1.Әрбір тілдік материалдар методикалық жүйе теориясы бойынша орналасады. Ал жүйе дегеніміз не? Әр клас тың шамашарқына қарай сүрыптап алынған тілдік ма териалдардың өзіндік белгілерін оқыту тәртібін жүй деп атайды. Қазақ тілі бағдарламасындағы тілдік материалдар белгілі тәртіп бойынша орналасқан. Алдымен орта мектепте фонетика оқытылады. Мектеп жасын, дейінгі сәбилердің сөз үйренуі дыбыстарды айтудан басталады. Жас сәби айналадағы құбылыстарды дыбыста арқылы көрсетеді. Дыбыстардың мағына ажыратушылығы және түлғалық ерекшеліктерін аңғармай тұрып жек. сездерді түсіну қиынға соғады. Осы фонетикалық мате риалдардан кейін тілдің лексика саласы өтіледі. Лексика сөздің түрлі мағыналық ерекшеліктерін қарастырады Дыбысты және сөзді білген окушы әр сөзге косылатын қосымшалардың ерекшелігін білуге талпынады. Содан кейін морфология саласы етіледі. Алдымен сөз қүрамдары тақырыптары, сонан соң сөз таптары материалдары оқытылады. Осы сөзді және олардың қосымшаларын білген оқушыларға сөз бен сөздің байланысын, сөйлеммен сөйлемнің үйлесуін білдіру қиынға сокпайды. Сондықтан да синтаксис тақырыптарының оқытылуы осы орында беріледі.
Сондай-ақ бір тілдік саланың ішкі өтілу тәртібі де білім беруде үлкен қызмет атқарады. Фонетика материалдарының ішінен оқушыларға алғаш рет алфавиттер хабар беріледі. Алфавитті өтуден бүрын оқушылар бастауыш мектепте еткенін қайталайды. Алфавитті бәрінен бүрын өтудің негізгі себебі мынада: 1) оқушылар бастауыш мектепте еткенін еске түсіреді; 2) бастауыш мектепте берілген білім кеңейтіледі; 3) бұдан кейінгі тақырыптар дыбыс пен әріптің заңдылықтары болғандықтан оны жете меңгертуде септігін тигізеді;4) алфавиттегі
әріптердің дыбыстық жағын еске түсіреді; 5) сөздікпен жүргізілген жұмыстар бұдан кейінгі еңбекті жеңілдетеді; 6) дыбыс пен әріп туралы алғашқы білімдері жинақталады; 7) айту мен жазу арасындағы айырмашылықты жинақталады. 8) есту қабілеті калыптасады; 9) жаттығулар арқылы қабілеті кеңейеді.
2.Сөйтіп алфавитті өту арқылы дыбыс жүйесінжете мецгеруге баспалдақ жасалады. Алфавиттен кейін өтілетін тақырыптын, бірі — тіл дыбыстары. Мұнда сөздің сөйлемге бірігуі, сөздін, буын жігі, буыннын. дыбыстық жағы, фонетиканың мағынасы мен зерттейтін объектісі саз етіледі, әріп пен дыбыстьң ара қатынасы салыстырылады. Дыбыс жасаудағы сөйлеу мүшелерінін. қызметі ай-тылады. Алфавиттегі әріптердін, айтылуы мен жазылуын меңгерген оқушыға бұл әдіс мүлде қиындық келтірмейді. Тіл дыбыстары туралы түсініктен кейін буынның ең, кішкене бөлшегі — дыбыс сөз болады. Бүл тақырыпты өтпей, тілдің дыбыстық жүйесіндегі дыбыс заңдарын білу қиынға соғады. Дыбысты үйрете отырып, оны белгілсу үшін қабылданғаншарттытаңба — әріп салыстырылады. Дыбысты айтуда әріпті жазып көрсету үлкен рөл атқарады. Дыбыстау мүшелері, дыбыс пен әріп жөнінде түсінік алған оқушыға дауыстылар мен дауыссыз дыбыстарды меңгерту қиындық келтірмейді. Дыбыстау мүшелерінің қызметі дыбыстын, өзіндік белгілерін, яғни дауыстылар мен дауыссыздардын, ерекшеліктерін жете ажыратуға септігін тигізеді. Дауыстылар мен дауыссыздардың өзіндік белгілері, жіктелуі өтілген соң, дауыстылардын, түрлері оқытылады.
Дауысты дыбыстардьщ ішінде алдымен еріннін, қатысына қарай белінуі өтіледі. Езулік дауыстылар еріндік дауысты дыбыстармен салыстырыла түсіндіріледі. Бұдан кейін дауыстылардың иектің қызметіне қарай бөлінуі келеді. Еріндік және езулікті жете игерген оқу-шыға, ашық, қысаң, дауыстыларды саналы меңгертуге болады. Иектің темен түсуі немесе жоғары көтерілуі, ауыздың кен, және тар ашылуы ашық пен қысақ дауыстыньң жасалуына байланысты. Ауыздың, иектін, әрекетімен бірге ерін мен езу де қозғалыста болады. Бүған іле-шала дауыстылардьщ тілдік қалпына қарай белінуі, одан кейін тіл дауыстылары бірінен кейін бірі өтілуге тиіс.
Дауысты дыбыстардын, емлесі дыбыс жүйесінің материалдарына байланысты оқытылады. Мұнда теориялық білімді орфографиямен жанастыру принципі көзделеді. Бұл жүйенің, біріншіден, дауыстылардың түрлерін жете меңгерту үшін, екіншіден, сол түрлеріне байланысты берілетін емлелік білімді терең үғындыру үшін, үшіншіден, әріптерді бір-бірімен салыстыра, салғастыра та-ныту үшін, төртшшіден, берілетін білімді талдап-жинактап жасау үшін, бесіншіден, берілетін білімнің жігін , үзбей, яғни жүйелілікті сақтау үшін, алтыншыдан, монофтонг дыбыс пен дифтонг дыбыстарды, олардың көрінісін дәл таныту үшін пайдасы бар. Сонымен бірінші кезекте еріндік дауысты дыбыстардың емлесі оқытылады. 0, е, У» Ұ» Ү әріптерін еріндік дауысты дыбыстардан кейін өткен мақүл. Бүдан кейін езулік дауысты дыбыс әріптерінің емлесі етіледі. Алдыңғы тақырьшты жетік үлгірген оқушылар езулік дауысты дыбыс әріптерінің емлесін ойдағыдай меңгеріп кетеді. Езулік дауысты дыбыстар туралы теориялық білім а, ә, е, э, ы, і әріптерінің емле-сімен байланыстырылады. Оқушылар көздерімен көріп, қолдарымен жазады. Сөйтіп көру түйсігі мен сезім түйсігі ұштасады. Осыдан соң и, е, ю, я әріптерінің емлесі оқытылады. Бүл әріптер қос дыбыстың таңбасын білдіруіне қарай жіктеледі және олар былайша орналастырылады: и, е> ю, я.
Дауыстылар мен олардың емлесінен кейін дауыссыз дыбыстар мен олардың емлесі оқытылады. Дауыссыз дыбыстардан бірінші кезекте үнді дауыссыз дыбыстар өтіледі. Унді дауыссыздарды бұлай өтудің мынадай себептері бар: 1) үнді дауыссыздар үяң мен қатаңға қарағанда дауыстыларға бір табан жуық; 2) үнді мен дауыстыларды салыстыра талдау үшін ете қажет; 3) қатаңнан үяңның, үяңнан үндінің үні басым; 4) үнді мен дауыстыларды салыстыру арқылы дауыстылар қайтала-нады; 5) үнділерді жете меңгерту үшін оның өзіндік белгілері ескеріледі. Бұдан кейін үнді дауыссыздардың емлесі теориялық білімге жанастырылады. М, н, ң, у, л, р, й әріптерінің орналасу тәртібі оқушылардың көру кабілеті мен есту қабілетіне орай беріледі. Ұяң дауыссыздар үнділерден кейін өтіледі. Ұяңда үндіге қарағанда үн, дауыс солғындау. Сондықтан осы тәртіпте етілуі орынды. Теориялық білімнен кейін үяң дауыссыздардың емлесі өтіледі. Олардың орналасу тәртібі мынадай болады: б, в, д, з, ж, г, ғ, һ. Үяң дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі түгел оқытылады.Бұның емлелік сауаттылықты арттыру үшін және қатесіз жазуға дағдыландыру үшін септігі мол.
Қатаң дауыссыздар ұяңнан кейін оқытылады. Қатаңды ұяңға қарама-қарсы қойып, салыстыру мағынасында өтілгені мақүл. Қатаң дауыссыздар былайша тізбектеледі: п, ф, т, с, ц, ч, ш, щ, к, қ, х. Қатаң дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі де теориялық мәліметтен соң өтіледі. Бүлай еткенде: 1) теориялық білім мен емлелік білім қабысады; 2) катаң дауыссыздардың емлесінен хабар беру оқушылар біліміне, мүғалімнің уақытына, сағат санына нүсқан келтірмейді;- 3) қатаң дауыссыз-дардың емлесіне байланысты қателер кетпейтін болады; 4) орфографиялық сауаттылығы артады. Бұл такырыптан соң ь— айыру белгісі мен ь — жіңішкелік белпсінің емлелері өтіледі. Дауыссыз дыбыстардан соң дауыссыз әріптер тіркесінің емлелері окытылады. Алдымен олар мына тәртіп бойынша орналастырылады: мб, мп, нг, нд, нк, фт, ск, кс, кт, рк тіркесінің емлелері бірінші кезекте, сонан соң мм, лл, тт, сс, сть, зд тіркесшің емлелері оқытылады. Әріптер тіркесі әркелкі әріптер мен біркелкі әріптер тізбегі негізінде орналастырылады. Осыдан кейінгі өтілетін күрделі тақырыптардың бірі — буын. Буын туралы мәлімет және оның түрлері оқытылады. Тасымал — буынға тығыз байланысты. Сондықтан оның буыннан соң етілуі заңды. Сөз бөлшектерінің тасымалдануы буынның түрлеріне тікелей қатысы бар. Қазақ тіліндегі сөздердің екпіні әрқашан сездің соңында. соңғы буында болады. Екпіннің, негізінен, буынға түсуіне, буьшда болуына байланысты буын мен тасымалдан кейін өтілгені мақұл. Екпін көптік жалғауында тұрсын немесе басқа қосымшаларда болсын соңғы буында болады. Сондықтан екпін буын мен тасымалдан кейін оқытылады.
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды, олардың емлесін және буын мен тасымалды, екпінді өтіп болған соң, осыларға жанастыра үндестік заңы өтіледі. Үндестік заңы мынадай мәселелерді қамтиды: 1) кейбір орфографиялық мәселелер; 2) орфоэпиялық мәселелер; 3) буынға және 4) екпінге қатысты мәселелер. Сондықтан үндестік занының дыбыс жуйесі материалдарының ақырында оқытылуы орынды. Үндестік заңы туралы түсініктен кейін буын үндестігі өтіледі, өйткені буын үндестігі — дауыстыларға байланысты үндесу. Дауыссыз дыбыстарға байланысты үндесу — дыбыс үндестігі болып табылады. Дауысты дыбыстардан кейін дауыссыз дыбыстар өтілетін болғандықтан, дыбыс үндестігінің де осы жүйемен өтілуі мақүл. Дыбыс үндестігінің ілгерінді ықпалы бұрын, кейінді ықпалы кейін өтіледі. Түбір мен қосымшаның аралығындағы ілгерінді ықпалдың орны морфоло-гиялық жүйе бойынша белгіленеді. Сөз бен жеке сөздер құрамы түбір сөз және қосымшалы сөз болып бөлінеді. Бұдан сон, сөздердін, бірігуі және сөздердін, тізбектеліп. тіркесуі ескеріледі.
Сондай-ақ ілгерінді ықпалды өтуде, алдымен сөз, оның қосымшасы біріккен сез және сөз тіркестері жүйесі ескеріледі. Түбір сөздегі соңғы дыбыстың қосымшадағы басқа дыбысқа, біріккен сөздің алғашқы сыңарының соңғы дыбысы кейінгі сыңардың басқы дыбысына, қатар келген бірнеше сөздің алғашқысының соңғысына әсер етуі сөз етіледі. Ілгерінді ықпалды жете меңгерген оқушыға кейінді ықпал заңдылықтары оншалық қиындық келтірмейді. Кейінді ықпалдың түбір мен қосымша аралығындағы, біріккен сөз сыңарларының аралығындағы, сөз тіркестері аралығындағы үндесуі оқытылады. Дыбыстардың, бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесуінің орфоэпия мен орфографияға тікелей қатысты екені бұрыннан белгілі. Мектепте бұл мәселені оқытып-үйрету тек дыбыс жүйесі тақырыптарын етумен шектеліп, сонымен бітіп қалмауы керек. Дыбыстардың ықпал ету, үндесу заңдылығын морфология белімінде әр түрлі жалғауларды (көп-тік, тәуелдік, септік, жіктік) оқытуда қайталап, еске түсіріп отыру қажет. Сонда оларды оқушылар жадында сақтайтын болады, мүның өзі олардың орфоэпия мен орфографияның ара қатысын жете білуіне көмектеседі.
Қазақ тіліндегі қосымшалардың орналасу реті мен оқытылу тәртібін белгілеу үшін алдымен қосымшалардың сөзге жалғану тәртібіне негізделеді. Алдымен көптік жалғауы, бұдан кейін тәуелдік жалғауы, одан сон, септік жалғауы, ақырында жіктік жалғауы өтіледі. Сондай-ақ біріккен сөздерден, қос сөздер мен қысқарған сөздерден кейін зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің, есімдіктің, етістіктің, үстеудің және еліктеу сөздердің қосымшалары оқытылады. Қазақ тілі лексикасынан алдымен сөз және онын, мағынасы оқытылады. Сөздің тура мағынасы мен ауыспалы мағынасы және негізгі мағынасы мен туынды мағынасынан білім беріледі. Бұдан кейін көп мағыналы сөздер туралы айтылады. Мағыналық ерекшеліктеріне қарай синоним, омоним, антоним сөздер, жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, басқа тілдерден енген сөздер, соның ішінде араб, иран, орыс тілдерінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздер оқытылады. Қазақ тілі лексикасының. стильдік топтарының ішінен кәсіби сездер мен диалект сөздер, көнерген сөздер мен неологизмдер, тұрақты сөз тіркестерінен еркін сөз тіркесі, одан кейін тұрақты сөзтіркестері, бұлардан соң мақал мен мәтелдер үйретіледі. Сөздіктер туралы мағлұмат бергенде, орфографиялық сөздік, бұдан кейін түсіндірме сөздік, одан соң аударма» сөздіктерден хабар беріледі.
Морфологиялық тақырыптардың ішінде алдымен сөздердің жасалу материалдары оқытылады. Сөз құрамы тақырыптары төмендегі тәртіппен жеткізіледі: түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз және қысқарған сөз. Осы тақырыптардан кейін қосымша материалы екі түрде ажыратылып, жүрнақ пен жалғаулардан білім мен дағды беріледі. Тіліміздегі сөз бен сөзді байланыстыратын төрт түрді жалғау мынадай тәртіппен оқытылады: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау және жіктік жалғау. Сондай-ақ тіліміздегі тоғыз сөз таптары төмендегі тәртіппен үйретіледі; зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеу сездер, шылау сөздер мен одағайлар.
Мектепте зат есім тақырыптары темендегі тәртіппен оқытылады: зат есім туралы түсінік, жалпы есім мен жалқы есім, негізгі және туынды зат есімдер, зат есімнің рең мәнін тудыратын жүрнақтары, туынды зат есім жасайтын жұрнақтар, зат есімнің көпше түрлері, тәуелденуі, септелуі және жіктелуі, көмекші есімдер, зат есімнің емлесі мен сөйлемдегі қызметі. Сондай-ақ сын есімнен оқушыларға төмендегі тәртіпте білім беріледі: сын есім туралы түсінік, сын есімнің түрлері, сын есім тудыратын жұрнақтар, сын есімнен сын есім тудыратын жұрнақтар, сапалық және қатыстық сын есімдер, сын есімнің шырайлары, сын есімнін. емлесі, сөйлемдегі қызметі.
Орта мектеп оқушыларына сан есім тақырыптарынан мына тәртіпте білім беріледі: сан есім туралы түсінік, дара және күрделі сан есімдер, сан есімнің мағынасына қарай түрлері, сан есімнің емлесі, сөйлемдегі қызметі. Сондай-ақ есімдік тақырыптары төмендегі тәртіппен оқытылады: есімдік туралы түсінік, есімдіктің мағынасына қарай түрлері — жіктеу, сілтеу, сүрау, өздік„ белгісіздік, болымсыздық және жалпылауесімдіктері,есімдіктердің емлесі, сөйлемдегі қызметі.Сөз таптары тақырыптары ішіндегі ең, күрделісі — етістік. Етістік материалдары мына тәртіппен оқытылады: етістік туралы түсінік, негізгі етістік пентуындыетістік,есімдердері етістік тудыратын жұрнақтар, етістіктен етістік тудыратын жүрнақтар, болымды етістік пен болымсыз етістік,сабақты етістік пен салт етістік, есімше туралы түсінір, есімшенің жасалу жолдары, есімшенің есімдерше түрленуі, есімшеніңсөйлемдегіқызметі,көсемшетуралы түсінік, көсемшенің жіктелуі, көсемшенің сөйлемдегі қызметі,етістуралытүсінік,етістердіңтүрлері — өздік өзгелік, ырықсыз және ортақ етістер, негізгі етістік пен і көмекші етістік, етістіктің шақтары туралы түсінік, осы шақ, келер шак, өткен шақ түрлері, ашық рай, бұйрық рай, шартты рай және қалау рай, етістіктің сөйлемдегі қызметі. Мектепте үстеу мынатәртіппеноқытылады: үстеу туралы түсінік, негізгі және туынды үстеулер, үстеулердің мағынасынақарайтүрлері — мезгіл,мекен, мөлшер,сын,күшейткіш,мақсатжәне себеп-салдар үстеулері, үстеулердің емлесі, сөйлемдегі қызметі. Сондай-ақ еліктеуіш сөздерден төмендегі тәртіппен білім беріледі: еліктеуіш сөздер туралы түсінік, дыбыстық еліктеуіш сөздер, бейнелеуіш сөздер,негізгіжәне туынды еліктеуіш сөздер, еліктеуіш сөздердің емлесі, сөйлемдегі қызметі. Шылау сөздер тақырыбы төмендегі тәртіппен оқытылады:шылаусөздертуралытүсінік,шылау сөздердіңмағынасынақарайтүрлері — септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер. Шылау сөздердің емлесі. Сондай-ақ мектептеодағайлармынатәртіппен оқытылады: одағай туралы түсінік, көңіл күй одағайла-ры, шақыру одағайлары.
Орта мектеп оқушыларына қазақ тілінің синтаксис материалдары үш салаға ажыратылып оқытылады: 1) сөз тіркесі синтаксисі; 2) жай сөйлем синтаксисі; 3) құрмалас сөйлем синтаксисі. Алдымен синтаксис туралы түсінік беріледі де, сөйлемнің мағынасына қарай түрлері төмендегі тәртіппен оқытылады: хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлемдер. Сөз тіркесі син-таксисінід тақырыптары мына тәртіппен оқытылғаны жөн: сез тіркестерінің құрылысы мен грамматикалық мағынасы, күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер, тақырыптары. Сөздердің байланысу тәсілдері төмендегі тәртіппен оқытылады: қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу.
Оқушыларға сөйлем мүшесінен алдымен дара және күрделі мүшелерден білім беріледі. Сөйлемнін, түрлаулы мүшелері мына тәртіппен оқытылады: бастауыш, дара және күрделі бастауыш, баяндауыш, дара және күрделі баяндауыш, күрделі баяндауыштың, бастауыш және баяндауыштың жасалуы, бастауыштан кейін қойылатын сызықша тақырыптары. Ал сөйлемнің түрлаусыз мүшелері төмендегі тәртіппен оқытылады: толықтауыш, дара және күрделі толықтауыш, тура толықтауыш пен жанама толықтауыш, толықтауыш пен толықталатын мүшенің байланысы, анықтауыш, анықтауыш болатын екі таптары, дара және күрделі анықтауыштар, анықтауыш пен анықталатын мүшенің байланысы, пысықтауыш, пысықтауыш болатын сөз таптары, дара және күрделі пысықтауыш, пысықтауыштың түрлері — мекен, мсзгіл, қимылсын, мақсат, себеп пысықтауыштар, пысықтауыш пен пысықтаушы мүшенің байланысы.
Сонымен бірге оқушыларға сөйлемнің бірыңғай мүшелерінен төмендегі тәртіпте білім беріледі: бірыңғай блстауыш, бірыңғай баяндауыш, бірыңғай толықтауыш, бірыңғай анықтауыш және бірыңғай пысықтауыш, бірыңғай мүшелердің жалғаулық шылаулар арқылы байланысы, бірыңғай мүшелердін, тыныс белгілері, бірыңғай мүшеге ортақ жалпылауыш сөздер, жалпылауыш сөздердің тыныс белгілері. Осы тақырыптармен бірге сөйлемнің айқындауыш мүшелері мына тәртіппен оқытылады: айқындауыш мүше жайында жалпы түсінік, оңашаланған айқындауыш, оңашаланған айқындауыштың тыныс белгілері, қосарлы айқындауыш тақырыптары беріледі. Мектепте оқшау сөздер материалдары төмендегі тәртіппен үйретіледі: оқшау сөздер жайында жалпы түсінік, қаратпа сөз, қаратпа сөздін, тыныс белгілері, қыстырма сөз, қыстырма сөздің тыныс белгілері, одағай сөздер, сөйлем басында келетін «жоқ» пен «иә», сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі және екпін тақырыптары.
Мектеп оқушыларына жай сөйлемнің түрлерінен төмендегі тәртіппен білім беріледі: жай сөйлемнің түрлері жайында түсінік, жақты сөйлем, жақсыз сөйлем, жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары, толымды және толымсыз сөйлемдер және атаулы сөйлемдер тақырыптары. Орта мектепте кұрмалас сөйлем материалдары үш салаға ажыратылып беріледі: 1) салалас қүрмалас сөйлемдер; 2) сабақтас құрмалас сейлемдер; 3) аралас құрмалас сөйлемдер. Алдымен оқушыларға құрмалас сөйлем туралы жалпы түсініктен білім беріледі де, салалас құрмалас сөйлемнің түрлері төмендегі тәртіппен оқытыладыг салалас құрмалас сөйлем туралы жалпы түсінік, салалас қүрмалас сөйлемнін, түрлері — ьңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі, себеп-салдар, талғаулы және кезектес салалас сөйлемдер, салалас құрмалас сөйлемнін, көп құрамды түрлері, салалас құрмаластын, тыныс белгілері. Сондай-ақ оқушыларға сабақтас қүрмалас сөйлемнің түрлерінен төмендегі тәртіпте білім беріледі: сабақтас қүрмалас сөйлем туралы түсінік, сабақтас күрмалас сөйлемнің түрлері — шартты бағыныңқы, қарсылықты бағыныңқы, себеп-салдар бағыныңқы, мезгіл бағыныңқы, қимылсын бағыныңқы және мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдер. Сабақтастардың тыныс белгілері, жарыспалы көп бағыныңқы сабақтас, сатылы көп бағыныңқы сабақтас, көп басыңқы сабақтас құрмалас сөйлемдер, аралас құрмалас сәйлемдер, аралас құрмаластың тыныс белгілері, тақырыптары.
Сонымен бірге оқушыларға төл сөз бен төлеу сөзден төмендегі тәртіпте білім беріледі: төл сөз бен төлеу сөз жайында жалпы түсінік, төл сөз бен автор сөзі, төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі, төл сездің тыныс белгілері, төл сөзді төлеу сөзге айландыру жолдары оқытылады. Мектеп оқушыларына тіл үстарту . материалдары тілдік салалардан кейін беріледі. Тіл ұстарту материал-дары мына тәртіппен оқытылады: тіл үстарту — стилистиканьщ бір тармағы, тіл ұстарту түрлері, тіл туралы мәлімет, тілдің мәні мен қызметі, тіл — тарихи құбылыс, қазақ тілі — ұлт тілі, қазақ тілі — мемлекеттік тіл, қазақ тілінің дамуы, қазақ әдеби тілінің стильдері туралы мәлімет, қазақ әдеби тілі — қуатты қүрал.