Натурал сандар жиынынан алынған басқа сандар қойып, ал екінші қосылғышты өзгеріссіз қалдырсақ, онда бұл х+7 түріндегі әр түрлі сандық өрнек шығарып аламыз. Бұл өрнектегі х әр түрлі натурал санды қай орынға қою керектігін көрсетеді. Өрнектегі осындай әріп айнымалы деп, ал өрнектің өзі айнымаласы бар өрнек деп аталады.
Егер х жиынынан – f (x) өрнегі берілсе, онда f (x) өрнегін мағынасы бар болуы үшін айнымалы х-тың қабылдай алатын мәндерінің жиыны немесе
f (x) өрнегінің анықталу облысы деп аталады. Айнымалы және айнымалысы бар өрнек ұғымдарының негіздері бастауыш мектепте қаланады. «Айнымалы», «Айнымалысы бар өрнек» терминдері мұнда пайданыламайды. Бастауыш мектепте әріптері бар өрнек туралы сөз болады. Мұндай өрнектерді жас оқушылар оқиды, жазады, әріптің берілген мәні үшін өрнектің мәнін есептейді, өрнектігі қай әріптің қандай мәндер қабылдай алатынын анықтайды. Ал үшінші класта олар мұндай есептер шығара алады.
Бастауыш кластрада өрнек ұғымын қалыптастыруда берілгендері әріптер болатын есептердің алатын орны аз емес. Мұндай есептерді шешу әріптері бар өрнектер құруға тіреледі. Осы уақыттқа дейін қарапайым санды өрнектермен жұмыс ұйымдастырылса, енді олардың құрылысы күрделене түседі, яғни екі амалдан туратын санды өрнектерді қарстыру басмырақ болады. Мұндағы басты мәселе- өрнекті құру мен жазу және өрнекті оқу мен оның мәнін табу. Өрнекті құру және жазу кезінде қарапайым өрнек қосынды не айырма болса, міндетті түрде жақшаға айналады және амалдарды орындаудың рет –тәртібі ережелі басшылыққа алынады. Ал өрнекті оқу соңғы орындалатын амалмен байланысты болады да, оынң мәнін табу амалдары орындаудың, рет- тәртібі ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.