1.Шағын комплектілі бастауыш мектепте қазақ тілі дамуының ғылыми негізі Қазан төңкерісіне дейінгі дәуірден басталды.Қазақстанда педагогика тарихы,сондай-ақ,қазақ тілін оқыту мәселелері Ы.Алтынсарин есімімен байланысты. Ол ұлы орыс халқы мәдениетінің демократияшыл идеяларынан сусындады,мектептегі оқу процесінің ғылыми негізде құрылуын,халықтың жаппай білім алуын, халқымыздың мәдениетінің ілгері дамуын аңсады.
“ Мектеп-қазақтарға білім берудің басты құралы,біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы,тек қана осы мектептерде” деген болатын.
2.Шағын комплектілі бастауыш мектептерде қазақ тілін оқыту мәселелері өз заманында Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастарынан айқын көрінеді.Бүкіл өмір жолын мектеп ашумен,қазақ балаларын оқуға талпынтқан,бастауыш сыныптарға арналған оқу құралдарын жазуға жұмсады.Мұны қазақ жерінде екі сыныпты шағын комплектілі қазақ-орыс мектептеріне арнап жазылған “Қазақ хрестоматиясы” және “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” оқулықтарының жарық көруінен байқауға болады.Қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашу жұмысын тұңғыш рет дыбыстық әдіс бойынша ұйымдастырды.Ол оқулыққа жазған алғы сөзінде “ 8 бөлімге бөлініп берілген зат аттарын оқушылар жаттап алғаннан кейін,әрбір бөлімнің соңында берілген грамматикалық ережелерге “Құралда”берілгеннен де молырақ тоқталу қажет және келтірілген үзінділерге сәйкес оқушыларға жаңа сұрақтар қойып,род(тек),септік т.б. бойынша сөздердің өзгеруін олар игеріп алғаннан кейін,соған ұқсас мысалдарды көрсетіп беру керек,”-деді,сондай-ақ жаттығу жұмысына,ауызша және жазбаша ойын дұрыс айтып,жаза білуге,еркін сөйлеуге үлкен мән берді.
А.Байтұрсынов шағын комплектілі бастауыш мектептерде қазақ тілі оқыту әдістемесінің іргетасын қалады.1920 жылы “Баяншы”деген әдістемелік кітапша шығарды. Мұнда мұғалімдерге “Әліппені”,”Қазақ тілін” пайдаланудың сауат ашу әдістерінің жол жобасын көрсетіп берді.
М. Дулатов Алтынсариннің ұстаздық идеяларын дамытты.Шағын комплектілі бастауыш мектептерге “ Есеп құралы” атты еңбегін жазды.Күнделікті қазақ өмірінен алынған қазақ психологиясына бесенеден танымалы тапсырмалар алында.
Шағын комплектілі бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда қ азақтың белгілі қоғам қайраткері Ж.Аймауытов 1929 “Комплексті оқыту жолдары “деген еңбегінде бастауыш сыныпта оқытудың дидактикасын талдап берді.
М.Жұмабаев 1921 жылы бастауыш сыныптарға арналған “Сауатты бол”,,”Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы” еңбектерінде бастауыш сынныпта қазақ тілін оқытудың әдістемелік мәселелерін қозғайды.
Шағын комплектілі бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту мәселелеріне байланысты Ш.Әлжанов “Ұлт мектептері қазіргі кезеңде”деген еңбегінде шәкірттердің қазақ тілін меңгерудегі саналылығы мен жинақтылығының өлшемдері,баланың өз бетімен кітап оқу дағдысын қалыптастыру жөнінде әңгімелейді.