Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларда әлеуметтік тәжірибе қалыптастыруда ойынды құрал ретінде ұйымдастыру әдістемесі

Балалар кішкентай кезінде ойын арқылы өседі .Сондықтан да әсіресе 1-сынып оқушыларына сабақ өту үстінде серпіліс ойындарын көбірек пайдаланамыз.Өйткені олар ойынға бейім тұрады.Ойын арқылы берген оқу-тәрбиеміз нәтижелірек болады.Қай уақытта ,қалай ойын қажет екенін ұйрету

.

Ұлыттық ойындар халық педагогикасының бір саласы Ол сандаған ұрпақтың керегіне жарап,оларды өмірге әзірлеу қажеттігін өтеген,сыннан өткен сенімді тәрбие құралы.Халқымыз ойындарға тек балаларды алаңдату,ойнату әдісі деп қарамай жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарының .мінез-құлқының ,қырағылығы мен тапқырлығының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған.математика сабағында ұлттық салт-дәстүр мазмұнды есеп ойындарын пайдалану оқушылардың тапқырлығын,ой-өрісін жетілдіреді. Ойынның мазмұны мынадай болуы мүмкін:

Үш бала асық ойынынан кейін үйлеріне қайтып келе жатты.

-Үшеумізде он оннан асық бар еді.

Енді кімде қанша асық қалды?-деп сұрайды бірінші бала.

-Он қалыпты,-дейді екіншісі.

-Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен ,-дейді асықтарын түгелдеп қалтасына салған үшінші бала.Сабақтан тыс уақыттаойналатын ұлттық ойын барысында :

тынығады

өмір таным кеңейтеді

оқушы

бірлеседі

ұйымшылдыққа үйренеді

-Ең көп ұтылған мен ғой,-дейді бірінші бала.т.б. Сабақтарда серпіліс ойындарының бірнеше түрлерін пайдалануға болады.Баршамызға белгілі ,ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады.Баланың бойында:ойлау,тапқырлық,шыдамдылық,ұйымдастырушылық,белсенділік қасиеттер қалыптасады.

Ұлттық педагогика тарихы Әл-Фарабиден басталады. Ал қазақ ғылыми педагогикасының негізін салған-Ыбырай Алтынсарин. Халықтық педагогика дегеніміз-адамның таным ,наным,ұғым, салт-дәстүр, сенім, әдеп-ғұрып, мінез-құлықтың жиынтығы. Халқымызда өз ұрпағына жақсы тәрбие беретін жақсы салт-дәстүрі болған. Тәрбие беруде адамды тәрбиелік кезеңдерге бөліп қараған

Жалпы дәстүрдің 60-тан асқан түрлері бар. Халықтық педагогиканы мектепке енгізу оңай шаруа емес. Оның ғылыми негізін білуіміз керек. Біздің мақсатымыз -өз халқының этногендік ерекшеліктерін бойына жинақтаған,мәдениетін,тілін, әдет-ғұрпын, дінін толық меңгерген жеке тұлға эталон адамды қалыптастыру.

Халықтың ауызекі поэтикалық шығармаларының ішінде тәрбиенің тапсырмас құралы ретінде ойындар мен ойын өлеңдерін маңызы зор .Оларда адамдармен күнделікті тұрмыс әрекетінің сан қыры, еңбегі, ұлттық бастаулар намыс, қайсарлық ,ер жігерлік туралы түсінігі ,ептілікті, шыдамдылықты жылдамдықты, күш қайратты ,әсем қимыл –қозғалысты меңгерту тілегі, ұстамдылыққа ,тапқырлыққа қоршаған ортадан алған әсерін шығармашылықпен көрсетуге ,сонымен бірге жеңіске жетуне деген талпынысы айқын байқалады. Мәселен, ‘’Асау мәстек’’ ойыны ептілікті шыдамдылыққа машықтануды және ат үстінде өнер көрсетуге қажетті басқа да қасиеттерді қалыптастырсак,’’Қалай айтуды білемін’’ ойыны табиғат құбылыстарынанхабардар болуды талап етеді.Жан-жануарлардың мінез-құлқын , олардын сыртқы көрінісін , олардың шығаратындыбысын айнытпай салып беруі тиіс. Ойын аздап театрланған ойын-сауық түрінде өтеді, мұнда ән, жыр айта білу, көрген білгенін есте сақтай білуқабілетіне мән беріледі. Халық ойындары көркем эстетикалық ден тәрбиесінің ажырамайтын бөлігі болып саналады. “Қоғикөк ” ойынында билеп жүріп, хормен өлең айтуда үйлесімділік байқалады. Халық ойындары тосыннан туған қызықты кезеңдермен балаларға ұнайтын, санамақ, қаламақ, жаңылтпаш, жұмбақ, күлдіргі ойындармен жиі сүйемелденіп отырады. Санамақ пен қаламақ, әдетте, ойынның басында ойынға қатысушыларда тез ұйымдастыруға, олардың жүргізушіні әділ таңдай білуіне, ережені қолма- қол бұлжытпай тиянақты орындауына көмектеседі. Көңіл күйге тез әсер ету қабілеттерін эстетикалық талғамын дамытады. Санамақ балалардың екі топқа бөлінуінен қажеттілік туғанда пайдаланылады немесе санамақ арқылы жүргізушіні таңдайды. Ал қаламақ арқылы кейбір ойындарда жасырын ат бойынша ойнаушылар жетекшіден алма- кезек кімді қалайтынын сұраған кезде пайдаланылады. Мысалы: “Ойнаушылар: Аспандағы жұлдыз керек пе? Судағы құндыз керек пе?” деп сұрайды. Жүргізушінің бірі “судағы құндыз” деп жауап берсе, құндыз бала сұраған жаққа шығады.

Қойылатын аттар ойыншылардың тілегіне байланысты болады. “Алтын асық керек пе? Күміс қасық керек пе?”, “Түйенің ботасы керек пе?”, “Жердің жотасы керек пе?”- мұндай ойында тез ойлануға, тапқырлыққа баулиды. Санамақ “Соқыр теке” ойнында да қолданылады. Жүргізуші:

  • Бұзау, бота құлыншақ,

Тоқты, серке, тай, торпақ,

Тана, тайлақ, құнан, дөнен, бесті бар.

Бұқа, бура, айғыр, қошқар, теке бар.

Сүзегенсіз, тентек теке, жеке қал

Көзін байла, теке- теке, “бақ- бақ”

Соқыр теке міне қайдан іздеп таптақ,- деп, ойынға қатысушылардың әрқайсысына мал аттарын қоя отырып, соңғы баланы тентек теке атандырады…

Жүргізуші тентек текені ортаға шақырып, көзін таңа бастағанда “тентек теке” былай деп өлеңдетеді:

Қараңғыда көзім жоқ,

Тиіп кетсе сөзім жоқ.

Маған жақын келіңдер,

Бір қыз ұстап беріңдер.

Көзі байланған соқыр текені айлана қоршағанда мазақтап:

Соқыр, соқыр, соқырақ,

Оң көзіне топырақ.

Топырағын алайын

Тотияйын салайын,

Ал ұстап көр, батырым.

Міне, келе жатырмын- деп, өлеңді айтып болған соң жан- жаққа қашады. Соқыр теке ұстауға ұмтылады

Педагогика баланың дамуына өте нәзік, күрделі диалектикалық процесе деп қарастырады. Даму процестерінің қозғаушы күштері ішкі қайшылық күресі. Даму процесінің сан өзгерістері сан өзгерістеріне ауысып отырады. Мысалы: баланың даму процесінде мынадай заңдылықтарды байқауға болады: Алғашқы кезеңде бала тілінің дамуы, оның түсіне білуіне және сөздік қорына байланысты. Сексеннен астам сөздерді меңгергеннен кейін баланың айналадағы адамдармен қарым –қатнасы кеңейіп, олардың сұрақтарымн сөздеріне түсіне бастайды. Баланың ойлау, сөйлеу, сезім сияқты психикалық процестерінде бірте-бірте өзгерістер пайда болады..

Оқушы мінез –құлқының жақсы ж ағына сүйену, әрине, оның мінез -құлқындағы кемшіліктер мен нашар жақтарын назардан тыс қалдыруға болатыныгн білдірмейді. Дегенмен, бұл кемшіліктерді тым бадырайтып, әр қадам сайын ескерте берудің жөні жоқ. Кемшіліктері көп ескерілетін балалар өздеріне түзелмейтін адам ретінде қарай бастайды. Олар өзіне, өз күші мен мүмкіндіктеріне деген сенімнен айрылады. Жағымды қасиеттерді тауып, оны тәрбиелік ықпал етудің сүйеніші ретінде пайдаланудың маңызы .

Ойын тілдің дамуына да зор ықпал тигізеді.Оқушының жеке басының дамуы үшін ойынның неғұрлым маңызды мәні бар.Ойын балаларды баурап алады.

Дидкатикалық ойын екі мақсатта қолданылады:

-оқу(танымдық)мақсатта

-ойын ойнау мақсатта

Дидактикалық ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып,ойлау қабілетін арттырумен қатар үйретілген тақырыптар сапалы меңгеруге үлкен әсер етеді.

Дидактикалық ойындар:Тақырыпты түсіндіру барысында,қайталау,пысықтау,жаттығу сабақтарында пайдаланады.

Бастауыш сынып оқушылары ойын баласы,сондықтан жалықтырмай әр түрлі ойын түрлерімен қызықты өткізуге тырысуы қажет мұғалім.

Халық ойындары:Біз қайда болдық?

Кім тез айтады?

“Ақ сүйек”,” Кім жылдам”?

Дәнен нанға дейін.

Киімді кім тігеді?

Бұл ғимаратты кімдер тұрғызған?,Еңбекке баулу,еңбек түрлерін тану.

Тақырып бойынша тақпақ,өлең,жаңылтпаштар,әңгімелер,жзұмбақ,мақал-мәтелдер,пайдалану қызығушылығын арттырады.

Қимылды ойындар:денені,бойын жазып,ақыл-ойын дамуына әсер етеді көңіл-күй артып,жүйкелері жақсарады.

Бастауыш сыныпта ойынмен баланың дене пішініжетіліп,жасаған қимылына сенімі артады.ойлау, тапқырлық қабілеті,ұстамдылық секілді қасиеттері ойын барысында дамиды.Мысалы:Адам несіз өмір сүре алмайды?

-Ауасыз,сусыз,нансыз,еңбексіз.

Дене шынықтыру пәнінде және сабақтан тыс уақытта ойындар өткізу мынандай кезеңдерден тұрады:

ОйындыЖаңа ойындыОйынды өткізу.Өткізілген ойынды талдау

ұйымдастыру.баяндау.қорыту.

Осы кезеңдерден жеке-жеке қарастырып көрейік.Әрбір ойын 3-4.бөлімнен тұрады. Егер де дене шынықтыру пәнін 45 минуттан өтетін болса, ол 4 бөлімнен тұрады.

1.Кіріспе бөлім (5мин).Бұл кіріспенің міндеті-ойынның қысқаша мазмұнымен таныстыру.Ойындардың аттарын атап,ережелерімен таныстырып,оқушыларды ойынға әзірлеу.

2.Дайындық бөлім(10мин)Мұнда оқушылардың дене құрылысын икемге келтіріп,негізгі ойынға дайындау.Осы бөлімде ұлттық ойында кездесетін кейбір жеке қимылдардың қайталатқызуға болады.

3.Нгізгі бөлім(25)Бұл бөлімде оқушыларғақазақтың ұлттық ойынын үйрету және олардың дайындықтары ескеріледі. Қазақтың ұлттық –ойынының әдіс-тәсілдерін үйрету арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу де кездеседі.

4.Қорытынды бөлім.Бұл бөлімде ойынды қорытындылап,оқушылардың ойын туралы ой-пікірін біледі.