1.Әдетте, сөз кұрамында айтылатын тіл дыбыстарының жазба тілде кағаз бетіне түсіп жазылуы және соған орай оқылуы үшін олардың белгілі бір таңбалармен белгіленуі шарт. Тіл дыбыстары жазуда графикалық таңба-әріптермен таңбаланады. Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан әріптердің жиынтығы алфавит деп аталады.
Ал графика дегенде белгілі бір тілдегі фонемаларды және олардың тіркесін белгілеу тәсілдерінің жиынтығы дегенді түсінеміз. Л. В. Щерба графиканы «алфавиттің ережелері (қағидалары)» деп те атайды.
Графика белгілі бір қағидаларға негізделеді. Графиканың ең басты мәселелерінің бірі — тілдің алфавитіндегі әріптердін, құрамы туралы мәселе. Графикалық қағида бойынша, әр түрлі фонемалар бір ғана әріппен таңбаланбай, олардың әркайсысының өзіне телінген таңбасы (әріп) болуы керек. Екінші сөзбен айтқанда, графика белгілі бір әріп бірнеше фонеманың таңбасы емес, бір фонеманың таңбасы болсын деген қағидаға негізделеді. Бұл қағида графиканың ең басты қағидаларының бірі болып саналады. Ал, егер әр түрлі фонемалар бір ғана әріппен таңбалана берсе, онда сауат ашу, оқыту ісі, емлені үйрену қиындай түсер еді. Алайда бұл айтылғаннан белгілі бір тілдегі фонемалардың саны мен әріптердің саны өз ара тепе-тең болуы шарт деген ұғым тумауға тиіс. Графиканың транскрипциядан1 айырмашылығы сол, ол (графика) тілдің дыбыстык құрамын дәлме-дәл және түгел қамтып көрсетуді мақсат етпейді. Алфавиттегі әріптер транскрипциялық таңбалар емес, ол (әріп) басқа әріптермен түрлі-түрлі қарым-қатынаста бола отырып, әр түрлі фонемаларды таңбалауы мүмкін. Мысалы, орыс тілінде жуан дауыссыз дыбыстан жіңішке дауыссыз дыбыс қосымша таңба — жіңішкерткіш белгі (ь) арқылы ажыратылады. Орыс тілінде 35 дауыссыз фонема бар. Ал егер әрбір фонема өз алдына бөлек әріппен таңбаланған болса, онда орыс тілінің қазіргі алфавитініңқұрамында барәріптердіңүстіне палаталь дауыссыздарды белгілейтін тағы да 15 әріп қосылған болар еді. Мұның өзі орыс алфавитінің құрамындағы әріптердің санын жасанды түрде ұлғайту болар еді. Орыс графикасына бір ғана жіңішкерткіш белгіні және дауысты дыбысты белгілейтін төрт әріпті (жіңішке дауыссыздан кейін келген е, о, и, а фонемаларын белгілейтін е, ё, ю, я әріптері) енгізу арқылы палаталь дыбыстар таңбаланып, соның нәтижесінде орыс алфавиті ықшам және қолайлы алфавит бола алды. Әдетте, алфавит өзінің құрамындағы әріптердің молдығымен емес, ықшамдылығымен ұтымды болады. Ықшамдылықтың да орынды, орынсыз болатыны бар. Алфавиттегі әріптердің саны ықшам, жинақы болсын дегенге суйеніп, кез келген әр түрлі фонемаларды бір ғана әріппен таңбалай беруге болмайды. Бұлай ету жазуды да, оқуды да күрделендіріп ауырлата түседі. Өте ұқсас фонемаларды, емле мен оқыту ісіне залалы тимейтін болса ғана, бір әріппен таңбалауға болады.
Кейде фонемалардың тіркесін бір ғана әріппен таңбалауға тура келеді. Мысалы я, ю, е әріптері орыс тілінде сөз басында, дауысты дыбыстан және ъ, ь әріптерінен кейін йа, йу, йе дыбыстарының (фонемаларының) тіркесінің таңбалары ретінде жұмсалады.
Кейде керісінше жағдай болуы да мүмкін. Бір фонема екі әріптің тіркесімен таңбаланады. Мұның өзі әр түрлі болады: 1) бір фонеманың таңбасы ретінде қолданылатын екі әріптің біреуінің дербестігі болмай, диакриталық таңба тәрізді қызмет атқаруы мүмкін. Бұған орыс тіліндегі дауыссыздардың жіңішке екендігін көрсететін, бірақ өз алдына ешбір дербестігі жоқ әріп — жіңішкерткіш белгі (ь) мысал бола алады; 2) бір фонеманың таңбасы ретінде жұмсалатын әріптердің тіркесі дербес қолданыла алатын әріптерден де кұралады. Мысалы, ағылшын тілі мен неміс тілінде сһ және пg әріптерінің тіркесі бір-бір фонеманың таңбасы ретінде қолданылады. Мұнымен бірге бұл әріп тіркестерінің құрамындағы әріптердің әрқайсысы жеке фонеманың таңбасы ретінде де жұмсала алады; 3) кейде қос әріп созылыңқы дауысты дыбысты таңбалайды. Мысалы, қосарланған аа, оо әріптері хақас, тува тілдерінде созылыңкы ао дыбыстарын белгілейтін таңбалар ретінде қолданылады.
2.Рет-ретімен орналасқан әріптердің жиынтығы алфавит деп аталады дедік. Өте-мөте кең таралған алфавит — латын алфавиті мен орыс алфавиті.
Әзірбайжан, қазақ, қырғыз, қарақалпак, өзбек, түрікмен, татар т. б. түркі тілдерінде сөйлейтін халықтардың алфавиті 20-жылдардың аяғына дейін араб графикасына негізделген алфавит болды. Бірақ араб алфавитінде ұқсас әріптердің көп болуы және ондай әріптердің бірінен екіншісі қосалқыбелгілер арқылы ғана ажыратылуы, бір әріптің сөз басында, ортасында және соңында келуіне қарай, түрліше таңбалануы, алды-артындағы әріптермен кейде бірге, кейде бөлек жазылуы, алфавит құрамында түркі тілдеріндегі дыбыстарды (әсіресе дауысты дыбыстарды) таңбалайтын әріптердің жетіспеушілігі т. б. Сауат ашу, оқыту ісінде де, баспа техникасында да көптеген қиындықтар туғызды.
Қазақ халқы 1929 жылы латын графикасының негізіндегі жаңа алфавитті қабылдады. Осы жылдары еліміздегі туркі тілдерінде сөйлейтін басқа да халықтар латын алфавитіне көшті.
Латын алфавитінің сауат ашуда болсын, баспа ісінде болсын, араб жазуы негізіндегі алфавитке қарағанда, әлдеқайда прогрестік маңызы болды. Латын алфавитіндегі әрбір әріп өзінің жеке тұрғандағы қалпын сақтайды. Бұл алфавиттің кұрамында 29 әріп бар еді. Бұлар байырғы сөздерді дұрыс жазуға мүмкіндік берді. Латын графикасы негізіндегі алфавит сауатсыздықты қысқа мерзім ішінде жоюға көмектесті. Осындай жетістік жақтары бола тұрса да, латын графикасы негізіндегі алфавит орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген көптеген сөздер мен терминдерді дұрыс жазуға төтеп бере алмады. Мұның өзі бір сөзді әр түрлі жазу, ғылыми-техникалық терминдердің айтылуын бұрмалау сияқты қолайсыз жағдайларға ұшыратты.
Біздің елімізде түркі тілдерінде сейлейтін халықтар орыс графикасына негізделген алфавитке көшуді қажет деп тауып, 30-жылдардың аяғы 40- жылдың басында жаңа алфавит қабылдады. Қазақ халкы орыс графикасына негізделген жаңа алфавитті 1940 жылы қабылдады. Орыс алфавитіндегі 32 әріп түгелдей қабылданып, оған қоса орыс тілінде жоқ дыбыстарды таңбалайтын 9 әріп алынды да, әріп саны 41-ге жетті. Орыс тілінде жоқ дыбыстардың қазақша таңбалары, қ ғ, ә, ө, ұ, ү, і,ң һ) орыс алфавитіндегі әріптерге (о, к, г, у, я ұқсас болу жағы ескерілді. Орыс графикасына негізделген жаңа алфавит қазақ жазуын бұдан бұрын әріптің жетіспеуіне байланысты болып келген қиыншылықтан біржола құтқарды. Орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген көптеген сөз бен терминді дұрыс жазуға мүмкіндік туды. Мектеп оқушылары латын алфавиті тұсындағыдай, екі алфавитті емес, шын мәнінде бірақ алфавитті танып білуге мүмкіндік алды. Орыс графикасына негізделген алфавитті қолданудың жиырма жылдан астам тәжірибесі жазуымыздың өте икемді, алфавит тарапынан ешбір қиындық келтірмейтіндігін іс жүзінде дәлелдеді.
Графика мен орфография1 өзара тығыз байланыста болады. Орфография дегеннен дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы дегенді түсінеміз. Тілдің дыбыстық жағы оның сөздік құрамы және грамматикалық құрылысымен астарласып, өз ара байланыста болады. Осыған орай фонетикалық жазу (әріппен жазу) тілдің дыбысталу жағын ғана емес, сонымен бірге лексикасы мен грамматикалық ерекшеліктерін де қамти алатындай болуы керек. Орфография дұрыс жазудың нормасы мен қағидаларын белгілегенде, тілдің әр түрлі жақтарын және олардың байланысын бірдей ескере отырып, нақтылы принциптерге сүйенеді, соларды негіз етіп алады.