1.Бұл жұмыстардың мақсаты — балаларды көркем, анық, дұрыс жазуға үйрету. Ол үшін жазуға мынадай шарттар қойылады:
1)Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірінен қашықтығы біркелкі болуы.
2)Әріптердің биіктігі біркелкі болып шығу.
3)Әріптердің негізгі элементтерінің біркелкі келбетпен жазылуы.
4)Сопақша және жарты сопақша кұрсау түріндегі әріп элементтерінің, сондай-ақ қисық, түзу сызықтан құралатын әріп элементтерінің бір-бірімен кілт жалғастырылмай, бірте-бірте созылыңқырап барып, жіңішкеріп жалғастырылуы.
5)Әріптердің кескіні қабылданған үлгіге сәйкес, дұрыс жазылуы.
6)Сөздерді жазғанда әріптердіц дұрыс жалғастырылуы.
Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір мақсат — балаларды шапшаң жазуға үйрету. Өйткені практикада шапшаң оқудың қандай маңызы болса, шапшаң жазудын да сондай маңызы болады.
Жазу барысында орындалуға тиіс ережелерді мұғалім балаларға оларды жазуға үйретуден бұрын көрсетіп, түсіндіреді: мысалы, екі аяқ тік бұрыш қалыпта бүгіліп немесе жазылыңқырап еденге (столдың кергішіне) тіреліп тұрсын; жазғанда көкіректі столға тақап тіремей, столдың шетінен 3 см қашық ұстап түзу отыру керек.
Екі иық кеудемен бірдей, түзу тұруға тиіс. Жазғанда окушы тым еңкейіп, столға көкірегін тіреп отырса, дәптерге көзі тым жақындап, жақыннан көруге үйреніп кетіп, бірте-бірте сәл алыстағыны көре алмайтын болады. Дәптерге жарық сол жақтан түсіп, қолы жазуды көлеңкелемейтін болсын. Екі қол шынтаққа дейін стол үстіне қойылсын. Дәптерді сол қолмен ұстап, жазу төмен түскен сайын жоғары жылжытып отыру керек. Қолдың қалам ұстаған жері көкіректің дәл орта тұсында болу керек. Дәптер де оқушының көкірегінің дәл орта тұсында жатсын. Әйтпесе басты оңға я солға қисайту немесе дәптерге көздің қиығымен қарауға тура келеді.
Жазуға үйретуден бұрын бірнеше рет дайындық жаттығулар жүргізіп, балалардың қолын қимылға, көзін шамалауға үйрету керек болады. Дайындық кезеңінде балаларды жазу сабағына қажет материалдармен және жазу аспаптарымен таныстыру, партаға қалай отыру, дәптерді қалай қою, қаламды қалай ұстау ережелерімен таныстыру, саусақтарды қимылдатуға бүгуге, жазуға жаттықтыру, білекті қимылдатуға жаттықтыру керек. Әріп элементтерінің, әріп кескіндерін дұрыс меңгеріп, жазу әдістеріне төселе бастаған кезде балалар бірте-бірте қолды жүргізіңкіреп, такт бойынша жазуға үйренулері қажет.
2.Оқушыларды дұрыс жазуға үйрету барысында мұғалім мыналарға көңіл бөлуге тиіс: материалдың тәртіппен өтіліп, жазуға берілетін текст алдын ала таңдалады. Каллиграфиялық жағынан дұрыс жазу үлгілерін мұғалім тақтаға, оқушылардың дәптеріне жазып көрсетіп отырады. Балалардың дәптерлері күн сайын қаралып, тексеріліп, кемшіліктері, оны қалай түзету жолы көрсетіліп отырылады. Айына бір рет болса да байқау жұмысы жүргізіледі.
Жазу сабағы шамамен мынадай жоспар бойынша жүргізіледі:
- Жазғанда партаға қалай отыру ережелерін балаларға ескертіп, өзі аралап көріп, дұрыс отырмағандарын дұрыстап отырғызады.
2.Сабақтың мақсатын,алдын ала тұрған міндеттерді көрсетіп,мұғалім жаттығуды,әріп элементтерін,сөзді, фразаны тақтаға жазады,оқушылар мұғалімнің қолының қалай қимылдау жайын қарап,бақылап отырады.
3.Мұғалім оқушылардың алда тұрған міндеттерді қаншалықты ұққан-ұқпағандарын анықтап алып,жазуға кірістіреді.
- Мұғалім партаны аралап жүріп,жазу процесін бақылайды.
- Жазу аяқталғаннан кейін оқушылардың кемшіліктері мен жіберген қателері айтылады,түзетіледі,жақсы жазғандары жарияланады.