Қазақ тілінен білім беру әдісінің анықтамасы және оның мәні мен қызметі

1.Мектеп оқушыларына қазақ тілінен теориялық білімі мен практикалық дағды беруде білім беру әдістері жи қолданылады. Сондықтан білім беру әдістері теориялық методиканың негізгі мәселелері болып саналады. Әдіс (метод) грек тілінен енген сөз. Оньщ бастапкы үғым «зерттеу» деген мағынаны аңғартқан. Бертін келе алғашқы мағынасын кеңейтіп, «белгілі бір пәнді оқытуды әдісі дегенді білдіреді. Сөйтіп әдіс қазак тілінен теориялық білім берудің тәсілдерін, соған байланысты практикалық дағды мен тәлім-тәрбие берудің амалдарын са

ралайды, соны практика жүзінде іске асырудың тәсілі мен жолдарының дәл жүйесін көрсетеді. 2.Оқушылардың қазақ тілінен алған білімі мен білігін және практикалық дағдысын қалыптастыру жолындағы мұғалімнің жүргізетін жұмыс жүйесі оқыту әдістерінің қүрылымына тікелей байланысты. Сонымен бірге мүғалім басшылығы мен орындалатын оқушы жұмысының түрақты сатысы оқыту әдістерінің мазмүнына қатысты. Білім беру әдістері қазақ тілінің теориялық материалдарын психикалық функциялар негізінде меңгертіп, оны оқушылар ойында қалыптастыруды және практикада шебер қолдана білуді үйрететін тәсілдер құрамы болып табылады.Білім беру әдістеріне педагогика теориясында төмендегідей анықтама берілген: «…Білім беру әдістері окушылардың білім мен білігін, олардың практикалық дағдысын қалыптастыру жолындағы мүғалімнің жүргізетін жүмыстарының тәсілі және оқушылар жүргізетін жұмыстың мұғалімнің басшылығымен орындалатын тәсілі» ‘.

Әдістің теориялық мақсаты білім берудің мақсатына негізделеді де, әр түрлі жұмыс жүйесі арқылы жүзеге асады. Осы процесте мынадай ойлау дағдылары қалыптасады: тілдік материалдарды талдау; талданған объектілерді түсіндіру; объектілерді дәлелдеу; объектінін. өзіндік белгілерін санап керсету; тақырыпты оқыту; оқыту үстінде қатесін түзету; тақырыптың анықтамасы мен ережесін айту; бірнеше мысалдарды оқушылардың өздеріне таптырып талдату. Білім мен дағдының өзара кірігуі арқылы білім беру әдісінің құрылымын білуге жол ашылады, мүғалім мен оқушының қарым-қатынасы күшейіп, мүғалімнің білім беру шеберліктері төселеді, теориялық және практикалық әдістері саралап қолдануға жаттығады. Осының нәтижесінде қазақ тілін оқыту әдістері жүйеленіп, білім берудің сапасы артады.