Жас ұрпақтың құлық тәрбиесінде ұлттық тәртіп пен мінез ерекшеліктерінің алатын орны зор. Ұлттық қадір -қасиет дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға жетіп отыр. Тәртіп пен мінез ерекшеліктері өзгеріп отырады. Олар халқымыздың өмір сүру жағдайына ,әлеуметтік экономикалық және географиялық ортасының шарттарына байланысты қалыптасады.
Халқымыздың рухани бейнесін бір жағынан әдебиет ,өнер, ғылым, екінші жағынан мінез-құлық, ұлттық сезім, әдет-ғұрыптар т.б. бейнелейді. Ұлттық мінез-құлық ерекшеліктері адамдардың біріккен өмірі мен күресінде ,әлеуметтік, табиғи географиялық материалдық мәдени жағдайының шарттарына лайықты қалыптасты. Соның әсерінен әрбір адамға ұлттық мінез- құлық ,саналы тәртіп ,болымды қылықтар сезім көріністері, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары пайда болды.
Қазақ халқының мінез- құлқында орын алған өзара көмектесу ,әсіресе басқа түскен қуаныш пен қайғыда бір-біріне риясыз көмектесу , баға жетпес моральдық сүйемелдеу кезінде байқалады. Адам баласының өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмет көрсету өшпес дәстүге айналған .
Өскелең ұрпақты өмірге және еңбекке даярлау үшін хақымыздың тарихи тәжірибесіне сүйеніп ,мұғалім оқушылардың іскерлігін ,дағдысын, құлықтық қасиеттерін қалыптастыруға тырысады: ізгі ниеттілік, адалдық, кішіпейілдік, ілтипаттылық, орындағыштық, жауапкершілік т.б.
Құлық тәрбиесінің міндеттері .
- оқушыларды қоғамның моральдық нормасына оындауда қатыстыру .
- — оқушылардың тәртіп және мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру :
- балалардың санасына және мінезіне педагогикалық ықпал жасаудың бірлігін қамтамасыз ету :
- Отанға ,халқымызға, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке балалардың
Жауапкершілік сезімін тәрбиелеу .
Бұл міндеттерді жүзеге асыру :біріншіден, тәрбие процесінің объективті және субъективті жақтарының бірлігіне ,яғни оқушыларға қойылатын педагогикалық тылаптарға –бұл объективті жағына: ал, жеке адамның қоғамдық норманы меңгеруі, -бұл тәртіп пен мінез-құлық тәрбиесінің субъективті жағына байланысты: екіншіден, тәрбие шараларының мазмұнына ,идеялық деңгейіне байланысты.
Құлық тәрбиесі балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіледі.
Бастауыш сыныптарда оқушылардың тәртіп, құлық, достық, жолдастық және Отан туралы ұғымы қалыптасады, кеңиді, ата-аналарын ,үлкен адамдарды құрметтеуге үйренеді, еңбекке сүйініп қарайды ,ізеттілік сақтайды.
Әртүрлі іс-әрекеттерінің барысында бастауыш сынып оқушылыры , тәртіптік жолдастық өзара көмек беруге , өзара түсінуге дағдыланады. Олар оқу еңбегіне өзінің қатынасын , мектептегі ,үйелмендегі және қоғамдық орындарында өзінің мінез-құлқының қандай болу керектігін біледі.
Сонымен, оқу және тәрбие барысында бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мінз –құлық туралы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны байиды.
Педагогтар мен ата-аналар тарапынан баланың дамуында адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуында ағаттық, педагогикалық қателіктер жіберіледі.
Осының нәтижесінде тәрбиесі қиын балаларды байқауға болады. Педагогикалық тәрбиесі қиын балалар –бұлар оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар. Олар дөрекі , әдепсіз, барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келкеді. Мұндай тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептердің бірі— үйелмен тәрбиесіндегі кемшілік, яғни балаларын оқытуда ,тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы, бала мінезінде мейірімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады.
Екінші себеп-бұл үйелмендегі сәтсіздік-маскүнемдік, ұрыс-төбелес, ұрлық, ата-аналардың және үйелмен мүшелерінің жеңілтек мінез-құлықы , ал бәрінен жаман ажырасу- неке бұзу.
Үшінші себеп –ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады.Кейбір үйелмен баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын, қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді.
Төртінші себеп-бұл сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарындағы олқылықтары мен кемшіліктері. Тәрбиесі қиын балалар жөнінде сынып жетекшілерінің іс-әрекеті көпшілік жағдайда кейбір жұмыстар мен ғана шектеледі.
Осы жағдайға байланысты сынып жетекшілері тәрбиесі қиын балалармен жұмыс барысында мына мәселелерді еске алу қажет.
а) тәрбиесі қиын балалардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу ;
ә) олардың кемшіліктерін терең зерттеу, психологиялық- педагогикалық жәнемедициналық мәліметтерін жете білу ;
б) мектептерде мақсатқа бағытталған жоспар бойынша нақты жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру, жетілдіру.
Тәрбиесі асқын балалар мен жүргізілген жұмыс өнегесін озат мектептердің іс-тәжірибесінен көруге болады.
Біріншіден,педагогикалық ұжым және ата-аналар комитеті бірігіп, балалардың жағымсыз мінездерінің себебін анықтайды, оны іске асыру үшін шаралар белгілейді.
Екіншіден, мектептегі тәрбие жұмысындағы сабақтастықты іске асырады. Сынып жетекшілері күнделік жүргізіп, онда оқу жылының бойында жүргізілген жұмыстарды жазып отырады. Бұл күнделіктер сыныптан сыныпқа беріліп, ондағы мәліметте мен, яғни жүргізілген жұмыстың мазмұны және әдістері мен келесі сынып жетекшісі танысады, өзінің істейтін жұмысының мақсатын, бағытын анықтайды.
Үшіншіден, тәрбиесі қиын жеткіншек жастағы балаларды әр түрлі жұмыстарға –жиналыстарға ,түрлі жарыстарға , кештерге, өздігімен іс-әрекетіне, бастауыш сынып балаларын шефке алуға т.б. белсенділікпен қарастырады.
Төртіншіден, мұғалімдерді педагогикалық-психологиялық біліммен қаруландыру үшін кейбір мектептерде тұрақты семинарлар жұмыс істейді, оларға тікелей көмектеседі.