Х жиыны қайсыбір f функциялық сәйкестіктің шығу жиыны,У оның келу жиыны ,ал А-жиыны оның анықталу облысы оның шығу жиынымен дәл келсе,онда Х жиынын У жиынына бейнелеу f берілген деп атайды .
Басқа сөзбен айтқанда ,Х жиынын Ужиынына бейнелеу f деп. Х және У жиындарының арасындағы әрбір х=Х элементіне тек бір ғана у=У элементін сәйкес келтіретін сәйкестікті айтады.Х жиыны f бейнеленуінің шығу жиыны,ал У жиыны оның келу жиыны деп атайды.
Х жиынын У жйынының ішкі жиынына бейнелейтін f бейнелеудің графигіне мына шарттарды қанағаттандыратын парлар жатады.
Х жиынының барлық элементтері парлардың бірінші компонеттері болуы тиіс,өйткені Х-тің ірбір элементіне У-тің элементі сәйкес қойылып отыр.
Бірінші компоненттерді бірдей болатын әртүрлі парлар болмауы керек,өйткені Х-тің әрбір элеметіне У-тің тек қана бір элементі сәйкес қойылып отыр.