Ықтималдықтар теориясы

Қандай да бір тәжірибені шектеусіз сан рет қайталау барысында пайда болуыжәне белгілі бір шарттар тобын сақтай отырып, жасалған тәжірибелердің кез келгенінде қандай да бір ықтымалдыққа ие болады. Ықтымалдықтар теориясының негізгі кездейсоқ оқиғаның ынтымалдығы ұғымы болып табылады. Мұнда оқиға ұғымы алғашқы ұғым деп алынады. Оқиға деп пайда болатыны немесе пайда болмайтыны туралы айтудың мағынасы бар құбылысты түсінеді. Әр түрлі тәжірибелердің, бақылаулардың және өлшеулердің нәтижелері де оқиғалар болып табылады. Барлық оқиғаларды ақиқат, кездейсоқ және мүмкін емесоқиғаларға бөлуге болады. Сынау нәтижесінде сөзсіз пайда болатын оқиғаны ақиқат оқиға деп атайды. Егер оқиға болуы немесе пайда болуы да мүмкін болса, оны кездейсоқ оқиға деп атай ды. Оқиғаларды А, В, С, әріптермен белгілейді. Оқиғаларды сондай – ақ үйлесімді және үйлесімсіз оқиғалар деп атайды. Тәуелді және тәуелсіз оқиғалар да болады. Сонымен қатар жай және күрделі оқиғалар да болады. Әрбір А оқиғасы үшін осы А оқиғасы пайда болмайтындығын білдіретін оқиғаны қарастыруға болады. Оны А оқиғасының қарама – қарсы оқиғасы деп атайды және А деп белгілейді. Егер ақиат оқиғаларды V ал мүмкін емес оқиғаларды V деп белгілесек, онда V=V , V=V . Оқиғалар үшін қосу және көбейту перациялары да енгізіледі.

Анықтамалар:

А1 және А2 оқиғаларының қосындысы деп А=А1А2.

А1 және А2 оқиғаларының көбейтіндісі деп А= А1А2

А1 менА 2 оқиғаларыүйлесімсіз деп аталады, егерА1 А2 = V.

  1. Егер А12, … Аn оқиғаларының қосындысы ақиқат болып табылса, онда А12, … А n оқиғалары оқиғалардың толық жүйесінқұрайды.
  2. Егер А оқиғасы В оқиғасы пайда болғанда және тек сонда ғана пайда болатын болса, А және В оқиғаларын мәндес (тең)оқиғалар деп атайды. А=В.