Сынып жетекшісінің іс-әрекетінің қызметі мен бағыттары

Студенттерге сынып жетекшісінің жұмысының мазмұны.Сынып жетекшісінің құқы мен міндеттерімен таныстыру ,оқушылармен жұмыс істеу барысында ыңғайлы жолдармен таныстыру.

Мектеп өмірінде мұғалім-басты тұлға.Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды,сонымен бірге оларды тәрбиелейді.Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушы әрі ұстазы, ақылшы –кеңесшісі болып саналады.сондықтан да ол қиын әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде тараса, ал басқалары он негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады .

Олай болса,сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру ,тірбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өмірінде мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызық ұйымдастыруға тырысады.

Сынып жетекшісінің міндеті-сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологияның иазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етюді.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?

1.сыныптағы оқушылардың талар-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін Жан-жақты зерттеп білу

2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап,оларды ынтымағы жарасқан,белсенді,саналы ұжымға ұйымдастыру.

3.сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеб әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру,оқйшыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.

4.Тәрбие үрдісінде мектептің,отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

5.Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап ,отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу,насихат жұмыстарын жүргізу.

6.оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

7.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелаеудің бірлігін қамтамасыз ету.

8.Тәрбие қызметінің тұтастығын ,жүйелілін,тәрбиелікщаралардың бірлігін қамтамасыз ету.

9.Тәрбиенің негізгі бастауы-ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру т.б.

Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады.Ол тек XIXғасырдың 70 жылдары ғана пайда болды.

Сынып жетекшісіне қойылатын талап тар:

1.Жоғары моральдық бедел;

2.Педагогикалық шеберлік

3.Кең мәдени ой-өріс,

4.Педагогикалық әдептілік

5.Балларға деген сүйіспеншілік пен құрмет.

6.Ұйымдастырушылық дағдылардың болуы

7.Тәрбие жұмысына творчестволвқ табыс.

8.сынып жетекшісінің мамандығын арттыру.

1.Тәрбиеші өзі тәрбиелі болу керек .Ол өз шәкірттері бойына дарытқысы келген жоғары моральдық қасиеттерге ьөзі де ие болуы қажет. Егер сынып жетекшісі өз оқушыларынан тәртіпті мінез-құлықты талап етіп,ал өзі мектепте тәртіпті бұзатын болас ,онда оның талаптары көздеген мақсатқа жетпейді .

2.педагогикалық шеберлік өз пәнін терең білуді ,тәрбие мен оқытудың заңдылықтарын түсінуді көздейді.А.С.Макаренкобалаларды тәрбиешінің сенімді әрі айқын білімі,білгірлігі,қолынан келмейтіні жоқ ісмерлігі,аз сөздігі,жұмысқа әрдайым әзір тұратыны, қызықтырады деп атап көрсетті.

3.Сынып жетекшінің күрделі қызметі мен міндеттері одан жоғары мәдениетті,мәдени ой-өрісін әрдайым кеңітіп тұруды талап етюді.Жас өспірімдер мен жастар білуге өте құштар .Олар жаңа кітап,жаңа кинофильм жөніндегі сұрақтарды жиі қояды. Олар біздің елімізде және шет елдерде не болып жатқаны қызықтырады .Егер сынып жетекшісі бұл талаптарды қанағаттандыратын болса,онда оның беделі мен ықпалы арта түседі.Егер мектеп оқушыдары өздерін қызықтырған мәселелерге жауап таба алмаза,онда олар тәрбиешіге деген се німі мен құрметін жоғалтады.

4.Педагогикалық әдептілік болған жағдайда мінез-құлықтың дұрыс бағытын табу және педагогикалық ықпалдың неғұрлым орынды шараларын қолдану оңай. Тәжірибелі тәрбиешілер әдетте кінәлау мен ақыл айтқыштықпен шамадан тыс әуестенбейді:Олар оқушының сабағы мен мінез-құлқындағы кемшіліктердің себептерін табандылықпен анықтайды және оларды жоюға бағытталған көкейге қонымды кеңестер береді.Себебін білмеу,асығыс ойластырылған бағалар мен шешімдерге әкеп соғады.Тәрбиешінің ашу шақыруы көбіне оқушымен қарым-қатынасты нашарлатуға ,беделден айылуға әкеп соғады.Әдепті тәрбиеші бәрін өлшеп,аса сақтықпен және сыпайы гершілікпен қимыл жасайды.

5 Кімде-кім балаларды сүймесе,олардың нағыз тәрбиешілері де,үйретуші ұстазы да бола алмайды.

Тәрбиешінің балаларға деген се німі мен сүйіспеншілігі және сонымен бірге әділ де жоғары талап қоюы-осыған сай олардың оған деген сүйіспеншілігі мен шын құрметін туғызады.

6.Тәрбие қызметіне жаттандылық,кертартпалық,және сіре сіп қалаушылық жат.Тәрбие ісінде қандай да тұрақты,өзгеріссіз түрлер мен әдістеріне иек артыра болмайды .

Жаңаны іздестіру-бұл педагогикалық жұмыстағы басты нәрсе.

7.Сынып жетекшінің мамандығын арттырудыңмаңызды түрі-әдістемелік бірлестіктер.Оман мектеп директоры жетекшілік етеді.Әдістемелік бірлестіктерде нұсқау-әдістемелік сипаттағы баяндамалар мен лекциялар күн тәртібіне қойылып, талқыланады,сон дай-ақ оқушыларды зерттеу,т.б.мәселелерді ұйымдастыру жөніндегі тәрбие жұмыстарының, мамандық байдар беру жөніндегі жұмыстың тәжірибелерін алмасу ұйымдастырылады.

Тәрбиені ұйымдастырудың формалары.

Педагогикалық әдебиеттерде және тәрбие жұмысының практикасында тәрбиені ұйымдастырудың формаларын былайша топтастыру неғұрлым кең тараған болып табылады:а)жаппай немесе бұқаралық жұмыс;ә)жеке жұмыс; б)топтық немесе үйінме жүмыс.Сынып жетекшісінің жоспарында ,осы формалардың бәрі көрініс табады.

Мектептердегі тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың барлық сан алуан санап шығу қиын. ЗАТ мұғалімдер,тәрбиешілер тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа-жаңа формаларын ұдайы іздестіріп ,он практикаға ендіріп отырады.

1.Сынып сағаты.

2.Сыныппен жаппай жұмысты ұйымдастырудың басқа формалары.

3.Оқушылармен жүргізілген жеке жұмыс.

4.Актив пен және оқушылардың жеке топтармен жұмыс.

5.Үйірме жұмыстарына қатыстыру.

6.Сынып бұрыштары.

.Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы біріңғай ұйымдастырушылық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол оқушының Жан-жақты нәтижелі дамуын,соған сәйкес тәрибе міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және он жүзеге асыруды қамтамасыз етюді.

Ол негізінен 3 бағытта жүзеге асады.

1Оқушыға тікелей ықпал жасау:

-оның дара даму ерекшелігін ,қызығушылығын,қоршаған ортасын танып білу;

-тәрбие ықпалын алдан-ала болжау, жобалау;

-жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге асару;

-тәрибе ықпалының нәтижесіне талдау жүргізу;

2.Тәрбиелеу ортасына жадай тудыру;

-оқушылар ұжымын қалыптастыру;

-онда жағымды көңіл-күйді қалыптастыру;

-оқушыларды әлеуметтік әрекетке қатыстару;

-оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту;

3.Баланың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әр түрлі субъектілергекөмектесу,бақылау жасау;

-отбасына әлеуметтік қолдау көрсету;

-мұғалімдер ұжымының өзара педагогикалық әрекетіне қолдау көрсету;

-бұқаралық ақпаратқұралдарының балаға ықпалын бақылау;

-мектептен тыс тәрбие мекемелерімен өзара бірлескен іс-қимыл жасау.

Сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі негізінен4 кезеңнен тұрады:

1.Педагогикалық процесті Алдан-ала болжау.

2.Өткен оқу жылы қорытындысының нәтижесіне талдау жасау.

3.Тәрбиенің мүмкіндіктерін жобалау.

4.мақсатты анықтауда пән мұғалімдері мен оқушылар және ата-аналардың өзара бірлескен әрекетін ұйымдастыру.