Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық ситуацияларға тәуелді. Мысалы, үйрету әдісі кіші мектеп жасындағы балалар тәрбиесінде жиі қолданылады. Үйрету әдісі арқылы балаларды мектепте, үйелменде әр түрлі іс — әрекетіне дағдыландыруға болады.
Тәрбие жұмысында әр баланың жеке даму ерекшелігін еске алған жөн. Демек, тәрбие жұмысын жаппай жүргізіп қана қоймай, онда балалардың дербес ерекшеліктерін де еске алу керек. Мысалы, сангвиник бала қиыншылыққа кездесе бастаған ісін аяғыма дейін орындамайды. Сондықтан оны үздіксіз, яғни тұрақты әрекет жасауға, тапсырманы толық орындауға үйрету қажет.
Ұжым толық қалыптаспаған, сүйеніші, яғни өмір тәжірибесі жоқ. Бұл жағдайда тәрбиеші балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Ұжым қалыптасқаннан кейін оқушылар белсенді тобы (активі) құрылады. Осыған сәйкес тәрбие әдісі өзгереді. Оқушылардың әдет-ғұрып, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру үшін үйрету, жаттықтыру әдістері қолданылады. Бұл әдістер оларды орындағыштыққа, кіші пейілдікке, ыждағаттылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Ұжымның ІІ-ІІІ даму сатысында қоғамдық пікір, тапсырма, пікірталас, өзін — өзі бақылау, өзіне — өзі баға беру т.б. қолданылады.
Тәрбие жұмысында моральдық ұғымдар элементтерін жете білмегендіктен түрлі жағымсыз әрекеттер де болады. Мұндай педагогикалық ситуацияда этикалық тақырыптарға әңгімелесу және лекция әдістерін пайдалану қажет\.
Сонымен, біріншіден, тәрбие әдістерін көмегімен оқушыларыдың әр түрлі іс — әрекеттері ұйымдастырылады, мақсатқа сәйкес бағытталады, олардың адамгершілік тәрбиесі байыйды; екіншіден, тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың дүниеге көзқарасы қалыптасады, олар қоғамдық өмірге қатысады, тәрбиенің әлуметтік мақсаты іске асырылады.
Барлық тәрбие әдістері бір – бірімен өзара байланысты, өзара тәуелді. Ешбір әдіс тәрбиенің универсальды құралы бола алмайды. Мысалы, оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу үшін көбінесе үйрету әдісі қолданылады, дедік. Егер ұжым адамгершілік мораль элементтерінің ұғымдарымен таныс боламса жеке адамның санасын қалыптастыру әдістеріен (әңгіме, әңгімелесу, пікірталас, лекция т.б.) пайдалану керек. Бұл ситуацияда пікірталас және әңгіме әдістерінен гөрі, этикалық тақырыптарға әңгімелеу немесе лекция әдістерін қолдану өте қолайлы. Егер оқушылар ұжымының адамгершілік нормасы жөнінде белгілі түсініктері болса, онда пікірталас немесе этикалық әңгімені қолданған жөн. осы әдістер бойынша адамгершілік нормасы туралы сөз ету, оқушыларға өз бетімен қортынды шығаруға, дұрыс баға беруге теріс көзқарастарды сынай білуге көмектескен жөн.
Барлық тәрбие әдістері бір – бірін толықтырады. әдістердің бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етеді, балалардың білімін, іскерлігін және дағдысын тереңдетеді; қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады; жалпы мәдениетін, ой өрісін кеңейтеді.
Пікірталастар – тәрбиеленушілерді қызықтыратын әртүрлі тақырыптарға арналған қызу пікір сайысы. Мұндай тәрбиелік әдіс орта және жоғары сыныптарда әртүрлі қоғамдық-гуманитарлық тақырыптарда қолданылады.
Өнеге-өрнек — өте күшті тәрбие әдісі. Бұл әдіс келесі заңдылыққа негізделеді: көру арқылы қабылданатын құбылыстар тез әрі ешбір қиындықсыз санада бекиді. Сонымен бірге кітаптағы, кинодағы бас кейіпкерлерді, тарихи тұлғаларды, атақты ғалымдарды, саяси майталмандарды т.б. өнеге ету үлкен тәрбиелік мәнге ие.
Талап – бұл тәрбиеленушінің белгілі бір іс-әрекетін тежеп не ынталандыып, жекелей қарым-қатынаста жоғарылайтын, баланың белгілі қасиеттерінің көрінуіне себепші әсер ететін тәрбие әдістерінің бір түрі.
Үйрету – бұл пәрменді жасалатын дағдыландыру. Тез және жоғары деңгейде керекті сапаны қалыптастыру қажеттілігі туғанда осы әдісті қолданамыз.
Жарыс – адамға, қоғамға қажетті сапаларды тәрбиелеуде оқушылардың табиғи, бәсекелестік қасиеттерін бағыттайтын әдіс. Жарысу әсіресе, үлгермеушілер арасында маңызды болып, олардың дамуы үшін қажет болған мақсатты ынталануға жол ашады. Жарысты ұйымдастыру оңай шаруа емес, ол тәрбиеленушілердің психологиясын толық білуді талап етеді.