Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи фактрлар жатады.
Қазақтың ұлттық ойындары: Көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу т.б.
Қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірі мен тығыз байланысты. Оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан, оның тәбиелік маңызы аса жоғары әрі құнды. Қазақтың ұлттық ойындары дер кезінде қағаз бетіне түсіп үлгермегендіктен ұмыт болған. Дер кезінде қағаз бетіне түспей жинаушылардың көзінен таса қалған ойындар әліде көп кездеседі. Мысалы: Сары құлан, ақ аю, жылмаң, топай ойындары.
Бастауыш мектептердегі балалардың дене тәрбиесі барысында қозғалмалы ойындарға жетекші роль беріледі. Дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі реінде көп қозғалысты ойындар сауықтыру және тәрбие білім беру мүмкіндіктерін шешеді.
Ойын барысында балалардың қозғалғыш ширақтығы бүкіл организмде жігерлі жағдай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді.
Қимыл –қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен формасы жағынан эстетикалық әрекет болып табылады. Балалардың бұрын игерген қимыл дағдыларын тірек ететін әр алуан қимыл ойындары оларға қолайлы дәлдікпен қалыптылықтан, ептіліктен, ерекше мәнерліктен көрінеді. Ойындардың әсіресе, халық ойындарының эстетикалық сипаты ойын бастауы мен, әңгімелесуімен, санамақпен, байи түседі.
Балаларға музика ерекше эстетикалық ықпал жасайды: Ол балаларды жігерлендіреді, олардың көңіл күйін біріктіреді, қимылға эстетикалық сипат береді.
Ойындар мазмұны жағынан екіге бөлінеді: сюжетті және сюжеттсіз. Сюжетті қимыл қозғалыс ойындары шартты формада өмірлік немесе ертегі оқиғасын бейнелейді. Балаларды ойында шығармашылық пен көрінетін ойын бейнелері қызықтырады. Мысалы: Мысық пен тышқан, қасқыр мен қақпан.
Сюжетті қимыл-қозғалыс ойындары балаларды өздеріне түсінікті мақсатқа жетуге жетелейді. Олар өз кезегінде ойындардың тоқтап жүгіру, ұстап алу және осы сияқты үлгілеріне бөлінеді.
Халық ойындарын тәрбие жұмысында пайдалану мектеп келесі шарттарды орындаған жағдайда нәтиже береді:
-сынып жетекшілері, тәрбиешілер және тағы басқалар халық ойындарына жауапты қарап кез келгенде ғана емес, жоспарлы және күнделікті пайдалану.
-оқу жылы басында тәрбие жұмысының жалпы мектептік жоспарын, башылыққа алып, сынып жетекшілері және пән мұғәлімдері өздерінің жоспарларына міндетті түрде халық ойындарын енгізу.
-тәрбие ісін меңгеруші халық ойындарын тәрбие жұмысы жоспарларына кіруін бақылау.
-оқушылардың ойынға қызығуын көтеру үшін оларды ұйымдастырушылар мазмұны мен ретін біліп қана қоймай, оларды өткізуге өздеріде қатысу.
-халық ойындары сабақтарда, тәрбие сағаттарында, кештермен ертеңгіліктерде қолдану мектептің кәсіптік бағдар жұмысының мазмұнына енгізу.
Экалогиялық тәрбиенің негізгі мақсаттары:
- Экологиялық нормалардың, ережелердің қажеттілігін оқушылардың мінез құлқына тәрбиелеу
- Қоршаған ортаға жауапсыздық пен қараушыларға жол бермеу.
- Жастардың бойында экологиялық мәдениетін қалыптастыру:
(А) тұлғаның мінез-құлқында;
(Ә) қоғамдық пайдалы еңбекке және еңбек тәрбиесі арқылы айналадағы табиғатты қорғауда, күтуде және жақсартуда;
(Б) экологиялық білімді насихаттауда;
(В) ең алғашқы кәсіби еңбекте.
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты. Өйткені өедірістік іс-әрекеттің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді.
Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығына ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам. Тағы басқа. Жасайтын табиғат заттарын қалай пайдаланумен танысады.
Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасы оқушыларды төмендегі іскерлікті, дағдыны қалыптастыруға бағытталған; өсімдіктердің даму кезеңіне фенология лық бақылау жүргізу; метеппен және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану. Оқушылардың негізгі экологиялық жұмыстарының түрлері.
-көшет мтериялдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды өрттен қорғау, орман тоғайдағы зиянды жәндіктермен күресу.
-пайдалы хаиуандарды қорғау олардың есебін алу.
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:
- Өмірде және нақты еңбек іс- әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу.
- Табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу.
- Әрбір мектепте экологиялық білім және тәрбие қоғамын ұйымдастыру.
- Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық штабтар құрады, жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады.