Сөйлеу әрекеті туралы түсінік және сипаттама

  1. Ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстары қатар жүргізіліп отырылады.Оқушылардың жазба тілін дамытуда сөйлемдерді белгілі бір тақырып жүйесімен байланыстыра құрастырып,белгілі мазмұнды мәтін түзуге дағдыландыру арқылы жүргізіледі.

Жазбаша сөйлеу үлгі шығармашылық нұсқа үлгі бойынша және нәтижелік нұсқа тілдік әрекетке талдаудың түрлері және мәтінді бақылау жұмыстары жатады.

Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту үшін топтап көрсеткенде, мына бағытта жұмыстар ұйымдастырылады:

  • шағын іс-қағаздарды түріне байланысты мәтін құрастыру ( хабарландыру , өтініш, сенімхат, күнделік т.б.);
  • шығармашылық мәтін құрастыру ( мақала, очерк жаздыру);
  • шығарма жазу.

Негізінде бұл жоғарыдағы бағыт бойынша жазбаша тіл дамыту шығармашылық әрекет бойынша жүргізіледі.Өйткені, бұл кезде оқушы өз ойынан, көргені, естігені, оқығаны бойынша белгілі бір мәтін құрастырады немесе белгілі тақырып бойынша материалдар жинаттырып, тақырып таңдап белгілі мәтін түрлері бойынша шығарма жазады.Ал бұл аталған әрекет түріне дағдыландыру үшін негізінде мәтінмен жұмыс ұйымдастырылады.

Жазба сөйлеу – сөйлеу әрекетінің айрықша түрі: ол ақпаратты графикалық байланыс арқылы, яғни, графикалық түрде қалыптастырып, сөйлеу тұрады. Сонымен жазбаша сөйлеу әрекеті сөйлеудің экспрессивтік түріне жатады.

  1. Жазбаша тілді дамыту негізінде жазудың психофизиологиялық сипаттамасына байланысты жүргізіледі.Сондықтан Н.И.Жинкиннің айтуы бойынша ақпаратты жазбаша түрде беру өте күрделі іс-әрекеттердің қатарына жатады.Ойды жазбаша түрде жүргізу барысында сөйлеу екі сатыдан тұрады: а) ойды ауызша жеткізу үшін дыбыстық хабарды қалыптастыруға қажетті элементтер; ә) дыбыстық кодты графикалық кодқа айналдыру.Жазбаша сөйлеудің қалыптасуының екі сатысы: кодтау немесе кодты ашу және графикалық канал бойынша кодтау және жазба сөзді алдын ала ауызша қалыптастыру жазудың ауызша сөзбен және оқумен тығыз байланыстылығына әкеліп соғады.

Жазбаша хабардың қалыптасуын талдау арқылы бұл іс-әрекетті жүзеге асыру барысында барлық анализаторлар іске қосылатынын көреміз: есту, көру т.б. әрекеттер жазуға қатысы болады.Мұндай әрекет арқылы игерілген материал есте тез әрі берік сақталады.Олай болса жазбаша сөйлеуге дағдыландыратын жаттығулар тіл материалын тез игеріп,адам өмірі мен қызметіндегі жазбаша сөйлеудің, сонымен бірге оқушының тілін дамытудың тиімді құралы бола алады.