Математиканы оқытудың нақты әдістемесінің жеке мәселері қарастырылады. Сонымен бірге, математиканы пропедевтикалық (дайындық) және жүйелі (негізі) курстарын оқыту әдістемесі де бар.
Математиканы оқыту әдістемесінің басты міндеті- білім беру.Сонымен бірге, әдістене мектеп математикасының мақсатын, міндеті мен мазмұнын ашып береді, оқытудың әдістерімсен және түрлерімен, оқыту құралдары жүйесімен, сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны және жүргізу әдістерімен, тәрбие процесін ұйымдастыру тәсілдерімен қаруландырады.
І. Пәннің мазмұны мен құрамы туралы жалпы міндеттер:
- Мектептегі оқу пәні ретінде математика курсының мазмұны анықтау және оның ғылыми негізін жасау; курс мазмұнының шығуы мен дамуының ерекшеліктері мен алғы шарттарын ашып көрсету;
- математика курсының мазмұны мен құрылу логикасын ғылыми мен техниканың және қоғамымыздың бүгінгі талаптарына сәйкестендіру.
ІІ. Пәннің мазмұны мен құрамы жөніндегі дербес міндеттер:
- Орта мектепте математиканы оқытудың қазіргі таңдағы міндеттері мен мақсаттарын анықтай, осыған сай пән мазмұнының ғылыми дәрежесін көрсету;
- Математика пәніне керекті ғылыми материалды іріктеп алу принциптерін көрсету және оларды оқыту ретін анықтау;
- Шетелдік мектептердегі математика пәннің мазмұнын зерттеу және кәдеге жарайтындарын пайдалану;
- Оқушыларға арналған оқулықтар мен оқу құралдарын дайындаудың және олардың одан әрі жетілдірудің ғылыми негіздерін жасау болып табылады.
ІІІ. Математиканы оқыту жөніндег жалпы міндеттері:
- Математиканы оқытудың ерекшеліктерін анықтау және оларды ғылыми негіздеу;
- Педагогикалық процестің жалпы заңдылықтарын математиканы оқытудың нақты ерекшеліктеріне қолдану процестерін зерттеу;
- Математиканы оқытудағы озат тәжірбиені зерттеу және қорытындылау;
- Педагогикалық жаңалықтар мен жетістіктерді математиканы оқыту процесіне икемдеу және проктикалық техникасы мен әдістемесін жасау.
- Математиканы оқыту жөніндегі жекек міндеттер:
- Оқытуды ұйымдастыру формаларын жасау;
- Оқушылардың білімін бағалау және оқытудың жеке әдістері мен тәсілдерін жасау;
- Оқыту процесінің тиімділігін тексеру;
- Мұғалімнің сабаққа дайындалуының мәнін ашып көрсету;
- Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері мен мазмұнын ашып көрсету.
- Математиканы оқыту теориясы жайындағы ілім бойынша жалпы міндеттері:
- Математиканы оқыту процесінде жүзеге асырылатын оқушылардың оқу қызметінің әр түрінің ерекшеліктерін анықтау және талдау, сондай-ақ олардың тәрбиелік мәндерін ашып көрсету;
- Оқушылардың математикалық білімдерін, іскерліктері мен машықтарын жетілдіру мен оларды игеру процестерін зерттеу;
- Математика сабағында оқушылардың творчествалық қызметі мен қабілетін арттыру мен дамытудың тиімді әдістерін анықтау.