Есептерді алгебралық тәсілмен шешу

Бірге амалдарды орындаудың рет-тәртібі және жаңашалар, екі амалдан тұратын. Санды өрнек құру, оқу, жазу және мәні табу, екіншісі біріншісінің жалғасы болатын есептер тізбегін қарастыру да екі амалмен шығарылатын есепті енгізу қарсаңында жүргізілетін арнайы дайындық болып табылады.

Есептің шешуін жазудың 1-сыныптағы үлгісі де өзінің жалғасын табады. Алайда есеп екі амалмен байланысты қарапайым өркен жолдың орта тұсына жазылады. Өйткені,әрі қарай жазудың, онға қарай да, солға қарай да жалғастырылуы мүмкін. Әр амалды орындауда ненің табылатыны міндеті түрде санды өрнек құрылады және оның мәні есептеледі.бір ғана есепті шығарудың әр түрлі тәсілмен жүзеге асырылуы үлгісін көрсетіп берген де жөн. Сонда ғана есепті шығару кезінде негізгі басшылыққа алынатын нәрсе пайымдау екендігін оқушылар түсінеді. Есепті шығаруды әр түрлі тәсілмен жүзеге асырылуына негіздей отырып, қосу амалының терімділік терімділік қасиетін оқушыларға жеткізу мүмкіндігі туғанын оны түсіндіру қажеттігінде естен шығаруға болмайды, Өйткені, осы уақытқа дейін қосудың ауыстырымдылық қасиеті есептеулер жүргізуде өте жиі қоладныылп келген болатын. Ал қосудың терімділік қасиетін қарастыру келешекте оны есептеулерде қолдануға мүмкіндік туғызады. Ал ілгеріде бір ғана есепті әр түрлі тәсілмен шығару есепке сәйкес құралған өрнектің мәнін табуда қосудың терімділік қасиетінің қолданылу аясының мысалы болып табылады және біртіндеп сол қасиетті есептеулер жүргізуде қолдануға машықтандыру жүзеге асырылады. әрине жоғарыда қарастырған бағыттардағы сәйкес жұмыстар оқулықтағы жаттығулар жүйесі арқылы ұйымдастырылады. Оның нәтижесінде есепті шығаруға қатысты білік қатыстырылады және есеппен байланысты шығармашылық іс-әрекеттерді орындауға оқушылар машықтанады.