Есеп адам өмірінде де, жалпы қоғамның өмір сүруі үшінде аса маңызды роль атқарады. Мәселе мынада, жеке адамның өзіне өзі, сондай – ақ оның алдында басқа адамдар мен өмірлік жаңдайлар қоятын мәнелелерді шешуге ақыл – ой иесі ретінде жеке тұлғаның бар қызметін, өмірлік және ойлау іс — әрекетін бағыттайды. Осы себептен, адамның өмірлік қызметі күн сайын мазмұны, ролі, шешу үшін қолданылатын әдістерді әртүрлі есептерді шешумен сипатталады деуге болады.
Математиканы оқытуда “есеп” оқытудың мақсаты ретінде де, оқытудың құралы ретінде де қарастырылады. Оның көмегімен және оның негізінде негізгі ұғымдар қалыптастрылады, ұғымдардың арасындағы тәуелділіктер ашылады, математикалық фактілердің нақты жағдайда қолданылуын көрсетеді және ол оқу, меңгеру қандай да – білік қалыптастырудың обьектісі ретінде көрініс табады, теориямен практиканың арасын байланыстырушы қызметін атқарады, оқушылардыңойлауын дамытуға ықпал жасайды.
“Есеп” терминінің мұндай кең мағынадағы түсіндірмесі арнаулы және әдістемелік әдебиеттерде жиі кездеседі. Алайда біздің ойлауымызша, “есеп” термині бастауыш мектепте математиканы оқытудың мақсаты мен ерекшеліктеріне үйлесетіндей “тарлау” мағынада анықталуы тиіс және орынды сияқты. Бұл тұрғыдан алғанда “есеп” терминінің мән мағынасын анықтауға арналған жекеленген әрекеттер бер болғанымен, әдістемелік әдебиеттерде ол жеткілікті дәрежеде ашылмайды.
Жиын элементтернің санын немесе шаманы мәнін сипаттайды. Сондай – ақ қатынасы немесе берілген дерексіз санды (дерексіз жағдайды қолдануды негізінде алынған) өрнектеп көрсетеді. Есеп шығару, математиканы оқытудың жалпы жүйесіндегі тиімді, нәтижелі жаттығулардың бірі болып саналады.
Сонымен бірге математикалық фактілердің шынайы өмірдегі практикалық қолданысының мысалы болып табылатындығымен есептер өте тиімді.