Жазу сауаттылығы мен каллиграфиясының өзара байланысы

1.Бастауыш сынып оқушыларын дұрыс жазуға үйрету жұмысында көзделетін негізгі мақсат-олардың қате жібермей,сауатты жазу дағдысын қалыптастыру.Бұл мәселе жөнінде де орыс мектептерінің емлеге үйрету методикасы тарихына зер саламыз. Өйткені сонау ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс мектебі үлгісімен оқу-ағарту ісін жаңаша құрған Ы.Алтынсариннен бастап орыс тілінің хат таныту,дұрыс жазуға үйрету әдіс-тәсілдерін қалыптастыру жолында алғашқы қадам жасады.

Орыс мектептерінде дұрыс жазуға үйрету методикасы гүрамматикалық және антиграмматикалық деген екі бағытта болды.Ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский дұрыс жазуға үйретуді грамматиканың негізінде,грамматикалық анықтама-ережелерді саналы түрде қолдану арқылы жүргізу методын ұсынады.Демек,орфографиялық дағдыны қалыптастыруда грамматикалық бағытқа жетекшілік мән беріледі.Грамматикалық әдіс оқушылардың сөзді дұрыс жазу жолын саналы түсінуін қамтамасыз етеді.Оқушылардың сауатты жазу дағдысының қалыптасуына грамматиканың теориясы мен орфография ережелерін меңгерулері негіз қалайды.

Бастауыш сыныптың сабақтарында оқушыларды сауатты жазуға үйрету мұғалімнің басты міндеті.

Сауатты жазуды әуелден меңгермеген баланың жоғары сыныпқа барғанда түзелуі қиынға түседі.Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушылардың жастары қатар болса да қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі.

Әр сыныптың өзіндік ерекшелігі ескеріліп зерттелгеннен кейін, білім деңгейіне сай тапсырма беріледі.Сауат ашу кезеңінде сөйлем,сөз,буын,дыбыс ұғымдарын меңгертуде оқулықта берілген суреттер арқылы тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі.

Сауатты жазу дегеніміз әріптерді тастамай,шатастырмай жазу. ( Оқушыға буындап оқыту, сөздерді буынға дұрыс бөлгізу керек.Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты жазады.) Ол үшін дыбыс пен әріп туралы түсініктерін 1- ші сыныптан-ақ дұрыс қалыптастыру қажет.

  1. Оқушыларды дұрыс жазуға дағдыландыру ісінде грамматикалық бағыттың күшке енуіне методист А.М. Пешковский ( 1878-1933) елеулі еңбек сіңірді. Сөйтіп қазір біздің оқыту жүйемізде орфографиялық дағды берудің негізіне грамматикалық білім алынды.Ал,орфографиялық дағды беру процесінде көру,есту, сөйлеу аппараты,қол қимылы және сөйлеу факторлары өз тұстарынан қызмет көрсетеді. Сонымен қатар үйренілетін орфограмманың сипатына қарай факторлардың атқаратын рөлі бірде артып,бірде кеміп отырады.

Сауатты жазу дағдысы емле ережелерін жақсы білуге байланысты қалыптасады.Оқушылар емле ережелерін өз бетімен емес,мұғалімнің үйрету нәтижесінде ұғынады.

Орфография зерттейтін объектілер мыналар:

  1. Әріптердің жазылу емлесі.
  2. Түбір мен қосымшалардың қолданылу жолдары.
  3. Сөздің бөлек-бөлек не бірігіп,я дефис арқылы жазылу емлесі, қысқарған сөздердің жазылуы.
  4. Бас әріптердің қолданылуы мен жазылуы.
  5. Сөздің тасымалдану жолдары.
  6. Шылау сөздердің жазылу емлесі.

Мектеп программасы бойынша бұл орфограммалар бастауыш сыныптарда түгелдей өтіледі. Бірінші сынып оқушылары қазақ тілі пәні құрамында әріптердің және бас әріптердің жазылуын,сөздердің тасымалдану тәртібін,түбір сөздің жазылуы мен сөйлемдегі сөздердің бір-бірінен бөлек жазылатынын оқып,практикалық жұмыс орындау арқылы дұрыс жазу дағдысын қалыптастыра бастайды.