Осы тақырыптағы алгебра элементтері ретінде санды теңдік және санды тізбек, санды өрнек және оның мәні, әріпті өрнек және оның мәні, қарапайым теңдеулер және оларды шешуді атаған жөн. Осылармен байланысты 1- сыныптағыдай жұмыстар мен іс-әрекеттер орындалады да, оқушылардың бұрыннан игерген білім, білік және дағдыларды тиянақтала түседі. Соның нәтижесінде өрнектерді құруға, оқуға, жазуға және олардың мәндерін табуға оқушылар машықтана түседі. Әсіресе қарапайым теңдеулерді шешудің, сынан көру тәсілі пысықталып, ілгеріде теңдеуді шешудің тиімділік тәсілдерін енгізуге күнілгері дайындық жасалады, яғни тура теңдіктер құру, оқу, жазу, оларды салыстыру, таразыны пайдалаынп, заттың массасын өлшеу, таразының теңестіру, оның табақтарындағы заттардың массаларын салыстыру өрнектерді салыстырудың негізгі тәсілі ретінде олардың мәндерін есептеп табу және салыстыру сияқты мәселелер тиянақтала түседі. Құрылымы күрделі санды өрнектеуді құру, оқу, жазу мәнәі табу және салыстыру, қарапайым теңдеулерді « сынан көру» тәсілімен шешу сәйкес түсініктері мен ұғымдардың мән –мағынасын аша түседі. Және оны оқушылардың сапалы игеруіне тікелей пайдасы тиеді. Ал осымен байланысты жаттығулардың «қосымша жүктелесі» кестелік білік пен дағдыларды шыңдай түседі. Өйткені санды және әріпті өрнектердің мәндерін табу және теңдеуді шешу кестесі қосу және азайту сондай-ақ ондықтан аттамайтын жағдайларда ауызша есептеу тәсілдерінің бірін қолдануға келтіріледі.