ДИДАКТИҚАЛЫҚ-МЕТОДИКАЛЫҚ

1 .Мектеп оқушыларына қазақ тілінен тиянақты да берік білім беруде мүғалімдердің ескеретін жұмыстары көп-ақ. Қазақ тіліне байланысты таңдалған материалдардьң көлемі мен жүйесіне қарай білім беруде, мұғалім білім беру әдістерінің ең, қүнды, ең тиімді түрлерін пайдаланады. Сондықтан қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде мүғалім дидактикалық принциптер мен методикалық зандылықтарға сүйенеді. Оқушыларға қазақ тілінен тиянақты білім беруде сүйенілетін жалпы дидактикалық принциптер мыналар: ғылыми принцип, жүйеліпринцип,көрнекілікпринципі, саналылық пен белсенділік принципі, теорияны практи-камен байланыстыру принципі және жеке оқушылардың. психикалық едекшелігін ескеру принципі. Тілден мәлімет беруде мұғалім бұл принциптерді бір-біріне ұштастырып отырады. Сонымен бірге, казақ тіліне карай жүргізілетін сабақ курылымдарын өткізу кезінде, білім беру әдістерінің құрылымдық жүйесін іске асыру тусында және сабақтан тыс жүргізілетін жүмыстар үстінде тілдік материалдарды байланыстырыпотырудыкөздейді.Осы дидактикалық принциптерді іске асыру тұсында, негізінен, екі түрлі принциитің орындалатындығы байқалады. Біріншісі — оқушылардыңқазақтіліматериалдарын жете меңгеру процесі. Мүны оқушылардың оқу материалдарынсаналытүсінуі,оғанокушыныңбелсенді қатысуы арқылы анықтауға болады. Екіншісі — оқу материалдарын үйрету процесі. Мұндай жағдайда оқушылардың сабаққа қатысы оншалық көп байқалмайды, көбінесе, мұғалімніңбелсенділігіаңғарылады.Сабақты көрнекі, жүйелі тусінуге оңай етіп құру ең қасиетті міндет больш табылады, Сондықтан да қазақ тілі материалдарының теория мен практикаға сай болуы мүғалімге тікелей байланысты.

  1. Ғылыми принцип. Қазақ тілінен білім мен практикалық дағды беруде жиі іске асырылатын принциптің бірі — ғылыми принцип. Оқушыларға берілетін білімнің барлығы лингвистикағабайланыстықаралады.Тілдің ең негізгі өзіндік белгілері ұстаз елегінен өткізіліп, оқушылар ойына, білім дәрежесіне сай сипатталады. Тілдік фактілердің тілбіліміндеәбден қорытылған, шешілген мәселелері ғана мектеп оқушыларына жеткізіледі. Сондықтан да оқушыларғаберілетінбіліммазмүны, көлемі және оны окытудың жүйесі сараланып, мектепте өтілетін қазақ тілі жүйелі курсы бойынша ғылыми мәліметтер беріледі. Мектеп оқушыларына қазак тілінен тілдік мәлімет беруде, жалаң теориялық материалдарды ғана ескермей, практикалық жағдайларды да ескерген мақүл.

Окушыларға берілетін тілдік мәліметтер төмендегі өлшемдерге сәйкес болуы қажет: 1) Меңгерілетін объектінің термині анық болуы қажет, мәселен төртінші және бесінші класс оқушыларына берілетін жүйе онымен таныстырылатын терминнің аясын аса ғылыми дәрежеде кеңейтіп беруге болмайды: айталық дауысты дыбыстарды — вокализм деп, ал дауыссыз дыбыстарды — консонантизм деп түсіндіруге келмейді. Сондай-ақ қосынды дауыстыларды — дифтонгид деп түсіндіруге болмайды. Сондықтан да қазақ тілінен нақтылы білім беруде, сол класқа ғана сыятын терминдерді ғана пайдалануға болады. 2) Қазақ тілінен берілетін тақырыптардың дәлдігі талап етіледі. Тілдік фактілерге сай меңгерілетін тақырыптардың дәл, анық болуы мектеп оқушылары түсінігінің кеңеюіне септігін тигізеді. 3) Тілдік тақырыптардың өзіндік белгілері сараланып алынғаны абзал. Бүған бір тақырып пен екінші тақырыптың байланыстылығы, материалдын, ішкі өзіндік қасиеттері енеді. Бұл сияқты өзіндік белгілер тақырыптын, нақтылы көлемін құрай алады. 4) Қазақ тіліиен берілетін материалдардын, анық-тамалары мен ережелері дәл болғаны абзал. Негізгі берілетін мағыналары мен ішкі заңдылықтарына қарай нақтылы анықтамалар мен ережелер шығарылады. 5) Тілдік тақырыптарға байланысты берілетін практикалық дағдылардың да көлемі дәл болғаны жөн. Әрбір тілдік материалдардың жаттығулары сол тақырыптың ішкі психологиясына байланысты болады. Сондықтан да қазақ тілі материалдарына лайықты бестен артық дағды түрлері сұрыпталады. Сонымен жоғарыдағы айтылған шарттарды ескергенде ғана қазак тілінен ғылыми принцип негізінде білім беруге болады. Бұл ғылыми принциптің іске асырылуы болып табылады

Жүйелі принцип. Мектеп оқушыларына қазақ тілінен берілетін теориялық мағлүматтар белгілі бір орын тәртібі бойынша өтілуі қажет: Қазақ тілінің әрбір тақырыбы методикалық- жүйе арқылы талданады. Тілдік тақырыптардың өтілу тәртібін сақтай отырып, өтілетін материал мен жақа материал байланыстырылады. Осының нәтижесінде тілдік материалдар бірін-бірі толықтыра, аясын кеңейтіп отырады. Тілдік материалдарды өтудің жүйелі принципі психологиялық заңдылықтарға үштастырыла қаралады.