Қазақ тілін оқыту методикасының басқа пәндермен байланысы

1.Қазақ тілін оқыту методикасы педагогикаға, психология мен логикаға байланысты. Методиканың негізгі тірегі қазақ тілінің фактілері. Онсыз методиканың түрлі мәселелерін бөліп қарауға болмайды. Сондықтан методика қазақ тілі фактілерімен тығыз ұласып жатады. Методика қазақ тілінен берілетін мәліметтерді мектеп оқушыларының ойына лайықтап оқыту қағидаларын қарастырады. Бұл білім беру заңдылықтары лексиканың, фонетиканың, грамматиканың, орфография мен пунктуацияның заңдылықтарымен үндеседі. Негізгі тілдік фактілер бойынша» білім берудің теориясы мен практикасы қарастырылады. Мектеп оқушыларына қазақ тілінен берілетін теориялық мәліметтер көлемі жағынан ықшамдалады. Яғни тілдік фактілердің қорытылып, шешілген мәселелері мектеп оқушыларына жеткізіледі.

Мектеп оқушыларына қазақ тілінен берілетін тілдік фактілердің өзіндік белгілері (жасалу жолдары) лексикалық, фонетикалық, грамматикалық белгілері, анықтамалары әрбір кластың ерекшелігіне, олардың ойөрісі білім дәрежесіне лайықталады. Қазақ тілін оқыту методикасы педагогикаға тікелей байланысты. Педагогиканың дидактика саласы жалпы дидактикалық принциптерді қарастырады. Педагогика жалпы методика теориясының мәселелерін зерттейді. Ал методика әрбір жеке пәнді оқытудың теориясы мен практикасын қарастырады. Сондықтан методика жалпы педагогикалық қағидаларға негізделе отырып, қазақ тілі фактілерінен бі-

лім берудің заңдылықтары мен әдістерін тікелей қарастырып,педагогикалықдидактикалықпринциптер казақ тілінен білім беруде қалай іске асыру жолдары ойластырады.

Педагогика негізінен тәлім-тәрбие берудіңзаңдарын, оларды іске асырудың жұмыс жүйесінбелгілейді. Тәлім — оқушыларғаберілетінтеориялықбілім мен практикалық дағды. Алтәрбие — қазақ тіліненбілім беруде мәтіндер (текстер), сөйлемдер, мысалдар арқылы және түрлі жаттығулар бойынша жүргізілетін жұмыс. Қазақ тіліненбілімберуде тәрбие жүмыстары мысалдарды таңдау арқылы жүргіземіз. Тәрбиелік мәні күшті сөйлемдер мен мәтіндерді ұсынамыз. Қазақ тілі оқыту методикасы психология ғылымына да тікелей байланысты. Тілдік материалдардың толық қалыптасуыда түсінік, ой, түйсік, сезім және сигналжүйелеріүлкен рөл атқарады. Бүл психикалық категориялар мен пунктуатциялар білім мен дағдыны меңгертуде айрықша қызмет атқарады.Оқушыларғатілдікматериалдардытолық игертуде сабақ процестерінің мәні зор.

  1. Жаңа материалды таныту процесі. Мұнда жаңа материал оқушыларға хабарланады. Мұның өзіндік белгілері айтылады. Оны оқушыларестиді.Материалды толық меңгертудің негізгі кепілі дағдылар аркылы іске асырылады.
  2. Материалды дағдыландыру процесі. Ондатақырыптық өзіндік ерекшеліктеріне қарай түрлі психикалық жұмыстар ескеріледі. Бүл жүмыс әр тақырыптың психикасы болып табылады.
  3. Материалды қайталау процесі. Қазак тілінен өтілген күллі материалдар еске түсіріліп пысықталады. Оқушылардың қазақ тілінен алғантеориялықбілімімен практикалық дағдысы пысықталып, нығыздала түседі. Жұмыстардың барлығыпсихикалықұғымдармен байланысты келеді. Қазақ тілінен берілетін білімді оқушылардың ойында қалыптастыруда кинестетикалық түйсік маңызды рөл атқарады. Бұл түйсіккеруменжазуға, тікелей байланысты.

Қазақ тілін оқыту методикасы логикаға да тікелей қатысты. Логика ғылыми дәл ойлау, дүрыс пікірлеу заңдылықтарын үйретеді. Сөйлемнің дүрыс құрылуын ойластырады. Түрлі тілдік фактілердің дәл болуын қарастырады, мұғалім мен оқушы сөзінің анық болуын қамтамасыз етеді. Мектепокулығындағыәр тақырыптың өзіндік белгілерінің және анықтама, ережелерінің дәл болуын ойластырады. Сондықтан қазақ тілін оқыту методикасы тілдік фактілерді түсіндіру мен жеткізуде логика ғылымындағы жаңалықтарға сүйенеді.

Қазақ тілін оқыту методикасы төмендегі міндеттерді қамтиды: 1. орта мектепте оқытылатын қазақ тілінің мазмұнын анықтайды; 2. орта мектеп оқушыларына берілетін білімнің көлемін анықтайды; 3. орта мектепте оқылатын қазақ тілі оқыту жүйесін анықтайды; 4. білім беру әдістерін топтастырып, құрылымдық ерекшеліктерін белгілейді; 5. сабақты топтастыра отырып, олардың түрлерін, құрылымдық ерекшеліктерін айқындайды.

2.Қазақ тілін оқыту методикасының зерттеу әдістері. Қазақ тілін оқыту методикасынын, зерттеу әдістері теориялық методиканы жасауда жиі қолданылады. Зерттеу әдісі мсн білім беру әдісінің объектілері әр түрлі. Білім беру ;әдістері мектепте қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағдыны қалыптастыруда іске асырылады. Ал зерттеу әдістері қазақ тілін оқыту методикасы туралы ғылыми методикалық еңбектер және практикалық методиканы жасау үшін қолданылады.

Зерттеу әдістері қазақ тілін оқыту методикасын теориялық жағынан байытуда жиі пайдаланылады. Бұл ретте мынадай тәсілдер жүзеге асырылады:

  1. 1. Бақылау әдісі. Бүл әдіс қазақ тілінен білім беру және оны практикалық дағдылар арқылы іске асыруда қолданылады. Қазақ тілінен теориялық білімді мектеп пқушыларына меңгертуде түрлішепсихикалық дағды жумыстары жүргізіледі. Олардың негізгі түрлері кластан тыс жүргізілетін жұмыстар болып табылады. Олар мыналар: үй тапсырмасының мақсаты,шарттытүрде үйгс тапсырылатын жұмыстың көлемі, оларды орындаудың, методикалық жүйесі. Мұны тәжірибе жасаушы мұғалім сабақта және сабақтан тыс орындарда бақылау жасайды.
  2. 2. Эксперимент әдісі. Бұл әдіс те ғылыми методиклық еңбек жасау үшін жүргізіледі. Эксперимент ғылыми тәжірибе деген сөз. Бұл барлық білім саласында, ал қазақ тілін оқыту методикасында тым жиі қолданылады. Теориялықжәнепрактикалықеңбектерсол арқылы жазылады. Эксперимент әдісі қазақ тілін оқыту методикасында, негізінен, 1960 жылдардан кейін қолданылады. Бұл әдіс бойынша, қазақ тілі фонетикасын, синтаксисін, орфографиясын, пунктуациясын оқыту методикалары жасалды. Эксперимент өзінің іске асырылу мақсатына қарай төмендегі түрлерге бөлінеді:

а) Бақылау эксперименті — кейін жүргізілетін методикалық эксперименттер материалын іске асыру үшін жүргізіледі. Алдымен экспериментке қойылатын объектінің жағдайын, мақсатын, мазмүнын, түрлерін анықтайды; ә) кластық эксперимент — мектептің бірнеше кластарында іске асады. Экспериментке қойылатын жұмыстың мақсатын, мазмұнын, негізгі істелетін жұмыстың барысы мен негізгі нәтижелерін анықтайды; б) кең таратылған эксперимент. Мұнда кластық эксперименттің нәтижелері бірнеше мектептің бірнеше кластарында сыннан өткізіледі. Әр сабақта, әр класта эксперимент материалдары іске асырылады. Негізгі мақсаты: біріншіден, экспериментке қойылатын жұмыстың негізгі мазмұнын; екіншіден, оқушыларға берілетін білім мен дағдынын көлемін; үшіншіден, эксперимент объектісіндегі білім беру әдістерінің түрлері мен құрылымдық элементтерін; төртіншіден, экспериментке койылатын материалдардың сабақ түрлері мен элементтерінде жүзеге, асатындығын анықтайды. Методикалық эксперимент жүмысы төмендегіше еткізіледі: 1) экспериментке қойылатын мтериалдардың болжамы жасалынады; 2) бүдан кейін екі-үш мектептің бірнеше класы таңдалады; 3) осы таңдалған кластарда тәжірибе жасаушы мұғалім сабак өткізеді. Методикалық материалдың нұсқау болжамына сабақтың күрделі жоспары жазылады, онда экспери-ментке қойылатын объектінің мақсаты және оның маз-мұны, оны іске асырудың әдістері, жұмысты жүргізудің жүйесі айтылады; в) методикалык жұмыстың негізгі корытындылары бірнеше мектептің бірнеше кластарында сынап көріледі; г) экспериментке қойылатын материалды сынап көру үшін алдымен бақылау, мұнан кейін экс-перимент кластары таңдалады. Жүмыстың барлық түрі эксперимент кластарда жүргізіледі. Эксперимент кластарында методикалык, нұсқау-болжам бойынша оқытылады, оған лайықты материалдын, көлемі мен жүйесі таңдалады. Эксперименттің нәтижелері бақылау жүмыс-тары бойынша өлшенеді. Ол процентпен немесе цифрмен көрсетіледі.

  1. Методикалық мұраларды үйрену әдісі. Қазак тілін оқыту методикасының тарихында методистер Сейіл Жиенбаев, Шамғали Сарыбаев, Қ. Жұбанов, Д. Әлімжановтар елеулі орын алады. Бұлардың методикалық көзқарастары, үсыныстары сабақ беруде үнемі қолданылады. Сондай-ақ осы күнгі методистеріміз Қ. Жолымбетов, X. Арғынов т. б. пікірлері, методикалық еңбектері зерттеу жұмыстарын жүргізу процесінде ескеріледі. Сондай-ақ методика теориясына арналған қазақ тілі синтаксисі мен қазақ тілі дыбыс жүйесі методикасының негіздері ғылыми зерттеу жұмыстарына негіз болады.
  2. Методикалық тәжірибелерді талдау әдісі. Қазақ тілін оқыту методикасынан зерттеу жүмысын жүргізуде мұғалімдер тәжірибесі зор рөл атқарады, сондықтан мұғалімдер тәжірибесін жинақтау, олардың практикалық тәжірибелерін теорияға айналдыру, зерттеу жұмысының басты бағыты болуға тиіс. Мұғалімдер мен методистердің тәжірибелері екі жақты жарияланып отырады. Біріншісі, газет пен методикалық журналдарда басылады. Зерттеу жүмысын жүргізуде осыларды ескеруге тура келеді. Екіншіден, методикалық әдіс бірлестіктерде талданады, мүғалімнің тәжірибелері әрбір мектептің әдіс бірлестігінде қаралады. Оның нәтижелі жақтары сабақ беруде ескеріледі. Қазақ тілін оқыту методикасының зерттеушілері мүғалімдердің тиімді, қүнды тәжірибелерін талдап, мектеп қауымына насихаттайды.