Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін оқу тәрбие жұмыстарының негізгі формасы сабақ екені мәлім. Сабақ математиканы оқыту үрдісінде де ең негізгі бөлік болып табылады.
Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар мұғалімдерге арналған көмекші құралда оқу әдістемелік топтаманың құрамына енеді. Мұнда мектепке дейінгі баланың ең негізгі іс-әрекеті ойын екені ескертіп, математиканы оқыту барысында оларды біртіндеп ойын іс-әрекетінен оқу-таным іс-әрекетін орындауға бейімдеуді жүзеге асыру барысында пайданылатын дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар жайыенда сөз болады.
Сабақтың жалпы құрылысы күрделі және ол бірнеше құраушылардан тұрады. Мысалы оқушылардың бұрынғы білімдерін қайта жақсарту және іске асыру әдісі- оқушылардың бұрынғы алған білімдерін еске түсіру ғана емсе, сонымен қатар ол жаңа білім алуда, танымдылығын арттыруда және мұғалімнің оқушы білімінің қандай дәрежеде екендігін тексеруде т.с.с қажет болып табылады.Математикалық сабақ үстінде оқыту үрдісінің құрылымында мынадай негізгі элементерді бөліп көрсетуге болады.
- Жаңа тақырыптық материалдарын білдіру.
- Жаңа материал пысықтау.
- Есеп шығару, жаттығулар орындау.
- Бұрын өткенді қайталау.
- Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру
- Үйге жаңадан тапсырма беру.
- Оқушылардың математиканы практикада қолдануы.
- Оқушылардың білім, дағдыларын бақылау және бағалау
Кез келген сабақта бұл элеметтердің барлығы бірдей кездесе бермеуі мүмкін, алайда бұлардың әр түрлі комбинатциясынан кез келген сабақ құруға болады. Сабақтың кейбір құрылым элементтеріне қысқаша тоқтала кетейік. Жаңа тақырыптың сабақ үстінде білдіру оқушылардың сабақ үстінде білдіру оқушылардың өзіндік ойлау, пайымдау әреккеттерін белсенді пайдалантындай жағдайда жүргізілуі қажет. Жаңа білімді дайын күйінде айтып беруге барынша шек қойылып, оқытушы шәкірттерідің өзіндік білімін алуан, дамуын ұйымдастырушы басқарушы болу жағынан көңіл бөлуі керек.