Оқушыларға бұрыннан белгілі геометриялық фигураларды пысықтай келе, оларды бір-бірінен ажыратуға машықтандыра түсу жүзеге асырылады,сондай-ақ геометрия элементерін қарастыру біршама жаңа сатыға көтеріледі. Төбесі, бұрышы, қабырғасы болатын және болмайтын фигуралардың мысалдары келтіріледі, ал бұл фигураның мәні белгісін анықтау қажеттілігін сезінуге септігін тигізеді. Геометриялық элементерін оқытып-үйрету барысында «көпбұрыш» ұғымының енгізілуі ерекше кезең болып табылады.
Тік бұрыш және тік емес бұрыштарға түсінік беруде геометрия белгілерін оқытып-үйретудің алға жылжығандағын білдіреді. Өйткені, мұнда алдымен практикалық іс-әрекет барысында тік бұрышты шығарып аламыз. Әрі қарай тік бұрыштың дайын моделін пайдалана отырп,онымен басқа бұрыштарды салыстырамыз, демек «тік емес бұрыш» ұғымен енгізу практикалық жұмыстың нәтижесімен сипатталады.
Бұрыштың төбелерінің беттесуі және бір қабырғаларының беттесуі, ал екінші қабырғалардың беттесуі және бір қабырғаларының беттесчуі немесе беттеспеуі сәйкес бұрыштың қалай аталуын анықтайды.Демек, мұнда геометриялық фигураларды анықтау жолдарының бірі көрініс тауып отырғаннын ескерткен жөн. Бұрыштарды салыстыру арқылы топқа бөлу, көпбұрыштардың бұрыштарын тік бұрышын салыстыру және соның нәтижесінде, көп бұрыштың тік бұрыштарының санын анықтау сияқты жұмыстарфигураларды бір бірінен ажырату үшін ғана емес, оларды анықтауға да мүмкіндік береді. Ондай болса, геометрия элементерін оқып-үйрену 1-сыныптан салыстырғанда оқу жылының алғашқы сабақтарының өзінде-ақ жаңа сатыға көтеріледі деуге толық негіз бар.