесе, бұрын өтілетін тақырыптар бойынша жүргізіледі. Бұл семинар сабағын осылай өткізудің тиімді жағы мынада: біріншіден, окушылардың ізденіп оқу мүмкіндігіне жол ашылады, екіншіден, семинардың мүқият өткізілуіне жағдай жасалады, үшіншіден, мүғалім де, оқушы да өз уакытын үнемдей алады. Сонымен бірге жалпы мазмұны жіті таныс тақырыптарды жаңа сабақ түрімен емес, семинар сабақ түрлерімен түсіндіруге болады. Мазмұны таныс тақырыптарды түсіндіріп жатудың қажеті жоқ, оны өздігінен іздбну мақсатында оқушылар ырқына калдырған мақұл. Хабарлама және баяндама жасаушыларға арнайы оппоненттер тағайындалады. Олар хабарлама немесе баяндаманың бастыбасты жетістіктері мен кемістіктеріне арнайы тоқталып, жан-жақты талдау жасайды. Пікір айтуға басқа да оқушылар белсенді түрде қатысады.
Экскурсия әсерін талқылау сабағы да оқушылардың пікірлеу қабілетін дамытуда үлкен қызмет атқарады. Мектеп оқушылары өндіріс орындарына, музейлерге, табиғаты көркем жерлерге экскурсия жасайды. Осы экскурсиядан алған әсерлерін, аңғарған, байқаған, жинаған деректерін семинар-сабақ талқысына салып, экскурсия бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.
Мамандармен кездесу сабағы да оқушылардың кәсігі , талдау ынтасын арттыруда пайдасын тигізеді. Оқушылар еңбек озаттарымен, ардагерлермен, ғалымдармен, жазушылармен және өнер қызметкерлерімен кездеседі. Қейде оларды ееминар сабағына шақырып, әңгімелерін тыңдайды.Бұдан кейін оқушылар өз ойларын ортаға , салып, талқыдан өткізеді.