Математика сабақтарында жаңа ұғым және әрекет тәсілін оқып үйретуге дайындық кезеңі

Педагогикалық ғылыми ұғымдарды олардың, ғалым үрдісінен гноселогиялық және психологиялық басты құрылымдық бірлігі ретінде анықтайды. Ұғым шындық дүниесін бір жақты ғана бейкелейді, объектілердің жалпы маңызын ашып көрсетеді, заттың елеулі қасиеттерін анықтаумен қатар, жалпы мен жалқының, нақты мен абстрактінің бірлігін, белгілі бір ғылым саласының даму нәтижесін, оның көп уақыт тырнақталып жиналған қорытындысын түйіндейді.

Ұғым қарастырылатын объектінің, құбылыстың соған ғана тән ерекше қасиетін сипаттайды. Ұғым-зерттелетін объектінің жалпы, сонымен бірге маңызды белгілері, негізгі ой түйіні болатын барлық айырықша тұтастай жиынтығы туралы пайымдар.

Ұғым- өте күрделі логикалық және гноселогиялық ккатегория. Ол біріншіден, жоғары математиканың жемісі, екіншіден, ол шындық дүниесін бейнелейді, үшіншіден, жалпылау құралы; төртіншіден, ұғымның қалыптасуы сөзбен жазумен және белгілеулер мен тығыз байланысты болады. Сонымен ұғым – ойлаудың жоғарғы түрі, шындық дүниесін сипаттайтын “қару” болып табылады.