Қазіргі сабақта қойылатын талаптар

Математика дидактикасында «математика сабағы» әдістемелік ұғымына мындай сипат- белгілер жиыны сәйкес келеді: әрбір сабақта белгілі бір білім беру және тәрбиелеу мақсаттары жүзеге асырылады; Бұл мақсат міндеттер нақты оқу материалын қарастыру арқылы шешіледі; Бұл үшін лайықты олқуту әдістері таңдап алынады; Сынып ұжымы белгілі бір түрде жұмысқа жұмылдырылады. Осы сипат-белгілерді еске алып отыра математика сабағына қойылатын қажетті талаптар тұжырымдалған. Соларға қысқаша тоқталып өтейік.

  1. Сабақта (басты) дидактикалық мақсат болады.Математика сабағының басым көпшілігінде бір емес, әр түрлі құрамда бірнеше оқу мәселерін шешу көзделеді. Оқу мақсаттары ішінде әрқашанда біріеуін басшылыққа, негізге алып, қалғандарын соған бағындыру қажет болады.
  2. Сабақ барысында білім беру міндеттерімен қатар тәрбиелік мақсаттарды орындау. Оқыту ең әуелі өзінің мазмұны- факторлар мен оларды түсіндіру арқылы тәрбиелейді. Бұл тұрғыдыағы негізгі мақсат оқылатын материал мен оқу үрдісін оқушыларды келешекке деген көзқарас пен сенімге тәрбиелеу үшін жоспарлау түрде пайдалана білу болып табылады. Тәрбиенің бұл жалпы мақсаты өзара байланысқан көптеген дербес тәрбиелік міндет- мақсаттарды орындау арқылы жүзеге асыру. Бұлардың ішіндегі ең зәрулері математикаға қызықғушылықты тудыру және дамыту шәкірттерді оқуға деген қажеттілік пен үйренімпаздықты тәрбиелеу болып саналады.Мұндай қасиеттер оқушыларға өзінен-өзі дарымайды. Бұл мұғалімнің ұзақ және жоспарлы жұмысының нәтижесі болады.
  3. Сабаққа оқу материалын негіздеп іріктеу. Сабақтың мазмұнын таңдау алу кездейсоқ нәрсе емес, ол жан-жақты байыптауды, негіздеуді, қажет ететін дидактикалық әрекет.Оны анықтауда мынадай жеке (дара) шарттар орындалуы керек:

1) Сабақтың мазмұны мен негізгі оқулық мақсатының сая келуі; 2)Сабақта өтілетін материалдар көлемінің жеткілікті болуы; 3) Сабақты нақты және абстрактілі материалдардың арақатысы оптималды болып келуі;4) Теория мен практика арасында өз ара байланыс орын алуы қажет. Мұндағы екінші шарттың мәнісі мыныдай: Оқу материалының игеру және пысықтау жөніндегі жұмыстың негізгі бөлігі сыныпта орындалуы тиіс, яғни сыныпта көп істеліп, үйге аз берілу керек.Сонда ғана оқушылар үй тапсырмасын орындай алатынына сенімді болады және өзін борышты санайды(мәселенің тәрбиелік жағы).

  1. Сабақта шәкірттердің білім алу белсенділігін қамтамасыз ететін дей оқыту әдістерін қолдану.Мәселен, сабақтың мазмұны анықтауды делік. Оның оқу материалы элементтерге (позицияларға немесе кадрларға) бөлінген. Әрбір кадр көп жағдайда белгілі бір түрдегі оқу тапсырмасы болып келеді.(Кейбір ұғымды енгізу, теорема немесе ережені негіздеу, есеп шығару, т.б. ) Бұл тапсырмаларға лайық осы көрсетілген жалпы талапты мынадай жеке талаптар арқылы түсіндіруге болады:

а) мүмкіндігінше сабақтағы кезекті оқу (білу) мәселесін өздері тұжырымдаулары тиіс; ә) енгізілген ұғымның анықтамасын береді; б) тәжірбие негізінде мәселе орын алатын заңдылықтарды аңғарып, оны өзінше пікір формасына келтіреді; в) мұғалімнің басшылығымен дәлелдеу немесе есепті шешу жоспарын тауып, мүмкіндігінше оны жүзеге асырады.

  1. Сабақты ұйымдастыру анықтығы. Жоғарыда қарастырылған 1-4 талаптарды бұлжытпай орындау сабқтың анық және ұйымшылдықпен өтуіне толық жағдай жасайды.Мұның үстіне сабақты бұлай ұйымдастыру мынадай қажетті шарттарды орындағанда ғана мүмкін болады. : Оқытушы сабақ материалын жетік біледі; сыныптағы әрбір шәкірттің жеке ерекшеліктерін, күшті, әлсіз жақтарын біледі; әрбір кезекті мәселені әдістемесін оны оқытудың барлық варианттарын, әдістерін құралдарын біледі.

Сабақ беру практикасы үшін сабаққа қойылатын талаптарды ғана біліп қою жеткіліксіз болады, оған қоса бұл шарттарды әр түрлі нақты жағдайларға сай ақылмен рационалды түрде қолдана білу аса қажет.