Масса

Қазіргі кезде массаның эталон ретінде Париждың қасындағы Севре қаласындабелгілі жағдайда сақталып отырған платина мен иридийдің қоспасынан дайындалған цилиндр дененің массасы қабылданған. Массаның бұл эталон килограмм (кгбелгілейді) деп аталады. Басқа да көптеген елдерде осы эталонның аса дәл жасалған көшірмелері бар, температурасы 40 С болғанда 1л судың массасы 1кг. ГОСТ килограммнан бүтін есе көп не аз болатын басқа да масса өлшегіштерін қолдануға рұқсат етеді: Тонна (т), центр (ц), грамм (г), миллиграм (мг) және Т.СС. олардың килограммен байланысы:

1 т =1000 кг1г= 0,001кг

1ц =100 кг1 мг = 0,000001кг.

Дененің массасы өлшенгеннен соң, нәтижесі былай жазылады: біріншісі сан мәні — массаның өлшеуіші, ал оның қасына өлшеу бірлігінің аты: 5 кг, 2, 34ц т.с.с. Сан мен анықталатын скаляр шамалардан (кесіндінің ұзындығы, фигураның ауданы, дененің массасы) өзге –тен қана санмен толық бейнеленбейтін шамада болатынын көрсетеді. Кейде бағытты көрсету қажет. Дененің қозғалыс жылдамдығы, үдеуі, күш, орын ауыстыру- осындай шамалар. Бұндай шамалар векторлық шамалар деп аталады.

Векторлық шамалар вектор деп аталатын бағытталған кесінділермен кескінделеді. Кесіндінің ұзындығы (вектордың ұзындығы) берілген масштабта векторлық шаманың сан мәнін, ал кесіндінің бағыты- векторлық шаманың бағытын, кескіндейді. Берілген уақыт аралығында жүріп өтілген жол қозғалыстың траекториясы деп аталады.