Геометриялық фигуралардың 1- сыныпта бұрын беріліп жүргеннен гөрі бір шама кеңейтіліп, берілу себебі пәнішіндік мұқтаждықтан және қажеттіліктен туындап отыр. Өйткені, олар ілгеріде көрнекілік ретінде жиі қолданылады, сондай-ақ дамытушылық сипаттағы жаттығулармен тапсырмалады орындауға тірек білім болып табылады; Ал олардың ішіндегі шығармашылықпен байланыстылары, көбінесе геометриялық фигураларды бөлікке бөлу және бөліктерден құрастыруды көздейді. Сондықтан «дөңгелек», «үшбұрыш», «шаршы», көпбұрыштың түрлеріні атаулары, түзу және қисық сызықтар, «нүкте», «бұрыш», «кесінді» сияқты фигулармен оқушыларды күнілгері таныстыру жүзеге асырылған. Қорытынды нәтижеге оқушылар геометриялық фигуралардың әр қайсысын танып – білуді және оларды бір-біріне ажыратуды үйрету. Ал кесіндіні сызу және оның ұзындығын өлшеу келесі тақырыпта санды ұзындықты өлшеудің нәтижесі ретінде сипаттай беру мақсатында қарастырылып отыр. Олай болса, математиканың алғашқы тақырыбынан бастап –ақ геометриялық түсініктердің, сандардың арифметикасында қызмет жасауға бағындырыла қарастырылатыны байқалды.
Күнделікті сабақ барысында өте жие қолдануға тура келетін кеңістік туралы әр алуан түсініктермен танысу. Соның нәтижесінде заттардың кеңістіктегі орналасу қалпын сөзбен («жоғары», «төмен», «жоғарыда», «төменде», «сол жақта», «оң жақта», «солдан оңға қарай», «алдында», «артында», «арасында», «жанында», «қатар», «үстінде», «астында», «ішінде» және т.б) білдірудің үлгілері көрсетіледі және сәйкес практикалық жұмыстар орындалады. Қорытынды нәтиже: сәйкес сөздерге орай – іс-әрекеттер жасауға жаттығу.
Бұрыштарды тік бұрышпен салыстыру, көп бұрыштың бұрыштарының тік, сүйір, доғал екенін анықтау, көп бұрыштың және оның дербес түрлерінің қабырғаларын өлшеу және ұзындықтарын анықтау геометриялық шамалардың (бұрыш, периметр, аудан, көлем) біртіндеп енгізілуіне дайындық деп түсінген жөн.Дәл осы жерде көпбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы, оны периметрі деп аталатынына назар аударылады. Сондай-ақ үшбұрыштың, төрт бұрыштың, тік бұрыштың (шаршының) периметрін табу үлгілірі көрсетіледі.Сонда оқушылардың 1-сыныпта басталған кесіндінің ұзындығын өлшеумен байланысты білімі, білік пен дағдылары оқытудың тірек нәтижелері ретінде қолданыс табады.