Шығарма жүргізудің әдістемелік ерекшелігі

1.“Шығарма” деген сөздің мағынасы кең шағын комплектілі бастауыш мектеп оқушыларының орындайтын жазба жұмысы-шығарма-оқушылардың әдебиет пен қазақ тілінен алған білімін жетілдіру үшін, не өз ойын, дүние танымдық көзқарасын сол уақытқа дейін аталған білімімен ұштастыра отырып,еркін түрде баяндауы үшін мұғалімдердің бағыттауымен сыныпта не үйде жазған өзіндік еңбегі.Одан оқушылардың жазып отырған тақырыбына өзіндік көзқарасы,ойы,пікірі,өзіндік топшылауы айқын көрініп тұруы тиіс.Яғни ол-оқушының шығармашылық ісі,өзінің төл еңбегі.Сондықтан да оқушылардан көркем сөз шеберлерінің еңбектерімен үнемі терең танысып,одан көркемдік ләззат алып,сол шығармамен байланысты өзіндік пікірін,ойын өзіндік тұрғыда жаза да,айта да алатындай дәрежеге жетуі талап етіледі.

Шығармада оқушы өз ойын белгілі жүйемен,логикалық бірізділікпен мақсатқа сай жеткізе білу қажет.Мұндай талаптың қаншалықты дәрежеде орындалуы шығарма құрылысына,жоспарына тікелей қатысты.

Қандай да болмасын адам өзінің ойын басқа біреуге жеткізу үшін іштей толғанып,ойланып,жобалап,топшылап алады.Мұндай жұмыстың жазбаша түрде көрінуін жоспар,жоспарлау деп жүрміз.

Сондықтан ойды аузша,жазбаша жеткізудің құрылысы болады.Атап айтқанда ауызша әңгіме кезінде әр кісі өзінің нені айтпақшы екендігін,оны қалай жеткізбекші,қандай мәселеге басты назар аудару қажеттігін ойланады,яғни адам өзінің ойын жеткізу үшін белгілі бір жүйе жасайды.Міне,мұндай құбылыс ауызекі қарым-қатынас жасаудан гөрі жазбаша ойды жеткізуде өте айқын болады.Оны мұғалімдер шығарманың құрылысы деп жүр.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте шығарма жазудағы негізгі кезеңнің бірі тақырып таңдау,яғни,шығарманың мақсатына байланысты басты мәселе тақырыпты белгілеу болмақ,Өйткені шығарма тақырыбының не екенін,оның мәнін түсінгенде ғана оқушы шығарманы дұрыс,жүйелі жаза алады.

Оқушы шығармасындағы тақырыбының-негізінде оқушы бұрын таныған,оқыған талданып,талқыланған мәселелердің жиынтығы болған жөн.

Сырттай қарағанда осылай көрінгенмен,оның ішкі мәні терең де күрделі.

Өйткені тақырып-шығармада жан-жақты айқындалып,ашылуға тиісті пікірлер негізінде белгіленеді.Сол себепті қойылған тақырыптар сол бөлімде айтылатын пікірлердің жиынтығын білдіруі тиіс.

Сондықтан тақырып-талдап,талқыланатын мәселенің қысқаша атаулық ұғымы жазылуға тиісті объектінің шындығы.Тақырып құрамды бөлшектерге бөліне алады.Оның бөлшектері тақырыпша деп аталады.Сондықтан,тақырып кең де,тар да болуы мүмкін.

2.Шағын комплектілі бастауыш мектепте көп жағдайда оқушылардың шығарма жазарлық дағдысы және теориялық білімі жетіспейді.Өйткені төменгі сыныптарда мұғалімдердің бірсыпырасы оқушылардың ынта-назарын мазмұндама,диктант жазуға бөледі.Сол себепті жоғары сыныпқа келген оқушылардың ішінен бірден шығарма жазып кете алмайтын,тіпті шығарманың не екенін білмейтіндер де кездеседі. Осы кемшілікті түзету үшін шығарма жазуды үйретуді негізінен тоғызыншы сыныпта аяқтауда мақсат еткен жөн. Бұл мақсатқа жету үшін алдымен шығарма жазуға оқушылардың ынтасын арттыру керек. Мұны шағын комплектілі мектепте оқушыларға шығарманың ерекшеліктерін, түрлерін таныстырып бастаған жөн.