1.Қазақ тілі материалдарын меңгертуде кинестетикалық түйсіктердің атқаратын қызметі орасан. Сөйлеу процесінде дыбыстау мүшелерінің кинестетикалық түйсігі артады. Бүл түйсік нәтижесінде дыбыстау мүшелерінің бұлшық еттері әрекетке келіп, қозғалысқа түседі. Дыбыстау мүшелерінің қозғалысқа түсуін кинестетикалык түйсік деп атайды. Тілдіңжоғары,төмен, алға, артқа жүйткуі, екі еріннің біріне-бірі бірігіп қосылып, не екі еріннің дөңгеленіп барып сүйірленуі, иектің жоғары, төмеп түсіп дыбыс шығаруы кинестетикалық түйсіктердің актив және пассив әрекеті нәтижесінде болады. Тіл дыбыстарының тыныс, тамақ және қуыс мүшелер арқылы жасалуында кинестетикалық түйсіктердің қызметі үлгі. Көру және есту бейнесі жазу процесінде сөйлеу мү-шелерінің кинестетикалық түйсігін атқарады. Сөйлеу мүшелерінің бірыңғай кимылы арқылы кинестетикалық импульстер (күштер, қимылдар) сөздің есту және көру қабілетін күшейтеді. Дыбыстардын, естілу және айтылу, әріптердің жазылу және көріну ерекшеліктері кинесте-тикалық түйсіктер арқылы сезіледі.
Тілдің дыбыстық жағын меңгеру дегеніміз — ауызша дүрыс сөйлей білуі, яки әр сөзді. әр буынды,әр дыбысты дұрыс айту, әр сөзді дұрыс жазу деген сөз. Ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеуде дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметінің зор екені сезіледі. Әр сөздің өзіне тән мағынасын айыру арқылы оқушылар тіл дыбыстарының жай дыбыс емес, оның мағына ажыратушылық ықпалын да меңгере алады. Оқушылар дыбыстарды айту, есту және әріптерді көру, жазу түйсіктері негізінде меңгереді. Ал көру түйсігі түрлі жұмыс түрлері негізінде іске асырылады. Дыбыс, сөз және сөйлем тәртібі белгілі бір жазу ережелеріне бағынып, өзара бірімен-бірі байланыста болады: ол, аға, барды дегенде, бүлар бірнеше дыбыстан құралған жеке сөздер. Осы сөздерді белгілі бір формамен байланыстырып айтса, сөздің мәні айкындалып, аяқталған тиянақты ойды білдіретін сөйлем пайда болады. Ол ағасына барды.
Тіл арқылы қарым-қатынас жасау процесі қабылдау және ұғыну тәрізді психикалық күбылыстармен тікелей байланысты. Дыбысты сезді қабылдау және оны үғыну біріне-бірі өзара қатысты, яғни дыбысты, сөзді қабылдамай түрып, оны ұғыну мүмкін емес. Назарға алынған тіркесті қабылдаудың езі де оны үғынумен, түсінумен үштасып отырады. Ал көру түйсігінің артуын мынадан байқауға болады. Берілген сөйлемдерді, мәтіндерді дауыстап оқу, іштей оку, көріп-жазу. оқылған немесе естілген мәтін бойынша мазмұндама, шағын шығарма жазу, жоспар мен конспект жасау сияқты еңбек процестері қазақ тілі бойынша алған білімнін, нәтижесі болып табылады. Сондықтан негізгі жүмыс жазу арқылы орындалатындықтан, оқушылардыңкөрудағдысынарттырады. Дағдының ойдағыдай қалыптасуы игерілген материалдардың, нәтижесімен өлшенеді. Берілген жаттығудың шартын тез, сапалы орындау, түрлі жаттығу жұмыстарында қателер жібермеу — қазақ тілі дағдысының ойдағыдай қалыптасу өлшемдері.
2.Мектеп оқушыларына қазақ тілінен білім беруде, тілдік материалдарды медгертудің сатылы басқыштарын зор қызмет атқарады: 1) меңгертудің аналитикалық басқышы. Әр сөйлемде немесе мәтінде қанша дыбыс, қанша әріп бар екендігін жете меңгерту үшін әуелі жеке сөздерді буынға бөлдіретін сөйлемдер. Алдымен оқушыларға құрмалас сөйлем туралы жалпы түсініктен білім беріледі де, салалас құрмалас сөйлемнің түрлері төмендегі тәртіппен оқытыладын салалас құрмалас сөйлем туралы жалпы түсінік, салалас құрмалас сөйлемнін, түрлері — ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі, себеп-салдар, талғаулы және кезектес салалас сөйлемдер, салалас құрмалас сөйлемнін, көп құрамды түрлері, салалас құрмаластын, тыныс белгілері. Сондай-ақ оқушыларға сабақтас қүрмалас сөйлемнің түрлерінен төмендегі тәртіпте білім беріледі: сабақ-тас құрмалас сөйлем туралы түсінік, сабақтас күрмалас сөйлемнің түрлері — шартты бағыныңқы, қарсылықты бағыныңқы, себеп-салдар бағыныңқы, мезгіл бағыныңқы, қимылсын бағыныңқы және мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдер. Сабақтастардың тыныс белгілері, жарыспалы көп бағыныңқы сабақтас, сатылы көп бағыныңқы сабақтас, көп басыңқы сабақтас құрмалас сөйлемдер, аралас құрмалас сәйлемдер, аралас құрмаластың тыныс белгілері, тақырыптары.
Сонымен бірге оқушыларға төл сөз бен төлеу сөзден темендегі тәртіпте білім беріледі: төл сөз бен төлеу сөз жайында жалпы түсінік, төл сөз бен автор сөзі, төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі, төл сездің тыныс белгілері, төл сөзді төлеу сөзге айландыру жолдары оқытылады. Мектеп оқушыларына тіл ұстарту . материалдары тілдік салалардан кейін беріледі. Тіл ұстарту материал-дары мына тәртіппен оқытылады: тіл үстарту — стилистиканың бір тармағы, тіл ұстарту түрлері, тіл туралы мәлімет, тілдің мәні мен қызметі, тіл — тарихи құбылыс, қазақ тілі — ұлт тілі, қазақ тілі — мемлекеттік тіл, қазақ тілінің дамуы, қазақ әдеби тілінің стильдері туралы мәлімет, қазақ әдеби тілі — қуатты құрал