1.Балаларды жақсы жаза білуге үйретуді оқуға үйретумен қатар жүргізіледі, алғашқы сабақтардан бастап әріпті анық және дұрыс жазуға баулу керек. Осы жұмыста негізінен үш мәселеге ден қойылады:
1). Әріптерді дұрыстап жазу және жеке әріптерді өзара құрастырып жазуға үйрету;
2). Әріп элементтерінің дұрыс жазылуын қадағалау;
3). Балаларды жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқият қарауға жаттықтыру.
Алғашқы бір апта өткен соң оқушылардың жазу жұмысына екі дәптер арналады.1- сыныпта дәптердің сыртқы адресін мұғалім өзі жазып береді,ал 2-3 сыныпта оқыған кезде оқушының өзі жазады.Дәптердің сыртқы адресі толық жазылған соң сыртын кленкамен қаптатылады,оның сыртын таза,ұқыпты ұстауын ескертіп,үзбей қадағалап отырылады.Дәптерлері толық біткенше жаңасын бастатпау керек.
Оқушылардың таза да әдемі жазуға дағдылануы қаламын дұрыс ұстап,жаза білуіне байланысты. Сондықтан алдын ала қаламдарын дұрыс ұстауды, дәптердің жазуға арналған жолынан асырмай, әріптерді біркелкі жазудың қажеттігін күнделікті айтып отырылады. Әріптерді жазудан бұрын сөзді буынға, дыбысқа бөлдіріп, жазатын әріпті алдын-ала қолдарымен ауаға жаздыртып, содан соң оқулықта берілген сөздердің, жекелеген дыбыстардың үлкен-кішісін тақтаға жазып көрсетіледі.Әріп элементтерін жаздыруға көрнекі құралдарды пайдаланамыз.Жазу сабақтарында әр оқушыға ішінде тапсырма берілген екі дәптерден таратып,оларды күнде тексерумен бірге тағы да әріп элементтерін жазып көрсетіп,жақсы жазған оқушыларды мадақтап,үлгі етеміз.Кейбір оқушыларға жазылуы қиындау тиетін әріптер мен сөздерді қара қарындашпен 4-5 жолға жазып беріп осы жазулардың үстін сиямен қайта жүргізуді тапсырамыз.Бұл әдіс бала қолының қалыптасуына себін тигізеді.Міне, мұнан кейін тақтадан сөздер көшіру,жазу үлгісінен көшіру бірте-бірте күрделене береді.Мұнан кейін жазу сабақтарында әріптердің,сөздердің ара қашықтығы қандай болу керектігін айтамыз. 1-сыныпқа арналған дәптер беті ара қашықтығы 9 мм болатын түзу сызықтармен бөлінген.Кіші әріптердің биіктігі 4 мм, бас әріптердің биіктігі 8 мм.Орындалған әр жұмыстан соң немесе әрбір аяқталған текстен кейін қазақ тілі дәптерлерінде төрт торкөз жол тастап жазуын ескертеміз. ( Бұл бір жұмыспен екінші жұмыстың шегін көрсету үшін және баға қою үшін қажет).Оқушылардың жазып бітірген дәптерін жинап аламыз да әр айдың соңында әр оқушының бұрынырақта жазып бітірген дәптері мен қазіргі дәптерін салыстырып көрсетеміз.Алғашқы кезде әдемі жазған оқушы кейін жазу жұмысы көбейген кезде асығыс,қалай болса солай жазуға бой ұрады.Сондықтан мұндай жайлар мұғалімнің назарынан тыс қалмағаны жөн.
Каллиграфияны жақсартуда тәрбие сағаттарын да пайдалануға болады.Оқушы тақтаға сөйлем жазғанда қателерін өздеріне таптыру,қате жазған сөздің астын сызып қоюды тапсырамыз. Қатені түзетуді ойын түрінде, ал қиын сөздерді есте сақтау үшін жарыс ұйымдастыруға болады. “Әліппе” кезеңінде жазылатын диктант әріп, буын және сөз түрінде жүргізіледі.5-6 минуттық жазу жұмысының соңында әр баланың жазуын анықтап көруге болады.
- Әр сабақтың оқушыларға түсінікті болу үшін түрлі методикалық әдіспен түрлендіре жүргізіп, көрнекілік, техникалық құралдарды орынды пайдалануға тырысамыз.Сабақтарда суреттер, кинофильм, эпидиаскоп, фильмоскоп, магнитофон, таблицалар пайдаланудың оқушылардың сабақты түсініп оқуына беретін мүмкіншіліктері мол. Ал мұғалімдер 1- 4 сыныптардағы пәндерге папка арнап, оның сыртын нөмірлеп,өзі қолдан салған суреттерді, схемаларды, көрнекіліктерді, дидактикалық материалдарды, суретті карточкаларды, геометриялық фигураларды, жиналған жұмбақ, жаңылтпаштарды тізімдеп сақтап, күнделікті сабақтарға пайдаланамыз.
Оқулықтарға бір дәптер арнап, оны графаларға бөліп, әр оқушының фамилиясы тұсына белгі соғып, әр айдың ортасында оқулықтарды тексеріп, қалай күтіп ұстап жүргендерін анықтаймыз.Сыныптағы оқушылар оқулық сыртын кленкамен қаптауды әдетке айналдырған.Оқу жылының соңында кленканы жинап алып, келесі оқу жылындағы кітапты қаптауға сақтап қоюға болады.Бұл оқулықтың тозбауына және таза болуына үлкен септігін тигізеді.
Оқу жылының алғашқы апталарының бірінде “Кітаппен жұмыс” атты тәрбие сағатын өткізуге болады.Онда әңгімелер оқып, кітап, білім туралы нақыл сөздердің мәнін түсіндіреміз.
Оқу кабинетінің қажетті құралдармен жеткілікті жабдықталуының оқушылардың білім алуына әсері мол.Мұғалім оқытатын сынып кабинетінің оқылатын пәндерге сәйкес жабдықтау керек.
Сынып қабырғалары “Кім болам”, “Жер жүзіне нұр болған”, “Ер есімі ел есінде” т.б. стендтер безендіріледі.Сынып кабинетінде дұрыс ұйымдастырылған жұмыс оқу процесіне септігін тигізіп,шәкірттердің білім деңгейін жақсартуға, ал мұғалімдердің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды жан-жақты жетілдіруіне көмектеседі.