Геометрия элементерін оқып-үйрету барысында «көпбұрыш» ұғымының енгізілуі ерекше кезең болып табылады. Шынында осы уақытқа дейін көпбұрыштың дербес түрлері (бұрыштарының саны үшеу, төртеу, бесеу, алтау және т.с.с) және оның элементері қарастырлған болатын. Енді олардың әрқайсысының түрліп ерекшеліктері болғанымен, тегінің бір екендігіне назар аударылады, яғни олардың барлығын бір ғана атаумен «көпбұрыш» терминімен білдіреміз. Әрі қарай жекеленген фигураға анықтама берудің мүмкіндігі тұғанын көрсетіп беруге болады. Мұнда фигураның ең жақынтегі және түрліп ерекшелігі айқын көрсетіледі.Мәселен: «үшбұрыш» деп бұрыштарының саны үшеу болатын көпбұрышты айтуға болады, сонда бұрыштың ең жақын тегі-көпбұрыш, ал оның түрлік ерекше лігі-бұрыштарының үшеу екендігі.
Тік бұрыш және тік бұрыш емес бұрыштарға түсінік беру де геометрия элементтерін оқытып-үйретудің алға сылжығандығын білдіреді. Өйткені, мұнда алдымен практикалық іс-әрекет барысында тік бұрышты шығарып аламыз.Әрі қарай тік бұрышты шығарып аламыз. Әрі қарай тік бұрыштың дайын моделін пайдалана отырып, онымен басқа бұрыштарды салыстырамыз. Демек, «тік емес бұрыш» ұғымын енгізу практикалық жұмыстың нәтижесімен сипатталады.Геометриялық фигуралаларды бір-бірінен ажыратуға машықтандыратын тапсырмалар, қайталау және пысықтау мақ/да кездесуі мүмкін және олардың бәрі жаңадан енгізіліп отырған түсінік/н тығыз байланысты қарастыр/уы тиіс екенін ескеру жөн.Ұзақтықты өлшеу сантиметрінің көмегімен жүзеге асырылады. Дегенмен,10 санын енгізумен байланысты дициметр жайында қарапайым түсінік беріліп,ұзындықты өлшеу біршама қарастырылады.