Практикалық дағдыны қалыптастыру сабақтары

1.Бекіту сабағы оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімін пысықтауда үлкен қызмет атқарады. Бұл сабақ мектеп оқушыларыньң қазақ тілінен күнделікті алған білімдерін нығайтып отыру мақсатыңда жүргізіледі. Білім мен дағдыларды нығайту психологиялық объектілерге тікелей байланысты.;

Білім мен дағдылар нәтижелі жұмыстың, көп қайталаудың, мол жаттығудың негізінде толық меңгеріледі. Білім мен дағдылар осы толық меңгерту бойынша іске асырылады.

Бекіту сабағы лексиканың, фонетиканы, грамматиканы, орфографияны, орфоэпияны, пунктуацияны және тіл ұстартуды үйретуге байланысты жүргізіледі. Бұл сабақ теориялық білімді бекіту мен оларды қандай объектілер негізінде жаттықтыру сияқты мәселелерді қамиды. Бекіту сабағы мына сияқты жұмыс түрлері бойынша жүзеге асырылады: 1) мұғалімнің дайындаған карточкалары бойынша, 2) мұғалімнің арнайы жинап жүрген мысалдары негізінде; 3) окулық пен оқу құралдары негізінде; 4) картина және сурет негізінде; 5) схемалар кен кестелер бойынша; 6) оқушылардың ауызша күрастырған сөйлемдері бойынша; 7) орфографиялық, орфоэпиялык сөздіктер мен пунктуациялық анықтағыш бойынша; 8) арнайы дайындалған мәтіндер арқылы. Сөйтіп бекіту сабағында оқуіиылар қазақ тіліней алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана білуі және оны жазбаша мақсатта жүргізілетін еңбектерінде іскеасыруын ңегізгі мақсат етіліп қойылады. Теориядан алғаң білімін диктант, мазмұндама, шығарма және іс қағаздарының үлгілерін жазумен ұштастырады.

2.Бекіту сабағыныңқүрылымдықэлементтерімынасияқты уақыт мөлшерімен өлшенеді: 1. Үй тапсырмасын тексеру —5—7 минөт. 2. Өткен материалға сай талдау жұмысын жүргізу— 10—13 минөт. 3. Жаттығу жұмыстарының түрлерін іске асыру — 20—22 минөт. 4. Үй еңбегін тапсыру — 2—3 минөт. Ал бекіту сабағыньщ құрылымдық элементтері мынадай методикалық жүйе бойынша іске асырылады. Бекіту сабағын жүргізу үшін алдымен «Шылаулардың емлесі» тақырыбынабайлаяысты үй тапсырмасы тексеріледі. Мұғалім әрбіроқушының жазған жұмысын қарап, олардың дұрыс бұрын;тығын көшіріп шығады.Бұдан кейін2—3 оқушының үй жүмысы дауыстай оқылып, сол жерде талданады. Осыдан соң мүғалім өткен материалдарға сай талдау жұмыстарын жүргізеді..