Комбинаторика элементтері

Әдете комбинаторлық деп берілген элементтерден немесе екі шектеулі жиын арасындағы қандай да бір бейнелеулердің санынан құрылуын мүмкін болатын шектеулі жиындардың немесе белгілі бір қасиеті бар кортеждердің (әртүрлі комбинациялардың) саны табуға арналған есепті айтады. Мысалы: топта 30 студен бар осы топтан жарысқа қатынасын 3 студентті қанша тәсілмен іріктеп алуға болады.

Жалпы кез –келген комбинаторлық есепті шектеулі жиындар және оларды бейнелеулер жайындағы есепке келттіруге болады, сондықтан камбинаториканы (шектеулі жиындарға амалдар қолдану жиындарды реттеу және жиындарды бөлу, элементердің жиынды орналасу реті және жиын элементерін қандайда бір тәртіп бойынша орналастыру тәсілдерінің санын анықтау сияқты мәселелерді зерттейтіндіктен) жиындар теорисяның бөлігі деп қарастыруға болады.

Көптеген комбинаторлық есептерді шешу қосынды және көбейтінді ережелері деп аталатын қарапайым екі ережеге негізделген . Қосынды ережесі екі немесе одан көп шектеулі жиындардың бірігуі элементердің санын, ал көбейтінді ержесі олардың декарттық кбейтіндісі элеменнтерінің санын табуға көмек береді.

Бірнеше шектеулі жиындардың бірігу жиыны элементердің санын табу мәселесі де осыған ұқсас қарастырылады.

Комбюинаторикады көбейтінді ережесін былай тұжырымдайды:

“Егер х элементін к тәсілмен, ал у элементті m тәсілменн таңдап алу мүмкін болса, онда реттелген (х,у) парды кm тәсілмен таңдап алуға болады”.