Бастауыш мектеп оқушыларын жекелік тұрғыдан қарау әдістемесі

Педагогика баланың дамуына өте нәзік, күрделі диалектикалық процесе деп қарастырады. Даму процестерінің қозғаушы күштері ішкі қайшылық күресі. Даму процесінің сан өзгерістері сан өзгерістеріне ауысып отырады. Мысалы: баланың даму процесінде мынадай заңдылықтарды байқауға болады: Алғашқы кезеңде бала тілінің дамуы, оның түсіне білуіне және сөздік қорына байланысты. Сексеннен астам сөздерді меңгергеннен кейін баланың айналадағы адамдармен қарым –қатнасы кеңейіп, олардың сұрақтарымн сөздеріне түсіне бастайды. Баланың ойлау, сөйлеу, сезім сияқты психикалық процестерінде бірте-бірте өзгерістер пайда болады. Осының нәтижесінде баланың ақыл –ойы дамуының жаңа кезеңіне көшеді.

Даму-әр уақытта бірыңғай тұтас процесс. Оның кейбір ерекшеліетерін атап көрсетуге болады. Организімнің дамуы ең алдымен мүшелердің өсіп жетілуіне байланысты. Әртүрлі мүшелер бір қалыпты өсіп жетілмейді. өйткені, организімнің өсу қарқыны тұрақты емес. Сондықтан өсудің тездеу кезеңдері баяулау кезеңдерінен кейін немесе крісінше байқалып отырады. Мысалы, жыныс мүшесінің жетілу кезеңінде өсу күшейеді соңынан баяулай бастайды.

Жеке адамның психикалық дамуы-бұл оның іс әрекеті мен мінез-құлқындағы саналылығының өсіп жетілуі. Сананың дамуы мен адамның қоршаған дүниені жете түсінуін, яғни, оның табиғи, әлеуметтік ортаға көз-қарасы мен қатнасын айтады. Ал сана дегеніміз-обьективтік шындықтың бейнелеуінің жоғары формасы.

Сана адамның іс -әрекеті барысында пайда болады. Еңбек және қоғамдық қатнасы нәтижесінде адам өзіне және өзінің іс-әрекетіне қоршаған ортаға жете түсінеді. Оның сана сезімі дамиды. Дамудың нәтижесінде адамның сыртқы көріністері байқалады. Оларға өзін -өзі бақылау мен бағалау, намыс өз қадірін сезу, өздігінен жетілуге талаптану.

Мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға тән және олардың құмартып кірісетін іс әрекетінің бір түрі ойын. Ойынның бірнеше түрлері бар. Оларға шығармашылық ақыл –ой, спорт ойындары тағы басқалар жатады. Бұл жастағы балалар, әсіресе геолок, теңіз кемесінің капитаны, космонавт болып ойнауды сүйеді және солардай болуды арман етеді. Мұндай шығармашылық ойындар айналадағы ортаны танытуды бірте-бірте танытады. Әр түрлі ойындарды мамандыққа бағдар беру тұрғысынан қарастырсақ, онда олар балалар үшін келешек мамандықты танудың бет ашары болуыда мүмкүн. Балалар алға қойған мақсатынорындап ойынды аяқтайды.

Жеке адамға талап қою және құрметтеу бірлігін сақтау дегеніміз-тәрбиеленушілерге шамалары келерліктей талап қоюды, олардың әлсіздіктері мен қыңыр қылықтарын мақұлдай бермеуді білдіреді. Сонымен бірге балаларға ақпейіл және қамқор қарым –қатынас, ойлы сүйіспеншілік көрсете білу керек. Орыстың тамаша революцияшыл демократы. Н. А. Добролюбов балалармен араласу өнерін ашып көсете отырып, ең бастысы-баланың адамдық табиғатын құрметтеу деп жазды.

Оқушы мінез –құлқының жақсы ж ағына сүйену, әрине, оның мінез -құлқындағы кемшіліктер мен нашар жақтарын назардан тыс қалдыруға болатыныгн білдірмейді. Дегенмен, бұл кемшіліктерді тым бадырайтып, әр қадам сайын ескерте берудің жөні жоқ. Кемшіліктері көп ескерілетін балалар өздеріне түзелмейтін адам ретінде қарай бастайды. Олар өзіне, өз күші мен мүмкіндіктеріне деген сенімнен айрылады. Жағымды қасиеттерді тауып, оны тәрбиелік ықпал етудің сүйеніші ретінде пайдаланудың маңызы үлкен.