Санның ондық құрамына негізделген қосу және азайту тәсілдерін қолдану екі таңбалы санды оқу, жазу салыстыру және жіктеу сияқты іс-әрекеттерді орындау арасында жүзеге асырылады. Мұндағы ең басты мәселе- оқушылардың есептеу тәсілдерін саналы игеруіне қол жеткізу, содан кейін тиімді тәсілдерімен есептеулер жүргізу арқылы сәйкес білік пен дағдыларын қалыптастыру. Есептеулерді жүргізу кезінде толқылаулар ауызша айтылады, яғни сәйкес түсіндірме келтіріледі, ал ақтың нәтиже жауап бірден жазылады. Ал егер амалды орындаумен байланысты сәйкес түсіндірме жазылса, онда амалдарды орындаудың рет-тәртібі ережесіне қайшы келмеу жағына баса баса көңіл бөліну тиіс, яғни жақшаға алынған амалдың, алдымен орындалатыны басшылыққа алынуы керек. Сәйкес жазудың үлгісі: 23+2 =20 + (3+2) = 25 немесе 23+2 = 25 түрінде болуы мүмкін.
Мәселен, «30 және 10 сандарының айырмасына 8-ді қос»- деген, онда бірінші амалмен байланысты өрнекті жақшаға алып жазамыз, яғни (30-10). Енді осы айырмаға 8-ді қосып, соңғы амалмен байланысты өрнекті жазамыз, сонда (30-10)+8 шығады. Мұндағы амалдардың орындалу реті азайту Þ қосу. Ал (30-10)+8 түрінде жазылған өрнекті оқу үшін соңғы орындалатын амалды анықтаймыз, ал- қосу амалы. Осы амалмен байланысты бірінші қосылғыш -8. Демек, 30 және 10 сандарының айырмасы мен 8-дің қосындысы.