Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір — бірімен сабақтастығы

Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезендерін айқындаған А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс — әрекеттің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара -қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.

Бірінші кезенде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс — әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез — құлық нормасын үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдайларда бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін.

Бірінші кезең аяқталуы үшін мына мәселелерді еске алған жөн:

  • ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
  • ұжым іс — әрекетінің дамуы;
  • жеке адам арасындағы қарым — қатынас іскерлік және
    гуманистік қатынастардың пайда болуы;
  • барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының
    бөлінуі;

Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі оқушылардың ұжымдық іс — әрекетін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс — әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.

А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.

Екінші кезенде ұжым өзін — өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарыно көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс — әрекеттерін бақылау т.б.

Мұғалімнің қызметі — коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш қуатын нығайту.

Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципі қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.

Үшінші кезең — бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс -әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық (ұжымдық) пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір — біріне ілтипатты болу сияқты болымды қасиеттер пайда болады.

Оқушылардың ұжымын құру, ұйымдастыру және дамыту.

Ұжымды ұйымдастыруды неден бастау керек? Ұжым әлеуметтік жанды тұлға. Сондықтан А.С.Макаренко: «Дұрыс тәрбиелеудің бірден — бір жолы жеке адамды тәрбиелеу деп санамаймын, бүтін ұжымды тәрбиелеу деп санаймын. Өзім де 17 жасымнан мұғалім болдым, өзімде көпке дейін ең жақсысы — жеке оқушыны ұйымдастыру, соны төрбиелеу, екіншісін, үшіншісін, оныншысын тәрбиелеу, бәрі де тәрбиелі болған кезде олар жақсы ұжым болады деп ойладым. Ал кейін мен жеке оқушымен сөйлеспей-ақ бәріне айту керек, әрқайсысы амалсыз көпшілікпен ортақ әрекетте болатындай форма жасау керек деген қорытындыға келдім. Міне сонымен біз ұжымды тәрбиелейміз, оны шыңдаймыз, оны мықты етеміз, сонан кейін оның өзі үлкен тәрбиеші күш болып алады.» — деп ұжымды ұйымдастыруды неден бастау қажеттігін түсіндірген.

Қандай болмасын ұжымды ұйымдастыру негізі оның мүшелерінің қоғамдық ортақ мақсатқа бағытталған ісі болады.

Ұжым құруды мақсат ете отырып балалар ісін ұйымдастыруда ең алдымен педагогикалық міндеттерді шешу керек: іс — әрекетті тывдау және сол істің мақсаты мен мазмұнына балаларды қызықтыру.

Оқушылар ұжымы іс — әрекеттің әртүрлі саласында қалыптасады.(еңбекте, ойында, оқуда т.б).

Талап қою ережелерінің педагогикалық негізі — талаптың бір — бірімен байланыстылығы, талап қоюға дайындық, алдын — ала ұжым ережелерін зерттеп білу, бірінші күннің зор шешуші рөлін түсіну, талап түсінікті, нанымды балалар орындай алатын, нақтылы, жігерлі түрде айтылуы, біртіндеп қиындатылуы, әр талаптың орындалу жолдары жәнесенімді, дәйекті болуы өзделінеді.

А.С.Макаренко талап қоюдыең алғашқы кездесуді жалпы оқушылар жиналысын бастаудың пайдалы,нәтижелі екенін көрсетті.

А.С.Макаренко: «Өз тәжірибесінде мен өзімнің тәрбиеленушілеріме толық кең түрде, ешқандай жеңілдіксіз талап қойып та отырдым және мүлтіксіз, айқын, тікелей, үзілді — кесілді талап қою педагогиканың дұрыс заңы болуға тиісті деп санаймын» деген.

Белсенділер тобын іріктеп алып жұмыс жүргізу мұғалім, мектеп талабын іске асырудың негізгі мақсаты, іс — әрекетті ұжымның өміріне пайдаланудың басты жолы болып есептеледі. А.С.Макаренко ұжымды тәрбиелеуде сол ұжымнан шыққан ең алдыңғы топ — мықты активтің рөліне үлкен мән берген, активті ол педагогтардың ең жақьш тірегі ретінде қараған.

Белсенділер дегеніміз балалар мекемесіндегі пайдалы және қажетті резерв, бұл ұжымдағы ұрпақтардың орнын басады, коллективтің стилін, бейнесі мен дәстүрін сақтайды. Өсіп келе жатқан актив қоғамдық жұмыста оқу бітіріп кеткен тәрбиелеушілердің орнын басады, сөйтіп мекеменің біртұтастығы қамтамасыз етіледі.

Ұжым өмірінде жеке қатынас, өзара жауапкершілік қатынас және гуманистік қатынастың мәні. Қазіргі мектеп ұжымы бір — бірімен тығыз байланысты болатын екі ұжымның — педагогтар және оқушылар ұжымдарының құрамынан тұрады. Тұтас педагогикалық процесс барысында бұл ұжымдардың өзара байланысты әрі сабақтастық қызметі атқарылады.

Қазіргі жағдайда педагогикалық ұжымның негізгі міндеттері қоғамның мектеп алдына қойып отырған әлеуметтік талаптарына байланысты күрделеніп отыр.

Педагогикалық ұжымның ең негізгі тәрбиелік міндеттеріне мыналар жатады:

  • оқушыларды қайта құру ісіне белсенді қатысуға, негізгі әлеуметтік
    қызметтерді жауапкершілікпен орындау үшін мақсаттылыққа
    тәрбиелеу; оқушылардың рухани қажеттілігін және творчестволық
    қабілеттерін, интеллектуальдық потенциалын айқындау және
    дамыту;
  • оқушыларды талаптылық пен инициативаға, іскерлік пен саналы
    тәртіптілікке тәрбиелеу;
  • ұжымды демократияландыру, гуманитарландыру, оқушылардың
    өзін — өзі басқару принциптерін жүзеге асыру.
    Педагогиклық ұжымның жоғарыдағы аталған міндеттері оқушылар

ұжымымен өзара пікірлестік принципі болғанда ғана орындалады. Оқушылар ұжымы — өте күрделі, өзіндік арнайы құрылысы бар әлеуметтік бірлестік. Жалпы білім беретін орта мектеп жағдайында бірнеше оқушылар ұжымы болады: бастапқы ұжым, жеке — жеке сыныптар, жастар ұйымдары, бүкіл мектептік оқушылар комитеті. Оқушылардың талап — тілектері қызығушылығы мен бейімділігіне, мамандық бағыт — бағдарларына қарай әр салалы оқушылар топтары құрылады.

Оқушылардың өзін — өзі басқаруын дамыту, оқушылардың қоғамдық белсенділігін көтермелеу әрқашан мектептің өзекті міндеттерінің бірі болып келді.

Педагогика ғылымының теориясында оқушылардың өзін — өзі басқару проблемасы қоғамдық өзін — өзі басқарудың бір түрі ретінде қарастырылып, болашақ ұрпақты өмірге, еңбекке, қоғамдық жұмысқа дайындаудың маңызды жолы болып есептелінеді. Сонымен бірге өзін — өзі басқару проблемасы жайлы білім беретін мектеп жұмысының әртүрлі кезеңдерінде тұтас педагогикалық процесті жолға қоюдың неғұрлым сипатты ерекшеліктерін бейнелейтін өзіндік ерекшелікке ие болып отырды.

  1. Отбасында теріс әрекеттерді болдырмаудың жолдары.

Қазақ халқы өз ұрпағын жақсылыққа, инабаттылыққа, қайырымдылыққа, еңбек сүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелеген. Бұлар ата – бабаларымыздың тарихи дәстүрмен бірге жасаын куеле жатқан имандылық қасиеттер.

Қазіргі заманда оқыту мен тәрбиенің табысты болуы ата – аналардыңі тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне, ынтымақтастығына, отбасы мүшелерінің бір – бірін түсінушілігіне, өзара қарым – қатынасына, көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты.

От басында ата – аналар тарпынан үстемдік жағдайында балалардың өз бетімен іс — әрекетін жасауына жол берілмейді, өз өміріне немесе отбасына байланысты бірде — бір мәселені шешуге үй – іші кеңесіне қатыспайды.

Осының нәижесінде бала отбасында болып жатқан әлеуметтік өмірге, еңбекке, білімге, мәдениетке, саясатқа байланысты мәселелерге қатыспай сыртта қалады. Бұл жағдай баланың танымдық қабілетінің дамуына, рухани және адамгершілік қасиеттірінің қалыптасуына бөгет болады.

Теріс қылықтардың бірі — қақтығысулық. Бұл отбасы мүшелерінің арасындағы қайшылықтан туады.

Теріс қылықтарды болдырмаудың жолдары:

  1. Аномальды мұқтаждық – ішкілікке, анашаға құмарлықты, ұрлық жасау, төбелес т.б. болдырмау.
  2. Мейірімсізік, қаталдық, жалғандық, жалақорлық, өсекшілдік, өз қамын көздеушілік, өзімшілдік сезімдерді болдырмау.
  3. Ата — аналар және мұғалімдер жағдайының тұрақтылығы.