Қайта өрлеу дәуіріндегі Ченнино Ченнини, Леон Батист Альберти, Леонардо да Винчи оқыту жүйелері. Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері бейнелеу өнері теориясын қайтадан жетілдірді. Сурет проблемасымен мына шеберлер: Ченнино Ченнини, Леон Батист Альберти, Леонардо да Винчи жұмыс істеді. Суретшілер алдыңғы кезеңдегі жұмыс әдісін түсіну үшін антикалық мәдениетке көңіл бөлді. Олар табиғат көрінісін ғылыми түсіндіріп, ғылым мен өнер арасындағы байланысты бекітуге талпынды. Пропорция, перспектива, анатомияны білу өнер теоретиктері мен практиктеріне маңызды болды. Қайта өрлеу дәуірі суретшілері суреттің негізінде нұсқадан сурет салу болуы керек деген. Бұл ой барлық трактаттарда жазылды. Ченнино Ченнини «Байқа триумфальды арка арқылы өнерге апаратын жоғары жетекшің-ол нұсқадан сурет салу» деді. Леон Батист Альберти «Кескіндеме туралы үш кітап» кітабында кескіндеме, бояулар, бейненің кеңістікте орналасуы туралы айтты. Альберти суретті тура математика сияқты өзінің нақты заңдылықтары мен ережелері бар ғылыми пән ретінде қарастырды. Суретті оқыту әдістемесіне үлкен үлесті Леонардо да Винчи қосты. Леонардо да Винчи көп уақытты бейнелеу өнерінің ғылыми проблемаларына бөлді, анатомиялық зерттеулермен айналысты, адам фигурасының пропорционалды бөлшектену заңдылықтарын бекітті.
А.Дюрердің бас формасының (обрубовка) жалпы құрылымын талдау әдісі. Қайта өрлеу дәуірінің ұлы суретшісі А.Дюрер оқыту әдістемесі саласында да бізде үлкен бағалықты алатын өнер проблемалары туралы теориялық еңбектер қалдырды. Дюрердің ойынша өнерде тек сезім мен көрермен әсеріне сенуге болмайды, нақты тура ғылыми білімге сүйену керек: тек осы ғана суретшіге жұмыста нақты және сенімді табыс әкеледі. Әсіресе суретті оқыту үшін үлкен бағалықты Дюрермен ұсынылған форманы толықтыру (жалпылама) әдісі алды.. Осы әдісті өздерінің педагогикалық жұмыстарында ағайынды Дюпюи, Ашбе, П.П.Чистяков, Д.Н.Кардовский, кеңінен қолданған, біздің кезімізде де қолданылады.
Форманы толықтыру әдісі мынада. Бейнеге дұрыс перспективалық құрылым беру, мәселен, қол саусақтарын бейнелеу өте қиын. Қол формасын қарапайым геометриялық формаға дейін толықтырып, суретші тапсырманы жеңілдетеді, ол тек тәжірбиелі суретшіге жеңіл болмайды, сонымен қатар бастаушы суретшіге де жеңілдік береді. Нұсқаның қиын формасына талдау жасауда, мәселен адамның басы, Дюрер оны бейненің бастапқы кезде қарапайым геометриялық форма ретінде қарастыруды ұсынады, суретші мүсіншінің жұмыс алдында істегені сияқты үлкен форманы беру керек. Адам басының көлемді-конструктивті құрылымын бейнелейтін Дюрер суреті, форма талдауы мен оның құрылым заңдылықтары үшін классикалық үлгі болып табылады. Ол жалпы барлық жаңа оқу құралдарында суреттеледі.
Қайта өрлеу дәуірінің басқа суретшілері аз ойланған, Дюрерді сонымен қатар педагогиканың жалпы заңдылықтар, оқыту мен бала тәрбиесі ойландырды.
Қайта өрлеу дәуірінің суретшілерінің қызметінің маңызын айтсақ , олар сурет өнерінің теориялық негіз саласында үлкен жұмыстар жасады. Олардың перспектива сұрақтары туралы теориялық еңбектері, кеңістікте үшөлшемді заттардың бейне құрылымының қиын проблемаларын шешуге көмектесті. Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері бұл мәліметтерді бейнелеу өнері практикасында өздерінің ғылыми бақылауларында қолданды. Қазірдің өзінде олардың шығармалары көрерменді анатомия, перспектива, түстік-көлеңке заңдылықтарын білгенімен таң қалдырады. Осы күнге дейін Қайта өрлеу дәуірі өнеріне даналық қайнар көзі, білім және шеберліктің жоғары мысалы ретінде көңіл бөледі.
Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері кейінгі ұрпақ суретші-педагогтарға өнерді оқыту әдістемесінде дамудың дұрыс жолын көрсетіп және суреттің оқу пәні ретінде қалыптасуына үлкен үлестерін қосты. Бірақ оқу суреті ол кезеңде өзіндік мәнін алмады. Суретшілер дидактикалық проблемаларды бейнелеу өнері сұрақтарымен аз байланыстырды. Олар өз алдарына оқыту мен тәрбие жүйесін жетілдіру мәселесін қойған жоқ.Қайта өркендеу дәуірі бейнелеу өнерінің даму тарихында, суретті оқыту әдістеме саласында жаңа кезеңді ашады. Сурет мектеп курсына оқу пәні ретінде енгізілмеседе, Қайта өркендеу дәуірі суретті оқыту әдістеме теориясы мен оның жалпыбілімдік кәсіптік оқытылуына үлкен үлесін қосты. Осы кезеңнің суретшілер жаңадан бейнелеу өнер теориясын, сонымен қатар суретті оқыту әдістерін жетілдірді.