Комплексті тәрбие қалай береміз.Осы тәрбиенің түрлерін қай уақыттарда бере аламыз.Сабақ үстінде қаншалықты деңгейде бере аламыз,сынып сағатында,сыныптан тыс кезде қалай береміз-осы мәселелерді рет-ретімен талдап түсіндіру.
Баланың моральдық бет-бейнесі ең алдымен оқу , ойын, қоғамдық пайдалы жұмыс кезіндегі әртүрлі қызмет процесінде және өзін қоршаған адамдармен қарым-қатнас процесі үстінде қалыптасады.
Төменгі сынып оқушылары адамгершілік білім беру кезінде белгілі бір жүйедегі мағлұматтарды игереді. Педагогтың міндеті мазмұны әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып балалармен қосыла талқылау кезінде олардың сипатын біріншіден күрделендіре түсу, сол арқылы оларды болып жатқан оқиғаларға адамгершілік тұрғыдан дұрыс баға беруге үйрету болып табылады.
Төменгі сынып оқушыларының түсінігінде жақсылық пен қайырымдылық дегеніміз- басқаларға көмекке келе білу жолдасқа деген жомарттық ықыластық деген сөз.
Адамгершілік нормалары жөніндегі білімдер оқыту процесінде, негізінен алғанда оқу және тіл дамыту сабақтарында хабарланады. К.Д.Ушинскийдің баланың адамгершілік жағынан қалыптасуына олардың кітап оқуының маңызды екенін атап көрсеткен. Көркем әдебиетте адамгершілік идеяларына байланысты аса бай материал бар. Төменгі сынып оқушылары кітап оқығанда ондағы кейіпкерлердің адамгершілік қылықтарына еліктейтін болады. Олар қайырымдылық пен жауыздыққа баға беруде турашыл және ымыраға келмейді, кітап кейіпкерлерімен бірге шындық пен әділеттілік үшін күресуге әзір тұрады.
Төменгі сынып жасындағы балалар адамдардың нақты әрекеттерінің адамгершілік жақтарын бірдей түсініп кете бермейді. Сондықтанда балаларды қоғамдық өмір құбылыстарына мұқият болып , дұрыс байқауға арнайы түрде баулып үйрету өте маңызды.
Кинофильмдер қоғамның күнделікті өмірі үшін оқушы ұжымының өмірі үшін де қажетті этикалық нормаларды қаыптастырудың қайнар көзі . Балалар өз құбылыстарына арналған фильдерді қашанда рахаттана көреді, мұндай фильдер олардың бойында айқын әсерлер , терең толқыныстар тудырады.
Оқушылардың адамгершілік мағлұматтары балалардың өзара қарым –қатынасын реттеуге көмектеседі, соның нәтижесінде балалар ұжымының қоғамдық пікірі қалыптасады. Балалар өміріндегі өзгерісті кезең мектепке бару , осы кезден бастап оның негізгі ісі оқу болады. Ал оқу дегеніміз- үлкен еңбек. Психологтар былай деп атап көрсетеді: төменгі сынып оқушылырының өсіп жетілуінің негізгі қозғаушы күші оқушының жеке басына , оның ықылас ілтипатына , есте сақтауына , ойлауына және психикалық жету деңгейіне оқу жұмысының, мұғалімнің ,ұжымның қоятын талабына байланысты .Бастауыш мектеп жасында адамгершілік мінез-құлық ережелерін бойына сіңіреді.
Төменгі сынып оқушыларында жоғары нерв қызметінің технологиялық ерекшеліктері көрініп , кейіннен оның өзі өмірде қалыптасқан мінез-құлықтың үйреншікті формалары мен бүркемеленеді. Ұялшақтық ,тұйықтық ,нерв жүйесінің әлсіздігінен :албырттық,төзімсіздік тежеу процесіне қойылатын талаптар.
Тәрбие үрдісінде адамгершілік құндылықтарын ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтамас бұрын ,шарттар ұғымының мәнін ашу керек. Шарт дегеніміз-белгілі бір объектінің туындауы, өмір сүруі экономикалық әлеуметтік саяси ,рухани жағдайлар оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың –уақыттың ,оқу материалдық ,рухани психологиялық ,эстетикалық мектеп гигиеналық шарттарын негіздейді .
Сондықтан оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың деңгейі мына төмендегідей педагогикалық шарттарды ескеріп сақтағанда ғана көтеріледі.
- Тәрбие үрдісі оқушылардың адамгершілік құндылықтарды игеруіне бағыттасса.
- Оқушылар адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында рефлективтік іскерлік дағдыларын игерсе.
- Оқушылар мен тұлғаның және әлеуметтік мәні бар адамгершілік құндылықтарды өз іс-әрекетінде ,мінез- құлық пен тіршілік әрекетінде көрсетеді.
Адамгершілік тәрбиесі -үзіліссіз жүргізілетін үрдіс, ол адамның өмірге келген күннен бастап өмір бойы жалғаса береді.
Адамгершілік тәрбие берудің негізгі мазмұнын патриотизм және интерноционализм ,гуманизм еңбекке және қоғамдық меншікке көз-қарас тәртіптілік және ұйымшылдық принципиалдық және өзіне сын көзіңмен қараушылық жоғары жауапкершілік және қоғамдық парызды сезінушілік сияқты моральдық қасиеттерді қалыптастыру құрайды. Оларды қалыптастырудың алдында қрапайым мінез-құлық дағдыларымен әдеттерін меңгеру ,өзін көшілік бойында ұстай білуге бойға сіңіру , қоғамдық тәртіппен тәлімді сақтау тұрады. Мектеп оқушыларына еңбек сүйгіштік пен әділеттілік , қарапайымдылық пен сыпайылық , үлкенді сыйлаушылық пен кішкентайларға қамқоршылық сияқты адамгершіліктің өте қарапайым нормаларын сіңіру қажет.
Ақыл- ой тәрбиесі процесінде интеллектуалдық қызметке деген ынтаны дамыту едәуір орын алды.
Ақыл –ой тәрбиесінің мазмұнын табиғат ,қоғам және адам туралы, қазіргі кездегі өндірістің негіздері жайлы білімдер құрайды. Мектеп ең алдымен ең жаңа және дұрыс білімдермен қаруландыруы тиіс. Немістің прогресшіл педагогы А.Дистевегтің айтуынша , дұрыс білім алмау білмеуден де жаман. Ақыл-ой тәрбиесі мазмұнына сондай-ақ дербестік ,инициативалық , байқағыштық, алға қойған мақсатқа жетудегі табандылық сияқты қасиеттерді бойға сіңіру жатады. Мұның бәрі ақыл-ой қызметінің белсенділігін арттыруға, білімдерді берік те тиянақты меңгеруге жағдай жасайды. Ақыл-ой тәрбиесі мазмұнында қабылдау, ес , елес, ойлау, сөйлеу, көңіл бөлу сияқты психологиялық процестерді дамыту едәуір орын алады. Білімге деген тұрақты ынтаны ,білімді толықтырып отырудың да маңызы зор. Н.К.Крупская 1922-жылдың өзінде 1-сатыдағы мектептердің міндеттерін аша отырып, былай деп жазды :” Мектеп ең алдымен балада айналадағыға деген талпынысты , белсенді ынтаны жаратылыстану саласында да құбылыстарға деген және фактілерге деген зерттеушінің ынтасын ояту тиіс.”
І сатыдағы мектептің тәрбиелік екінші міндеті –баланы өз ойында пайда болған сұрақтарға жауапты кітаптан ,ғылымнан іздеуге үйрету. Балалық шақтағы білуге құмарлық пен талаптылық білімді жақсы меңгеруге көмектесіп қоймайды, ақыл-ой қуатының дамуына жәрдемдеседі.
Ақыл-ой тәрбиесінің маңызды міндеті –ақыл-ой қызметіне ,білімді үнемі молайтуға қажеттілікті дамыту.
Мектептегі жылдарда тек есті ғана емес, ақылды да жаттықтыру керек. Өз бетімен ойлай білуді , тапқырлықты алған білімді ой елегінен өткізе білуді дамыту – ақыл-ой тәрбиесінің өте маңызды міндеті. Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұнына тек біліммен ғана емес оны іздеу мен практикада қолданудың әдістері мен қарулану да енеді . Оқушылардың бойына оқу іс-әрекеттерінде және күнделікті өмірде білімді өз беттерімен игеру және қолдану іскерліктерімен дағдыларын сіңірудің , олардың білімін үнемі толықтырып отыру қажеттілігін дамытудың , өз бетімен жүйелі түрде білім алып отыруға үйретудің маңызы зор.