Студенттерді тәрбие жұмысының түрлерімен таныстыру .Тәрбие жұмысын жіктеп топтпастыру жолдарын үйрету,оны таңдап алу мәселелері.Шығармашылық іс-әрекеттің қажеттігінайту.Ұжыммен бірлікте ұйымдаса отырып шығармашылықпен айналысудың тиімді жақтарын түсіндіру.
Мұғалім үнемі балаға талап қою әдісін қолдана бергеннен гөрі оған еркіндік бере отырып, тәрбиеленгені жөн. Әрине, баланың кім немесе қалай болып өсіп келе жатқаннан қоғамның мән бермеуіне болмайды. Алайда мұғалім өзінің іс-әрекеті арқылы баланың жақсы болуына өзін ұмтылдыруы қажет.Тәрбие- балада адамгершілік, әлеуметтік негіздерді қалыптастыратын өнер . Адамның өзіндік санасы оның тәртібін реттеп отырады. Сонда ғана тәрбиеде жетістікке жетеміз.
Қазіргі кезеңде тәрбие іс-әрекетіндегі негізгі бағыттар мыналар :
А)Жас ұрпақтың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Ғылыми дүние танымды қалыптастыру үшін жеке тұлғаның қоршаған табиғат, әлеумаеттік орта , өзі және өзінің іс-әрекеті туралы көз қарастар мен сенімдердің жүйесін қалыптастыру керек. Адамның дүниеге көз қарасы – оның барлық өмірінің идеялық бағытын , іс-әрекетін , тәртібін айқындайтын ең маңызды буын. Дүние танымды қалыптастыруды негізі мектепте әрбір пәнді оқыту және тәрбиелік шараларды өткізу арқылы қаланады.
ә) Ақыл-ойын дамыту және жалпы мәдени деңгейін көтеру ,қазіргі тәрбиеге байланысты қойылып отырған маңызды талаптардың бірі-оқушылардың ойлау,танымдық,шығармашылық қабілеттерін ,ақыл ой мәдени еңбегінің деңгейін көтеру. Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұнына табиғат, қоғам және адам , қазіргі өндіріс туралы білімдер енеді. Немістің прогресшіл педагогы А.Дистербег “ақиқат емес білім білімсіздіктенде жаман –деген.
Ақыл –ой тәрбиесін беру мазмұнына психикалық процестерді, ес, қиял, ойлау, сөз, зейінді дамыту енеді. Пікір сайыстар , кітаппен жұмыс, зерттеу жұмыстары баланың ақыл-ойын дамытады.
Мектептердегі тәрбие процесінің алдында тұрған басты міндеттер оқушылардың танымдық, шығармашылығын дамытатын ойындар, шралар, іс-әрекеттерді кеңінен ұйымдастыру болып табылады. Мектепте алынған білімдердің кейбірі уақыт өте ұмытыла бастайды, сондықтан оқушыларды өз беттері мен логикалық ойлауға , кез-келген құбылысты талдай және түсіне білуге үйретуіміз қажет.
Б) Оқушылардың бойында адамгершілік , сапалық қасиеттерді қалыптастыру. Жалпы адам бойында 1842 сапслық қасиеттер болса , оның 187-сі бастауыш сыныпта қалыптасуы тиіс.
Оқушылардың бойында төмендегідей ел жандылық , ұжымшылдық , шыншылдық, тәртіптілік, өз борыщына адалдық, ұйымшылдық т.б. Сапалық қасиеттер қалыптастыру адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына жатады.Көптенген мектептерде мінез-құлық мәдениетіне арналған арнайы сабақтар, мысалы “әдеп сабағы жүргізіледі .
Адамның жоғарысапалық қасиеттерінің бірі –елжандылық. Елжандылық бала күнінен , туған туысқандарға, туған өлкеге, табиғатқа, дәстүрлерге сүйіспеншіліктен басталады. Адамның бәріне ортақ осы сезімдер арқалы Отанға сүйіспеншілік қалыптасады. Отанымыздың еңбек және жауынгерлік тарихына балалардың оң көз қарасын тәрбиелеу маңызды міндет болып табылады.
В) Еңбек тәрбиесі мен оқушыларға кәсіби бағдар беруде тәрбие саласындағы негізгі міндеттердің бірі. Қазақстан Республикасының Конститутциясында еңбек ерікті делінген. Баланың жас кезінен бастап , “еңбек ету менің ең бірінші қажеттілігім ‘’деп сезінуіне үйретуіміз қажет.Адам тек еңбек арқылы ғана жарқын болашаққа ,жақсы өмірге ие болады.
Г) Дене тәрбиесінің міндеті-жеке тұлғаны дамыту ,салауатты өмір сүре білуге баулу.Ел басшысы Н. Назарбаевтың басшылығымен қабылданған 2030 стратегиялық бағдарламасы жас ұрпаққа салауатты өмір сүруді үйрату міндетін қойды. Дене тәрбиесі ерік-жігерді , тәртіпті , батылдықты, белсенділікті, өз Отанын қорғауға әзір тұратын адамдарды тәрбиелеуге көмектеседі.
Дене тәрбиесі оқушыларды қоғамдық және жеке гигиеналық дағдыларға үйретеді. Жеке тұлғаның қалыптасу , дамуының негізгі факторлары : қоғамның материалдық-техникалық базасы , тұрмыстық жағдайы , табиғи орта, тұқым қуалаушылық негіздері , жастар, балалар ұйымдары, жанұя, қоғам, ақпарат құралдары, мектептен тыс мекемелер.
Д) Жеке тұлғаның дамуына қоғамның материалдық –техникалық базасының әсері. Біздің қоғамымыздың материалдық-тұлғалық базасы демократиялық қоғамдағы нарықтық кәсіпке даярлау мектебінен басталуы тиіс.
Е) Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әр халықтың әдет-ғұрпы , дәстүрі оның тұрмысындағы ерекшеліктерінің әсері. Қазақстан Республикасының демократиялық қоғам құруы, өз алдына мемлекет болып тәуелсіздік алуы Қазақстанда тұратын барлық халықтардың тұрмысына үлкен өзгерістер енгізді. Халқымыздың ғасырлар бойы жинаған рухани байлығы , салт- дәстүр, әдет –ғұрпы өмірге қайта келуі де тұрмысымызға сән бере бастады.
Ж) Табиғи ортаның адамның дамуына , қалыптасуына әсері. Мысалы, солтүстікте тұратын халықтардың жай ,байсалды, орнықты, ал оңтүстік халықтары қызу қанды болатыны белгілі.
Халқымыздың ұлы ойшыл ақыны Абай мен Ыбырайдың табиғат туралы өлеңдеріне зер салсақ , табиғаттың адамға қаншалықты әсері бар екендігін түсіну қиын емес.
Шығармашылық шараларды ұйымдастырудың мынандай маңызды жақтары бар.
1.Балалардың өз өмірін өздері басқара білуге сенімін қалыптастыру.
2.Оқушылардың ойлауын, қиялын дамыту.
- Оқушыларды өз беттерімен шешім қабылдауға үйрету .
- Бала бойындағы қорқыныш , үрей сезімдерін жойып, өзіне деген сезім туғызу.
- Оқушыларды әртүрлі өнер саласына баулу .
6.Оқушылардың күлкі, юморлық сезімдерін дамыту.
- Бала бойындағы рухани күшінің басым жақтарын байқату.
Әрбір істе балаларға өз шығармашылығымен қатынасуына , ізденуіне мүмкіндік беруіміз керек. Бала ойы таза шындықтан құралады. Бала тазалыға жай аңқаулық емес. Кейде үлкендер бала жан дүниесіне өзінің ой жүйесін күштеп ендіріп , бала психикасына әсер етеді. Баланың әр істеген шығармашылығы – үлкен жетістік. Әрбір педагог өз тәжірибесімен бала күш –қуаты шығармашылығын біріктіруі қажет.
Ұлыттық ойындар халық педагогикасының бір саласы Ол сандаған ұрпақтың керегіне жарап,оларды өмірге әзірлеу қажеттігін өтеген,сыннан өткен сенімді тәрбие құралы.Халқымыз ойындарға тек балаларды алаңдату,ойнату әдісі деп қарамай жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарының .мінез-құлқының ,қырағылығы мен тапқырлығының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған.математика сабағында ұлттық салт-дәстүр мазмұнды есеп ойындарын пайдалану оқушылардың тапқырлығын,ой-өрісін жетілдіреді. Ойынның мазмұны мынадай болуы мүмкін:
Үш бала асық ойынынан кейін үйлеріне қайтып келе жатты.
-Үшеумізде он оннан асық бар еді.
Енді кімде қанша асық қалды?-деп сұрайды бірінші бала.
-Он қалыпты,-дейді екіншісі.
-Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен ,-дейді асықтарын түгелдеп қалтасына салғанүшінші бала.
-Ең көп ұтылған мен ғой,-дейді бірінші бала.т.б. Сабақтарда серпіліс ойындарының бірнеше түрлерін пайдалануға болады.Баршамызға белгілі ,ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады.Баланың бойында:ойлау,тапқырлық,шыдамдылық,ұйымдастырушылық,белсенділік қасиеттер қалыптасады.