1.Мектеп оқушыларына қазақ тілінен теориялық білім мен тәжірибелік дағды беру процесінде лекция-сабақ түрін өткізіп отырудың пайдасы мол. Лекция-сабақ теориялық білім меңгерту сабақтарының тобына кіреді. Лекция — гректің — оқу деген сөзінен алынған термин сөз. Бұл — оқытудың бір түрі. Лекция мүғалімнің белгілі бір тақырыпты ауызша мазмұндап түсіндіруі, оқушы алдында баяндама жасауы, арнайы тақырыпқа хабарлама беруі дегенді білдіреді. Сондықтан тілдік теориялық материалдарды ауызша мазмұндап жеткізу мақсатын көздейтін жұмыс түрін лекция-сабақ деп атайды.
2.Окушыларға лекция-сабақ түрімен білім бергенде, олардың мынадай дағдылары дамып қалыптасады: 1) ауызша мазмұндап түсіндіруде оқушылардың сөздік қоры молаяды; 2) оқушылардың тілі ширайды, сөйлегенде өрнекті сөз: түрақты сөз тіркестерін табады; 3) сөз, сөй-лем оралымдарын іздеп, оларды орынды жерінде колдана білуге дағдыланады; 4) әдеби тілде дүрыс сөйлей білуге машықтанады; 5) оқыған мәтінін мазмұндап айтып беруге жаттығады; 6) жоспарлы түрде өз пікірін түсіндіріп, баяндап жеткізуге төселеді; 7) жарыс сөз сайысын дұрыс ү-ұйымдастыра алады; 8) мазмұндама, шығарма жұмыстарын дұрыс жазуға дағдыланады. Лекция-сабақ түріне қойылатын мынадай талаптарды ескеріп отырған мақүл. Әрбір класқа арналған қазақ тілі бағдарламасынан лекция-сабақ тақырыптары дұрыс іріктеліп алынуы қажет, тілдік фактілердің өзіндік белгілері мен жасалу жолдары, анықтамалары мен ережелері оқушылардың жас, ойлау дәрежелері мен ерекшеліктеріне сай болуы тиіс, тілдік материалдарды түсіндіруде, баяндауда логикалық бірізділік жүйесі сақталуы қажет. Бірізділік мектеп оқушыларының ойлау кабілетінің дұрыс өсіп, олардың меңгеретін білімдерінің дәл де айқын, тұрақты да берік болуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мүғалімнің түсіндіруі, баяндауы эмоциялы болуға тиіс. Баяндау оқушылардың ақыл-ойын дамытып, ішкі психологиялық сезімін өрістетеді. Тілдік мате-риалдардың мазмұнын түсіндіріп-баяндауда мүғалімнің тілі, дикциясы анық, пікірі айқын, әдеби тілмен сөйлеуі және ұқыпты тыңдауға оқушылардың назарын аударуы талап етіледі.
Мүғалім лекция-сабақ түрін сапалы өткізу үшін, оған ерекше дайындық керек. Мектеп мүғалімінің лекция-сабаққа дайындығы мынадай мәселелерді қамтуы қажет: мүғалім тілдік тақырыптардың мақсатын анықтап алады, тақырыпқа тиісті көрнекі қүралдарды дайындайды, оқулықтағы тілдік материалдардың көлемін анықтайды, тақырыпқа тиісті негізгі және қосымша әдебиеттерді сұрыптайды, тақырыпқа жанасатын проблемаларды іріктейді, тақырыпты конспекті жасайды