Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ұжымдық шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі

Студенттерге төменгі сынып оқушыларына ұжымды қалай ұйымдастыру жолдарыфн түсіндіру және ұжым қалыптасты ма ,жоқ әлде формализм ба екенін ұғындыру.

Жекетұлға әр түрлі іс-әрекет арқылы дамып қалыптасады.Іс-әрекет –айнала қоршаған ортаға қарым-қатынасын белсенді түрде білдіретін ең маңызды форма.

Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеті арқылы оқушылардың қоғамдық өмірге қажетті білім,іскерлік дағдысы қалыптасады.

Ұжымдық шаралар неғұрлым көп ұйымдастырылса ұжымның беріктігі соешалықты мықты болады.Әрбір іс шара бір-біріне,қоршаған ортаға ,достарына қамқор болуға үйретеді.

Ұжымдық шығармашылық іс-әрекетте оқушыфлар алдарына қойған мақсаттарды орындауда бірігіпізденеді,жоспарлайды ұйымдастырады.

Шығармашылық іс тек көз алдау үшін жасалынбайды,үйымдастырылады.

Әрбір шығармашылық іс өзінің сипатына қарай бір-бірінен ажыратылады.

1.Еңбекке баулитын-шығармашылық іс.Оның негізгі мақсаты-айнала қоршаған орта туралы балалар білімін молайту,қуанышты өмір негізгі еңбек екендігіне балалардың сенімін,көзқарасын қалыптастыру,еңбекті өз еркімен,шығармашылықпен істеуге үйрету.

2.Танымдық қабілеті мен білімді дамытатын шығармашылық іс.Танымдық шығармашылық іс өмірде әлі сыры ашылмаған,анықталмаған беймәлім нәрселерді,жұмбақтарды ұжымдық түрде береді.Танымдық шығармашылық іс оқушылардың білімге ұмтылуын,табандылығын,байқағыштығын шығармашылықойлауын, рухани байлығын дамытады.

3Көркем өнерге баулитын шығармашылық іс.Бұл шығармашылық іс мақсатты түрде балалардың эстетикалық талғамын дамытып,өнерге деген рухани мәдениетін ткөтеріп ,жан дүниесін байытады.

4Спорттық шығармашылық іс.Спорттық шығармашылық шаралардыбасты тәрбиелік мәні балаларды спорттық сауыққтырк шараларына,дене шынықтыру сабақтарына көзқарасын дамытып,қоғамның шыныққан мүшесі болуға дайындау.Спорттық шығармашылық іс шапшаңдық,ептілік шыдамдылық,батылдық,ерлік қасиеттерінің қалыптасуына көмектеседі.

Шығармашылық шараларды ұйымдастырудың мынандай маңызды жақтары бар.

1.Балалардың өз өмірін өздері басқара білуге сенімін қалыптастыру.

2.Оқушылардың ойлауын,қиялын дамыту.

3.Оқушыларды өз беттерімен шешім қабылдауға үйрету.

4.Бала бойындағы қорқыныш, үрей сезімдерін жойып,өзіне деген сенім туғызу.

5.Оқушыларды әр түрлі өнер саласына баулу.

6.Оқушылардың күлкі,юморлық сезімлерін дамыту.

7.Бала бойындағы рухани күшінің басым жақтарын байқату.

Әрбір істе балаларға өз шығармашылығымен қатынасуына,іздеуіне мүмкіндік беруіміз керек.Бала ойы таза шындықтан құралады.Кейде үлкендер бала жан дүниесіне өзінің ой жүйесін ендіріп,бала психикасына әсер етеді. Әрбір педагог өз тәжірибесімен бала күш-қуаты шығармашылығын біріктіруі қажет.

Ұжымдық шығармашылықты ұйымдастыру алты кезеңне тұрады.

1-Кезең-күні бүрынғы ұжыммен жұмыс. Бұл алғашқы әңгімелесу түрінде өтеді. Әңгімені балаларды қызықты пайдалы іске жұмылдыру мақсатымен мұғалім жүргізеді.Нені қалай істейміз?

Кім ұйымдастырад?

2-кезең-ұжымдық істі жоспарлау.Жоспар шағын топтарда жасалынады,оның шешімі жалпы топқа жарияланады, топта бекітіледі.

3-кезең-ұжымдық шығармашылықісті әзірлеу. Әзірлік орталығын құру үшін уақытша ұйымдастырушы роган іс кеңесі сайланады. Кеңесшілері ата-аналар,педагогьар бола алады.Кеңестің мақсаты жоспарды іске асыру үшін,оны нақтылау,әзірлікке бақылау жасау.

4-кезең-ұжымдық шығармашылық істі өткізу.Бұнда ұжымдық жоспар іске асырылады.Бұл кезең әр түрлі құпия-қызықтарға ,таңғажайып жағдайларға толы болады.

5-кезең-Ұжымдық шығармашылық істің қорытыныдсын шығару. Ұжымның жалпы жиынында өткізілген істің қорытындысын шығару.

6-кезең-Шығармашылық істің әсерін бақылак.

Оқушылармен ұжымдық шығармашылық шаралар,сайыстарөткізу болады.Бұл шаралар ұжымдық түрде оқушылардың шығармашылыққабілеттерінің дамуына әсер етеді.