Есепті шешу кезеңдері

Есепті шешу прцесі бірнеше іс әрекетті орындауды талап етеді, атап айтқанды: ой елегінен өткізе және саналы қабылдай отырып есеп мәтінін, ондағы сөздердің мәнін түсініп жүгірдіп оқу: есептің шарты мен сұрағын, белгілді және белгісіз шамаларды ажырату: берілген және ізденімді шамалардың арасындағы байланысты тағайындау яғни есепке талдау жүргізу: соның барысында есепті шешу үшін орынждалатын арифметикалық амалдарды анықтау немесеқұрылатын теңдеумен құраына енетін өрнектерді айқындау.

Біздің көз қарасымыз бойынша есепті шешу процесінің мына сияқты ғана міндетті кезеңдері болуы тиіс: атап айтқанджа

  • атап айтқанда есеп мәтінін оқу нәтижесі – есеп мазмұнын қабылдау және талдау, негізгі мақсаты есепке баяндалған жағдайы жалпы түрде түсіну, есеп шартын, талабын яғни мәтінде бар тұрақты, барлық терминдерді және белгілерді түсіну, яғни есеп мазмұнын меңгеру
  • есеп шешуін іздестіру нәтиже – есепті шешудің жоспарын құру, негізгі мақсаты- есеп мазмұнында баяндалған қандай да нақты қатынасқа немесе жағдайға сәйкес келетін арифметикалық амалды анықтау немесе есеп мәтіндегі қойылған сұраққа жауап беру үшін орындалатын арифметикалық амалдардың рет – тәртібін логикалық тұрғыда анықтау және негіздеу
  • шешу жоспарын жүзеге асыру нәтижесі – айызша немесе жазбаша түрде құрылған жоспарды орындау, яғни есептің шешуін жазу, негізгі мақсаты – есеп сұрағына жауап алу, яғни есеп талабының орындалғаны жайлы қотынды жасау
  • шешімді тексеру және егер қате болса, оны түзеу нәтижесін бөліп көрсету негізгі мақсаты – есептің талабының орындалғаны, яғни есептің сұрағына жауап алынған жайлы түпкілікті қортынды жасау

Есепті шешу прцесінде орындалатын басқа іс- әрекеттер , біздің ойымызша, жоғарыда айтылып өткен есепті шешу процесінің міндетті кезеңдерінің біріне енеді, немесе оларды толықтыра түседі.