Тәрбие –динамикалық ,диалектикалық және үзіліссіз процесс.
Тәрбие-дегеніміз адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп ,жаңа ұрпақтарға қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі.Жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамдық жолға қарай дамуын қамтамасыз ету.
Балада берік һәм дұрыс мінез пайда болу үшін тәрбиеші мынау негізгі екі шартты орындау керек.
1.баланың өз қолынан келетін іске балаға толық ерік
берілуі.
Басқаның күшіне , көмегіне сеніп кетпей, өз қолынан келмейтін істе ғана тәрбиеші көмек көрсетіп жіберуге міндетті. Күшпен асатын іске кірісіп, баланыңтауы шағылмасы үшін
2.баланы құбылмайтын ,ұсақтықпен темір тәртіпке бағындыру керек.Баланы еркіне жіберу оны ерлікке ,батырлыққа үйретсе,темір тәртіпке бағындыру оны шыдамдылыққа бағындыру , табандылыққа үйретеді. Осы екі жағы тең адамның мінезі күшті болмақ қой.Баланы тіпті еркіне жібермеу оны жасқаншақ, жасық, қорқақ қылады. Ал тіпті тізгінсіз қоя беру, ләм-мим демей, оның бар еркелігінорындай беру баланы бейбастық, ессіз тентек қылып шығарады.
Осы екі жақтың біреуіне аударып жібермей баланы ортада ұстай білу үшін тәрбиеші мынаны істеу керек.
1.балаға бір нәрсені істе дегенде ақырмай, бақырмай,салмақпен һәм былайда жарайды, деген табансыздық көрсетпеу керек.
Тәрбиешінің табансыздығын сезсе,бала оны сыйлаудан, тілін алудан қалады.Тәрбиеші тиянақты болса, бала оның тиянағына еліктейді.
2.балаға бір нәрсе істе деген де ,істеме дегенде де ,бұл бұйрықтың себебін ұқандай қылып балаға ұқтырып отыру керек.
Себебін ұқса, біраздан соң бала өз бетімен –ақ дұрыс іске ұмтылып ,теріс істен тиылатын болады.Мән жайын ұқтырмай ,құр бұйрық беруші адам –тәрбиеші емес.
Тәрбие деген-баланы бетке қақпай ,бетімен жіберу емес .Яки отырса-басқа ,тұрса аяққа ұрып ,көрбала қылып өсіру де емес.Баланы тәрбие қылу –тұрмыс маңдайында ақылы мен ,әдіс пен күресе білетін адам шығару деген сөз-дейді М.Жұмабаев.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың өзіне дербес ерекшеліктерін еске алып, оқу тәрбие жұмыстарында сана сезімін ояту , өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету мұғалімнің басты міндеті.Мұғалім оқушының білімге ,қызығушылық ынтасын ,спорт ойындарына құштарлығын анықтайды.Өзін-өзі тәрбиелеуге жүргізілетін жұмыстар тақырыптары; ақыл-ой , құлық ,еңбек, эстетикалық тәрбиесін ұштастырып алады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев мұғалімдердің Республикалық ІІ –сиезінде атап көрсеткендей ,оқыту мен тәрбиелеудің бір –бірінен ажыратып қалуы, тәрбиенің оқытуға қосымша шара деңгейіне дейін төмендеп кетуі де жастар арасындағы мұратсыздық пен кері кенеушілікке себеп болды. Сондықтан да Үкімет білім беру жүйесін реформалау мақсатында Қазақстан Республикасының Білім Заңын және соған сәйкес жасалған “Білім беру мекемелерінде тәрбие үрдісін ұйымдастырудың кешенді бағдарламасын”жасап енгізді.
Тәрбиенің 11 бағытын ұсынды.
-
- Ақыл-ой тәрбиесі.
- Дене тәрбиесі.
- Салауатты өмір салтына.
- Адамгершілік тәрбиесі.
- Оқушылардың өзін-өзі жетілдіру.
- Саяси тәрбие.
- Құқықтық тәрбие
- Еңбекке тәрбиелеу.
- Эстетикалық тәрбие.
- Экологиялық тәрбие.
- Экономикалық тәрбие.
Бастауыш сыныптардың жас ерекшеліктеріне байланысты 9 бағыты таңдап алынған.
- сынып оқушыларын тәрбиелеудің негізгі ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ ,мектепке келу –баланың өміріндегі маңызды оның өсіп жетілуі мен тәрбиесіне терең із қалдыратын кезең.
Сабақ барысындағы тәрбие оқушының бәріне бірдей көңіл бөлуді талап етеді.Мысалы мұғалімнің жеке басының этикасы ,сынып тазалығына мән беруі, амандасуы сияқты 1-2 минут қана уақыт кететін сабақтың ұйымдастыру кезеңі арқылы ғана адамгершілік эстетикалық тәрбие элементтері бала бойына сіңеді.
Мұны А.С. Макаренко “Лекций о воспитаии детей”еңбегінде ,Сіз баланы өміріңіздің әрбір сәтімен тәрбиелейсіз дей келе ,баллардың бойында жақсы әдеттердің мықтап қалыптасуына ұмтылу керек,ал бұл мақсат үшін ең бастысы – дұрыс әрекет жасауға ұдайы жаттықтыру болып табылады,деп тәрбиешіге үлкен жауапкершілік жүктейді.
Бұл жерде әдіскер немесе сынып жетекшісі тәрбиелеуші күштерді шоғырландыру тактикасын қолданатыны сөзсіз. Жеке пән мамандары өз салалары бойынша тәрбие жұмыстарын сабақ арқылы да ,сабақтан тыс уақыттада жүргізіледі. Мұндай жүйенің тиімділігі 1-ден ,өзіміз сөз етіп отырған оқыту мен тәрбиелеу үрдістерінің біріктірілуін жүзеге асырады.
2-ден мұғалімнің барлығы да бір үлгіде ,бірдей тәрбие ісіне тартылады.
3-ден тәрбие мен тікелей мамандар айналысатындықтан тәрбие тиімді болады.
Сонымен қатар кешенді бағдарлама “Тұлға әрекет үстінде ғана қалыптасады” деген әдістемелік тұжырымды басшылыққа алады. Бұл жрде мұғалім –оқушы ата-ана,яғни субъект- субъект –субъект қатынасындағы екінші субъектінің мүдделілігіне тоқталмай кетуге болмайды.Олар:өзін-өзі бақылау, зерттеу, шығарма ,тренинг , дебот т.б.
Тәрбие үрдісі кезінд келесі субъекті болып табылатын ата-ана мектептегі сабақ үрдісін үйде жалғастыра отырып,тәрбиелеуші болып есептеледі. А.С. Макаренконың
“Ерте бала кезінен бастап тәрбиелеу –қайта тәрбиелеуге қарағанда әлдеқайда жеңіл”-дейді.
ХХғасырдың ірі өкілі белгілі ағартушы Ж. Аймауытов ұстаз қызметін былай суреттейді ‘балаларға білім берумен ,тәрбиелеумен мұғалімнің қызметі тәмәм болмайды. Ол балаларды тәрбиелеуге, үгіттеуге міндетті, басқаша айтқанда ,мұғалім қарапайым қызметкер емес, ол шәкірттерінің алдағы өмірін өз басынан кешірген тәжірибесіне таянып оларға келешекте өмірден аяғын шалыс басып , соққы жеп өкінбеске күні бұрын сақтандыратын қорғаушы қамқоры’’.
Білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ сиезінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев “Мұғалімдер-қоғамның ең білімді, ең ойшыл, білгілеріңіз келсе, ең ” сынампаз бөлігі болып табылады.Білім саласы қызметкерлерінің отаншылдығы халықтың басқа буындармен салыстырғанда анағұрлым ауыр қиындықтарды бастан кеше отырып, жастарға өзінің бойындағы бар білімін беріп қана қоймай, оларды адамдық, адалдық тазалық гуманизм Отан сүйе білу секілді асқақ сезімдерге тәрбиеленуінен дейді.