- Мектеп оқушыларына казақ тілінен берілетін білімнің мазмұны мен көлемін белгілеу — теориялык зрі күрделі мәселелердің бірі. Орта мектепте тілдік фактілердің ғылыми жақтан әбден қорытылған, мектеп талабына сай анықталған, лингвистикалық және методикалық жақтан даусыз сүрыпталған тілдік материалдар ғана оқытылады. Ал тілдің өзіндік белгілерінің жиынтығы көлем деп аталады.
Тілдік материалдардың көлемі әрбір тақырыптың лексикалық, фонетикалық, грамматикалық қасиеттерін, материалдардың анықтамалары мен ережелерін қамтиды. Тілдің өзіндік ерекшеліктері әрбір тақырыптың ішкі құрылымын белгілейді. Мәселен, әрбір тілдік материал-
дардың жасалу жолдары, олардың бір-бірінен ерекшеліктері, бір-бірімен байланысы, тақырыпқа сай анықтамалары мен ережелері тілдік материалдардың өзіндік ерекшеліктері болып табылады. Қазақ тілінен окушыларға берілетін білім көлемін белгілеуде, материалдардың өзіндік қасиеттерін іріктеп, таңдап алуда, белгіл бір методикалық өлшемдерге негізделеді. Класы жоғарылаған сайын оқушылардың түсініктері, яғни ой-өрісі білім дәрежесі арта бастайды. Оқушыларды деректі ұғымдардан дерексіз ұғымдарға қарай жетелей отырып мұғалім қазақ тілі материалдарының өзіндік жаңа қасиеттерін біртіндеп ашады.
Сонымен бірге тілдік материалдардың өзіндік ерекшеліктерін іріктеуде мынадай методикалық заңдылық тарға сүйенген дұрыс: 1) тақырыппен термин анықтығы; 2) тілдік материалдың ғылыми дәлдігі; 3) тілдік материалдардың ішкі ерекшеліктерін аңғару қажеттігі. 4) тілдік материалдардың өзіндік белгілерінің класқа лайықтылығы; 5) өзіндік белгілердің етілетін материалға ғана тән екендігі; 6) өзіндік белгілердің өмір қажеті не жаратылуы; 7) тілдің, белгілердің күнделікті сөйлеу практикасында қолданылуы; 8) материалдардың өзіндік ерекшеліктері, жүйелілігі.
- Оқушыларға қазақ тілінен берілетін білім көлемі тілдік материалдардың анықтамаларыменережелеріне келіп ұштасады. Ал анықтамалар мен ережелердің логикасы — білім беруде назар аударатын методикалық мәселелердің бірі. Анықтама тілдік қүбылыстардың негізгі мәнін, түлғалық, мағыналық және атқаратын қызметтерін саралап, негізгіөзіндікбелгілерінің жиынтығы ретінде жұмсалатын қорытынды пікірді білдіреді. Ереже дүрыс жазу мен дүрысайтудыңемлелерінежән заңдылықтарынабайланыстытілдікматериалдарды өзіндік белгілерінің жиынтығыретіндеқолданылады Демек, анықтама фонетикалық, лексикалық және грам матикалық тақырыптардың, ал ереже орфографиялық пунктуациялық және стилистикалық тілдік материалдарі дың өзіндік белгілері жөніндегі қорытынды пікір болы табылады. Қазақ тілініңбелгілібір материалдарын. анықтама беруде мынадай методикалық өлшемге сүйенген дүрыс: 1. тілдік материалдардың ішкі заңдылықтарына қарай анықтама беру; 2. материалдың басты-басты белгілері бойынша анықтама беру; 3. материалды, өзіндік белгілерінің жиынтығын анықтама ретінде ұсыну; 4. материалдың, негізгі мағынасына сәйкес анықтама
беру.
Ереже, көбінесе, орфографиялық, орфоэпиялық, пункуациялық және стилистикалық материалдардың тілдік ерекшеліктерін жинақтап жұмсау үшін қолданылады. Демек, анықтама мен ереже — екі түрлі нәрсе.
Мектеп оқушыларына қазақ тілінен берілетін білім көлемі тілдік материалдардьң жіктелуімен ұштасады. Бул өзінін, тегіне қарай екі топқа бөлінеді: а) теориялық тілдік материалдар;ә) дидактикалықтілдікматериалдар.
Мектепте өтілетін тілдік материалдар өзінің негізгі қүріллысына қарай фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық жеке стилистикалық болып жіктеледі. Теориялық тілдік матсриалдар қағидалар жүйесін қарастырады. Ал теория «қағидалар жүйесі» дегенді білдіреді. Осы қағидалар жүйесіне мынадай теориялық мәселелер кіреді: 1) тақырып анықтығы мен термин дәлдігі; 2) тақырыптің басқа тілдік материалдармен байланысы (пәнаралық байланыс); 3) тақырыптың, өзіндік белгілері мен жасалу жолдары (лексикалық, фонетикалық, грамматикалық қасиеттері); 4) тілдік материалдардың анықтамалары мең ережелері. Мәселен, қазақ тілі фонетикасынан оқушыларға теориялык, білім беруде мынадай талаптар ескеріледі: 1) қазақ тіл білімінің фонетика саласының, орфография мен орфоэпияның соңғы табыстары; 2) қазақ тілі фонетикасының негізін танытатын материалдар.
3) оқушыларға әдеби тілде сөйлеп, оқып және жаза алатындай білім мен дағдылар беретін тілдік материалдар;
4)оқушылардын, ой-өрісі мен жас ерекшелігіне сәйкес келетін қазақ тілі фонетикасынын, материалдары. Осыларды басшылыққа ала отырып, қазақ тілі фонетикасынан білім көлемін анықтауға болады.
Қазақ тілі морфологиясынан білім беруде мынадай методикалық талаптарды басшылыққа алған жөн: 1) сөздің түрлі бөлшектерден кұралатынын білдіретін тілдік фактілер; 2) сөз құрамындағы әр бөлшектіқ мағынасы мен қызметін білдіретін тілдік материалдар; 3) сөздің кұрамын білдіретін тілдік фактілер; 4) мағынасына, тұлғасына және жеке қызметіне қарай бөлінетін сөз таптарын білдіретін тілдік материалдар.Тілдік материалдардьщ өзіндік белгілері тақырыптың ішкі құрылымын анықтайды.