- Бастауыш мектепте бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға көркемдік білім беру ісі сыныптан мектептен тыс жұмыстарда жалғастырылады. Бейнелеу өнерінің мүмкіндіктері арқылы жүргізетін сыныптан тыс жұмыс жүйесі бірнеше түрлерге бөлінеді.
Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі — кескіндеме, графика, сәндік қолданбалы өнер, мүсін шығармаларының репродукциясын қолдану арқылы оқушыларға көркемдік білім беру мақсатындағы әңгіме сабақ өткізу. Мұндай әңгіме сабақтар оқушылардың қызығушылықтарынан туындаған ұсынысымен немесе мұғалімнің белсенділік көрсетуі негізінде өткізіледі.Мұндай сабақтардың тақырыптары «Шоқанның суреттері», «Сөзбен сипаттау арқылы салынған портрет шығармалары» т.б. болуы мүмкін.
Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі — бейнелеу өнерінің таңдаулы өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін оқушыларға таныстыру арқылы эстетикалық тәрбие беру мақсатын көздейтін сыныптан тыс әңгіме сабақтарын өткізу. Мұндай сабақтар тарихи өлкетену мұражайында немесе өнер мұражайында ұйымдастырылады. Бұл әсіресе оқушыларды мұражайдағы сәндік қолөнер бұйымдарымен, олардың ежелгі үлгілерімен таныстыру бағытын көздейді.Бұл жерде көркем бұйымдарды бір бірімен немесе кәзіргі үдгілерімен салыстырып көрсету арқылы олардың әсемдік талғамын дамытуға назар аударылады.
Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі — сәндік қолданбалы өнер туындыларының көне үлгілерін таныстыру мақсатындағы өлкетану музейіне экскурсия жасау. Мұндай экскурсия кезінде мұғалім оқушыларға ағаш өңдеу, металл өңдеу, жүн өңдеу, тері өңдеу, қыш арқылы жасалған заттарды көрсетеді. Сонымен қатар тоқу, кесті тігу, киім кешек тігу, ою өрнектер жасау үлгілерімен оқушыларды таныстырады. Олардың көркемдік ерекшеліктеріне назар аударады.Түстерінің формасының,тұтыну қажеттігіне талдау жасалады.
Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі — Қазақстан суретшілер одағының мүшесі болып табылатын, таңдаулы өнер шеберлеріменен мектепте кездесулер ұйымдастыру. Суретшілермен кездесу өткізу үшін мұғалім суретшімен алдын ала кездесу туралы келісімге келіп, уақытын, орнын, қандай туындыларды оқушыларға көрсетуге болатындығын ойластырады. Мұнан соң кездесу кезінде мұғалім суретшінің өмірі мен шығармашылығы туралы оқушыларға қысқаша мәліметтер береді. Онан соң суретшімен әңгіме онан әрі жалғасады. Суреттерінің салыну тарихы ізденістері туралы әңгіме қозғалады. Ол оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап береді.
Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі — оқушының өзі тұратын ауылындағы, қаладағы тарихи ескерткіштерге, мемориалдық даңқ кешендеріне, монументалдық көрнекті безендіру жұмыстарына саяқат жасату.Бұл үшін саяқат жасау нысандары алдын ала таңдап алынады. Бұл нысан көркем мүсіндік ескерткіш немесе тарихи көлемді нысан болуы мүмкін. Бұл іс шараны ұйымдастыру арысында мұғалім белгілі нысанның тарихына, нысанның көркемдік ерекшелігіне мән беріп, оқушылардың назарын формаларының бірлігіне композициялық құрылымына назар аударады.
Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі — суретшілердің көрмесіне, жеке суретшілердің белгілі бір мерейтойына арналған есеп беру көрмесіне экскурсия жасау.Бұл көрмеде мұғалім оқушылардың назарын суретшінің даралық сипатына аударады. Оның бейнелеу өнерінің қай саласымен айналысатына назар аудара отырып, оның шығармашылығаның даралық сипаты ашап көрсетіледі.
Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі — суретшіменмектепте кездесу өткізу. Бұл кездесудің бағдарамасында, көрме, қабырға газетін шығару, сұбхаттасу, картиналарды немесе көркем бұйымды талдау, суретші әңгімесі, кино немесе видео фильмдер көру сияқты іс шаралар ұйымдастырылады.
Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі — өнер шығармаларының репродукциясынан, оқушылардыңбейнелеужұмыстарынан, суретші-педагогтардың шығармашылық еңбектерінен кұралған бейнелеу өнері көрмесін мектеп көлемінде ұйымдастыру болып табылады..
Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі — оқушылардың бейнелеу өнері жайлы түсініктер шеңберін арттыру үшін бейнелеу өнерінің терминдерінен құралған иллюстрациялардан құралған монтаж ұйымдастыру.
Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі — мектеп көлемінде бейнелеу өнері туралы кеш өткізу. Мұндай кештің бағдарламасында, қабырға газетін шығару, көрме ұйымдастыру, өнер туралы әңгіме өткізу, фильмдер көрсету, баяндамалар жасау, викториналар ұйымдастыру жұмыстары атқарылады.
Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі — өлкедегі архитектуралық құрылыстардың көркемдік ерекшелігін таныстыру мақсатын көздейтін экскурсиялар ұйымдастыру. Сәулет өнерінің туындыларын оқушыларға таныстырудың ұтымды жолы – балаларды экскурсияға апару. Экскурсия кезінде архитектуралық ескерткіштерді оқушыларға таныстыру мына бағытта жүргізілгені жөн: ескерткіштің аты, көлемі, салынған уақыты туралы мәліметтер беру; құрылыстың нобайына талдау жасау (қандай табиғат заттарына ұқсастығы бар, қандай геометриялық дене жиынтығына ұқсас); көркемдеу элементтері қандай.
Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі — бейнелеу өнері мен суретшілер туралы видеофильмдер мен кинофильмдер көрсету. Мұндай іс шарадан оқушылар суретшілердің өмірі мен шығармашылық қызметі туралы терең білім алуына мүмкіндік беріледі.
Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі — мектеп көлемінде бейнелеу өнері туралы апталық өткізу. Бейнелеу өнері туралы апталық өткізу бір аптаға Лекция жоспарыланады. Апталық мазмұнында бейнелеу өнері туралы әңгіме өткізу, суретшілермен кездесу ұйымдастыру, мұражайға саяхатқа апару, өнер туралы киофильмдер көрсету, өнер шебері өмірі мен оның шығармашылығы туралы лекциялар оқу, бейнелеу өнері туралы кеш өткізу жұмыстары апта бойына әр күнге бөліп Лекция жоспарыланып өткізіледі.
Бейнелеу өнерінің шығармашылығы арқылы орындалатын жұмыстар мұғалімге мынандай міндеттерді жүктейді:
— оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру;
— саналылық пен белеенділік қабілеттерін тәрбиелеу;
— еңбекке халық мұрасына деген оң қатынасын тәрбиелеу;
— эстетикалық мәдениет негіздерін тәрбиелеп, көркемдік талғам мен қабілетін дамыту;
— қоғамдық өмір шындығындағы әсемдікті қабылдауға тәрбиелеу;
-өнер шығармаларын қоғам қажеттігі тұрғысынан бағалай білуге үйрету;
— патриоттық және елжандылық тәрбие беру.
— еңбек, өнер адамдары, ғалымдар туралы түсініктерін кеңейту, талант пен еңбек туралы түсініктерін дамыту;
— суретшілер өмірі мен қызметі үлгісінде оқушыларға тәрбие беру;
— оқушылардың бір бірін сыйлауы, оқушы ұжымындағы мүшелердің өзара қатынастағы адамгершілік қатынастарын қалыптастыру;
— оқушыларды Қазақстан қарулы күштерінің Қазақстанның ерлік пен еңбек дәстүріне тәрбиелеу;
— мектеп мұғалімдеріне, суретші мамандығына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;
Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бәріне ортақ мақсат– оқушылардың әсемдік сезімдерін, талғамдары мен көз-қарастарын дамыту болып табылады.